Мазмұнға өту

Витторио Поццо

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Витторио Поццо
Vittorio Pozzo
Туған күні

2 наурыз 1886 (1886-03-02)

Туған жері

Турин, Италия

Қайтыс болған күні

21 желтоқсан 1968 (1968-12-21) (82 жас)

Қайтыс болған жері

Пондерано, (Италия)

Азаматтығы

Италия Италия

Ұлты

итальян

Қызметі

Футболшы, футбол жаттықтырушысы

Витторио Поццо (итал. Vittorio Pozzo; 2 наурыз 1886 жыл, Турин21 желтоқсан 1968 жыл, Пондерано), италиялық футбол бапкері. Италия құрамасын екі рет (1934, 1938) әлем чемпионы атандырған. Екі рет қатарынан әлем чемпионы атанған әлемдегі жалғыз бапкер.

Ата-анасы оның футболшыдан гөрі білімді азамат болуын қалаған екен. Витторио сабақты жақсы оқығанмен, футбол атты ойынмен танысқан соң, оған барынша беріліп кетеді. Оқи жүріп бірнеше әуесқой клубтардың сапында ойнап, көзге түседі. Кейін Швейцарияға оқуға барғанда да сонда "Грассхоппер" сапында бір жылдай өнер көрсетеді. 1906 жылы туған қаласы Туринге оралады да, бірден "Торино" клубына қабылданады.

"Торино" сапында бес жыл ойнайды да, бапкерлікке ауысады. 1912 жылдан бастап он жыл бойы "Ториноны" жаттықтырады. 1924-25 жылдары "Миланды" баптайды.

Ал Италия құрамасын ең алғаш 1912 жылы басқарып, Стокгольдегі Олимпиада ойындарына дайындайды, сосын 1922-24 жылдары, сосын 1929 жылдан 1948 жылға дейін үздіксіз 19 жыл басқарады. Осы аралықта екі рет Әлем чемпионы атанып, тарихта қалады.

Бапкерлік карьерасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
1912 Италия Италия
1912-1922 Италия Торино
1921 Италия Италия (техникалық комиссиямен бірге)
1924 Италия Италия
1924-1925 Италия Милан
1929-1948 Италия Италия

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Орталық Еуропа Кубогы: 1927-1930, 1933-1935
  • Әлем чемпионы: 1934, 1938
  • Олимпиада чемпионы: 1936

Cілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Біздің уақыттың қаһарманы Мұрағатталған 6 желтоқсанның 2010 жылы.