Мазмұнға өту

Коста-Рика

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Координаттар: 9°43′00″ с. е. 84°03′00″ б. б. / 9.71667° с. е. 84.05000° б. б. / 9.71667; -84.05000 (G) (O) (Я)
Коста-Рика Республикасы
ис. República de Costa Rica
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Еңбек пен бейбітшілік жасасын!»
Әнұран: «Himno Nacional de Costa Rica»
Тарихы
Тәуелсіздік күні 15 қыркүйек 1821 жыл (Испаниядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі испан тілі
Елорда Сан-Хосе
Ірі қалалары Сан-Хосе, Пунтаренас, Эредия
Үкімет түрі Президенттік республика
Президенті
Вице-президенті
Вице-президенті
Карлос Альварадо Кесада
Эмпси Кэмпбелл Барр
Марвин Родригес Кордеро
Мемлекеттік діні Католицизм
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 126-шы орын
51 100 км²
0,7
Жұрты
• Сарап (2016)
Тығыздығы

4 857 274 адам (123-ші)
220 адам/км² (107-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

92,415 млрд.[1] $
18,182[1] $
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

60,459 млрд.[1] $
11,895[1] $
АДИ (2017) 0,794[2] (жоғары) (63-ші)
Валютасы Коста-Рикалық колон
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .cr
ISO коды CR
ХОК коды CRC
Телефон коды +506
Уақыт белдеулері -6

Коста-Рика Республикасы (ис. República de Costa Rica [re̞ˈpuβ̞lika ð̞e̞ ˈko̞sta ˈrika]) — Орталық Америкада орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 51,1 мың км2. Халқы – 3,841 млн. адам (1999). Халқының 97%-ы креолдар мен метистер, қалғандары – негрлер. Астанасы – Сан-Хосе қаласы. Ресми тілі – испан тілі. Тұрғындарының көпшілігі христиан дінінің католик тармағын ұстанады. 1949 жылғы конституциясы бойынша мемлекет басшысы – президент үкіметті де тікелей өзі басқарады (1998 жылдан М.А. Родригес Эчеверрия). Заң шығарушы органы – Заң шығарушы ассамблея (57 депутаттан тұрады). Ұлттық мерекесі 15 қыркүйек – Тәуелсіздік күні (1821). Ақша бірлігі – Коста-Рика колоны. Ел аумағы 7 провинцияға бөлінген.

Жерінің көпшілік бөлігін Кордильера-де-Гуанакасте, Орталық Кордильера (Ирасу, Поас сөнбеген жанартаулары бар) және Кордильера-де-Таламанка таулары алып жатыр. Ең биік жері – Чиррипо-Гранде тауы (3820 м). Теңіз жағалаулары ойпатты келеді. Пайдалы қазындылардан темір, мұнай, боксит, алтын, күміс, күкірт кендері бар. Климаты субэкваторлық. Ойпатты бөлігіндегі қаңтардағы орташа температура 23С, шілдеде 25С, таулы аймақтарда салқын. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері шығысында 3000 мм, батысында 1000 – 1500 мм. Өзендерінің ағыны қатты келеді (ірілері: Сан-Хуан, Рио-Фрио). Территориясының 2/3-і орман және саванна (пальма, қызыл және алқызыл ағаштар өседі). Ормандарда маймыл, ягуар, жайра, т.б. кездеседі.

Испан отаршылары келгенше Коста-Рика жерін алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген үндіс тайпалары қоныстанған. Мұнда еуропалықтардан алғаш 1502 ж. Х.Колумб экспедициясы болды. 1513 жылдан бастап осы өлкеге басып кірген испандар 1560 ж. оны толығымен жаулап алып, Гватемала генерал-капитандығы құрамына енгізді. Қарсылық көрсеткен жергілікті халық түгелдей дерлік қырылды. 17 – 18 ғасырларда елдің ортлық бөлігіне испан шаруалары қоныс аударып келіп орналаса бастады. 1810 – 23 жылғы Америкадағы испан отарларының тәуелсіздік жолындағы күресі кезінде К.-Р. тәуелсіздік алып (15 қыркүйек, 1821 ж.), 1823 – 38 ж. Орт. Американың біріккен провинциялары федерациясының құрамына кірді. 1850 жылдан бастап ел экономикасы тез дамып, экспортқа ар��ап кофе мен банан өсіріле бастады. 1870 ж. елге шет ел капиталы кіріп, 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың бас кезінде Коста-Рика жері американдық “Юнайтед фрут компани” монополиясы бақылауына көшті. 1920 – 30 ж. елде халық қозғалысы күшейе бастады. Халықтың қысымымен үкімет 1942 ж. кейбір прогресшіл реформалар жүргізді. Бірақ ол шаралар жергілікті кертартпа күштер мен америкалық компаниялар тарапынан қарсылыққа ұшырады. Сөйтіп, 1948 ж. елде азамат соғысы болып, демократиялық күштер жеңіліске ұшырады. 20 ғасырдың 70-жылдары елдің әлеуметтік жағдайы күрт нашарлап, халық толқулары жиіледі, партизан қозғалысы пайда болды. 1986 ж. президент болып сайланған О.Ариас Орталық Америка елдерін бейбіт келісімге келуге шақырып, елеулі жұмыстар атқарды (сол үшін ол 1987 ж. Нобель сыйлығын алды). Бірақ ел экономикасы дағдарыстан шыға алмады.

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Коста-Рика – экономикасы орташа дамыған ел. Жылдық ұлттық байлығы – 9,3 млрд. АҚШ доллары шамасында, жеке адамға шаққанда 6140 доллар. Сыртқы қарызы – 3,8 млрд. доллар. Экспортқа банан, кофе, қант, какао, тоқыма бұйымдарын, теңіз тамақтарын, ет, тропикалық жемістер, т.б. шығарады (экспорттың 44%-ы АҚШ-қа тиесілі). Импортқа тұтыну тауарлары, өнеркәсіп тауарлары, құрал-жабдықтар әкелінеді (импорттың 42,1%-ы АҚШ-тан тасылады). Соңғы жылдары туризм өте тез дамып келеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Жапония, Венесуэла, Германия, Италия, Гватемала, т.б.

Қызықты деректер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 1948 жылғы 44-күндік азаматтық соғыстан кейін бұл мемлекет Армиясын 1949 жылы таратып, одан бері еш қақтығысқа қатыспайды[3][4][5].
  • Коста-Рикада әр өз баспанасы жоқ жас отбасыларына тегін үй салынып беріледі (тек осы ел азаматттарына)[6].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b c d Costa Rica. International Monetary Fund (April 2019). Тексерілді, 1 мамыр 2019.
  2. 2018 Human Development Report. United Nations Development Programme (2018). Тексерілді, 14 қыркүйек 2018.
  3. El Espíritu del 48 Abolición del Ejército (Spanish). Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 тамыз 2011. Тексерілді, 9 наурыз 2008.
  4. Costa Rica. World Desk Reference. Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 тамыз 2011. Тексерілді, 9 маусым 2009.
  5. Costa Rica. Uppsala University. Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 тамыз 2011. Тексерілді, 9 маусым 2009.
  6. Самая счастливая Коста-Рика! the-village.ru