Мазмұнға өту

Пигмалион (пьеса)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
  • Пигмалион

Пигмалион- 1912 жылы жазылған, Бернард Шоудың ең танымал пьесаларының бірі болып табылады. Пьесада сол кездегі терең де өткір қоғам мәселелері, тапқырлықтар мен демографиялық рух көрініс табады. Пигмалион пьесасы көптеген елдерде танымалдылыққа ие болған. Сонымен қатар, пьеса бүгінгі күні де үлкен табыстар әкелуде. Пьеса лондондық фонетика профессоры Генри Хиггинстың өзінің досы полковник Пекирингпен бәстесуі туралы баяндалады. Досының шарты бойынша, Хиггинс алты ай ішінде гүл сатушы Элиза Дутиллді оқытуы және жоғарғы сатылы қоғамға бейімделткізуі, сонымен қатар дүниелік тұрғыдан қабылдатқызуы және ол Элизаны герцогиня ретінде қарау керек болды.Пьесаның атауы ирониялық аллюзияның байырғы мифке, Афродита құдайының ғашық болған қызы, Пигмалион мүсініне негізделіп қойылған. 1938 жылы экранға шығару үшін Бернард Шоу көптеген үлкен жаңадан эпизодтар жазған болатын. Орыс тілінде кездестіре бермейтін эпизодтарды қазіргі ағылшын тіліндегі кітабынан көре аламыз.

  • Жазылу тарихы

1912 жылы 56 жастағы Бернард Шоу әлеуметтік-философиялық «Оружие и человек», «Ученик дьявола», «Цезарь и Клеопатра», «Человек и сверхчеловек» атты пьесаларының арқасында атағы шықты. 1897жылы Бернард Шоу Пигмалионды жазуды ойлай бастады. Бернард Шоу жаңа пьесасында өзінің бірнеше жыл бойы айналысып жүрген фонетика ғылымын кіріктіру туралы шешім шығарды. Оның ойынша өзге факторларға қарағанда Англияда әлеуметтік топтар көбірек және осы әділетсіздікті жойылуы керек. Сонымен қатар, осы кезде Бернард Шоу қоғамда «төменгі» және «жоғары» класстардың болмайтынын түсіндіргісі келді. Кейінірек әдебиеттанушылар «Приключения Перегрина Пикля» атты 18-ғасырдағы шотландық классикалық әдебиет жазушысы Тобиаса Смолеттаның романының «Пигмалионға» ұқсас екенін байқаған . Алайда Тобиасаның романында класстық барьера сәтсіздікке ұшырайды. Фонетика ғылымының профессоры Хиггинс мырза ретінде танымал ағылшын филологы Генри Суитті алған еді. Ол өзінің бір сөзінде пьесадағы Хиггинстің портреті Суит емес еді. Хиггинстің мінезі Суит мырзаға ұқсайтынын айта кеткен болатын. Шоу 4 айдың ішінде (наурыз-маусым 1912 жылы) пьесаны жазып болған еді. Пигмалиондағы Эльза атақты әртіс Степла Патрик Кэмпбеллге арналып, жазылған болатын.«Пигмалион» пьесасындағы кейбір эпизодтар Джерома Килтидің «Милый лжец» романымен ұштасқан. Пигмалионның алғашқы көрінісі 16қазан күні 1913жылы Вендік Бургтеатрда қойылған болатын.Оны көру үшін тіпті эрцгерцог Франц Фердинанд та келген. 1914жылы наурыз айының 24жұлдызында пьеса ағылшындық әлеуметке көрсетілген, бірмезетте 11сәуір күні лондондық театрда қойылған(Театр Её величества). Шоу қойылымға дайындыққа аса мән берді және әртістердің рөлін ойнау сапасына қарап, араласты. Барлық жерде пьеса үлкен сәттілік алып келді.Лондонда 1жылда 118рет қойылған.

  • Кейіпкерлер

 Элиза Дулиттл, гүл сатушы. Шоу оны келесі образбен сипаттайды: Оны ешқашан «сұлу» деп атауға болмады. Ол он сегіз-жиырма жаста болды және одан артық емес. Ол үнемі қара түсті сабаннан жасалған қалпақ киіп жүретін болды. Оның шашының түсі күнделікті табиғатта кездестіре бермейтін тышқан тәрізді түс болатын. Жирен түсті қара тізеге түсіп тұратын сыртқы киім, қыпша белді; сыртқы киімінен оның қоңыр түсті белдемшесі және кенеп алжапқышы анық көрінетін. Еш күмәнсіз оның тазайым адам екені көрінеді.  Генри Хиггинс, фонетика ғылымының профессоры. Ол өзінің аристократтық сөйлеу үрдісін байыту үшін оқи отырып, өз өмірі үшін табыс табады.Осы еңбегінің арқасын ол қоғамда өз орнын тапты. Автордың оған берген мінездемесі: Қатал, 40жастағы толыққанды дені сау ер кісі және ол ылғи заң адамдары немесе дәрігерлер киетін қара сюртук киіп, крахмалды жағасы бар көйлек және қара жібек галстук тағып жүреді. Ол барлық ғылыми зерттеуді керек ететін істерге қызығатын, оған қоса ғылымға энергияны көп қажет ететін адамдар санатынан еді. Сонымен қатар, ол өзіне немесе айналасындағыларға қатысты заттарға,оның ішінде өзгелердің сезіміне аса маңызды қарамады. Генри өз жасына және комплекциясына қарамай, өзінің барлық іске талпыныспен, мазасыздықпен қарауынан кішкентай балаға өте ұқсас еді. Ол жас бала секілді абайсызда қателік жасамас үшін, өзіне назар аудартқанды, үнемі өзгелердің өзіне қарап отырғанын қалады.

Дереккөздері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]