Билл Гейтс
Билл Гейтс | |
---|---|
2012 жылғы Гейтс. | |
Дүниеге келгені: |
ІІІ Уильям Генри Гейтс қазан 28, 1955 Сиэтл, WA, US |
Residence | Medina, WA, US |
Ұлты: | Америкалық |
Алма матер |
Гарвард университеті (dropped out) |
Мансабы: |
Co-founder and Chairman of Microsoft Co-Chair of the Bill & Melinda Gates Foundation CEO of Cascade Investment Chairman of Corbis |
Years active | 1975–қазірге дейін |
Net worth | ▲ US$ 67 billion (2013)[1] |
Board member of |
Berkshire Hathaway |
Дiнi: | Агностик[2][3] |
Жұбайы: | Мелинда Гейтс (1994–2021) |
Балалары | 3 |
Ата-аналары |
William H. Gates, Sr. Mary Maxwell Gates |
Қолы: | |
Веб-сайты | |
The Gates Notes |
Уи́льям Ге́нри Гейтс III (ағылш. William Henry Gates III; қазанның 28, 1955, Сиэтл[4]), немесе Билл Гейтс (ағылш. Bill Gates) — АҚШ кәсіпкері әрі қоғам қайраткері, бағдарламалық қамсыздандыру саласының әлемдік көшбасшысы болып табылатын Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушысы (Пол Алленмен бірге) және бұрынғы президенті, негізгі акционері. 2008 жыл маусым айына дейін оның басқарушысы болған, ал одан бері директорлар кеңесінің атқарушы емес төрағасы лауазымында. Қайырымдылық Билл және Мелинда Гейтстер қоры төрағаларының бірі. Билл Гейтс — Forbes журналы бойынша әлемдегі екінші бай адам. Оның байлығының ең биік шыңы 120 млрд. долларға дейін жеткен еді. «Майкрософт» акцияларына биржалық бағалардың ауытқуына байланысты Гейтс санаулы секундтар ішінде миллиардтарын жоғалтып, оны қайта қалпына келтіре алды. Мемлекет «Майкрософтпен» соттасады, ал президенттер Гейтсті құрметпен қабылдайды. Алайда қазір ол ақша табудан гөрі, жоқшылықпен күреске ақшасын жұмсауға ерекше мән беруде. Гейтс өсиет хатына сәйкес оның үш баласының әрқайсы тек $10 млн. алады. Қалғаны оның кенже баласы қайырымдылық қорының еншісіне тиеді. Microsoft жүйелері әлемде пайдаланылатын компьютерлердің 93%-да орнатылған. Монополияға қарсы комитеттің талабы бойынша Президенттіктен бас тартқан Билл Гейтс қазіргі кезде компанияның басқарушыларының бірі және бағдарламалық қамсыздандыру өнімдерін дайындау бойынша бас инженер болып табылады. Сонымен қатар, ол компания акциялары бөлігінің үлкен үлесінің иесі. Forbes журналының деректері бойынша, 1996-2007, 2009-2016 жылдары әлемдегі ең бай адам саналды.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Балалық шағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Гейтс 1955 жылдың 28 қазанында Сиэтлда (Вашингтон штаты) корпоративті адвокат Уильям Генри Гейтс II және First Interstate Bank, Pacific Northwest Bell директорлар кеңесінің және United Way ұлттық кеңесінің мүшесі Мэри Максвелл Гейтс отбасында дүниеге келді.
Оның әкесінің айтуынша: «Сәби болған кезінде-ақ, Билл өз бесігін өзі тербетуші еді». Тербетпелі бесіктен Гейтс әлсіз және кішкентай болып шықса да, оның рухы күшті болатын. Ата-анасы Биллді жергілікті жекеше мек- тепке беруді ұйғарды. Гейтс грамматика, азаматтық тану және оның өзі еш қажетсіз деп санаған басқа да пәндерден ақсайтын, алайда математика пәнінен ең жоғары бағаларды алушы еді.
Өмір бойы Гейтс өз «менін» бекіту мен тәуелсіздігі үшін күресті. Бұл күрестің ең бірінші құрбандары оның ата-анасы болды. Биллдің анасы – Мэри, мектеп мұғалімі қатал мінезді әйел болатын.
Мектептегі өмірі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мектептің өзінде-ақ 13 жасар Билл Гейтс және оның айырылмас досы Пол Аллен алғаш рет өрескел компью- терлік терминалды жасады. Содан соң олар ол үшін екі бағдарлама жасап шығарды. Ерекше үлгеріммен көзге шалынбаған, ол 9 сыныпты кітаптарға көз салмай- ақ ылғи бестікке (ағылшынша «А» әріпі) бітірді және «қабілеттілікке» тест тапсыру кезінде Американың үздік оқушыларының ондығына кірді, бұл да оның бүлігінің бір түрі болатын. Оныншы сыныпта Билл компьютер ісін оқыған жоқ, оны өзі оқытты. Сол кезде ол өзінің оқу сыныбы үшін бағдарламасын жасады.
Сол жылдары Гейтстің жақын досы священниктің ұлы, Кент Эванс болды. «Біз бірге әлемді жаулап алуды армандаушы едік, – деп есіне алады Гейтс. – Мен қазірге дейін оның телефон номерін жатқа білемін». Билл, Кент және Пол Lakeside Programmers Group компаниясының негізін қалады және жергілікті фирмаларға қызмет көрсете бастады. Дәл сол кезде мектеп қабырғасында жүріп-ақ Пол Аллен Гейтстің алдын орап, барлық істі өз қолына алмақшы болды. Бірақ көп ұзамай, Пол бағдарламалар кодын жасауда оған шаршау мен шалдығуды білмейтін Биллдің қажет екеніне көз жеткізді. Сөйтіп Пол оны шақырды. «О’кей, – деді Гейтс, – бірақ менің бір шартым бар: мен қожайын боламын».
Студенттік өмірі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Билл Гейтс сол кезде Гарвардты бітірмегені қызықты жайт. Гарвард университетінің дипломының орнына дүниеге «Майкрософт» компаниясы келді.
Компания жұмысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жаңа компания жаңа ғана сәнге айналып келе жатқан жеке компьютерлер үшін бағдарламалық құралдар жасай бастады. «Майкрософттың» дүниеге келуі жайындағы аңыз былай дейді: Аллен 1974 жылы Гарвардтағы Гейтске келе жатып, жолда газет дүңгіршегінен жур нал сатып алмақшы болады. Алайда онда көрген дүниесі оның және Гейтстің өмірін мүлдем өзгертеді. «Таны- мал электроника» журналының мұқабасында Altair-8080 суреті жарияланған, ал оның үстінде ірі шрифтпен «Коммерциялық модельдермен бәсекелесуге қабілетті, әлемдегі ең бірінші компьютер» деп жазылған. Олардың екеуі де олардың алдында қандай көкжиектердің ашылғанын бірден түсінді. Олар «үй» компьютерлерінің нарығы сәлден кейін құлпырып, миллиондаған адамдарға бағдарламалық құрал қажет болатынын түсінді. Бірнеше күннен соң Гейтс Altair өндірушісі – MITS компаниясына хабарласып, Алленмен бірлесіп Altair-де қолданыла ала- тын Basic бағдарламалау тілінің нұсқасын жасағанын айтты. Гейтс жалған айтты. Сол кезде достар кодтың бір жолын да жазған жоқ болатын. Соның үстіне, оларда Altair-де, оның чипі де болған жоқ. MITS бұл туралы білмей, Гейтстің ұсынысына қызығушылық танытты. Осылайша достар Basic бойынша қауырт жұмысқа кірісті. Гейтс кодпен жұмыс жасаса, Аллен PDP-10 мек- теп компьютерінде Altair жұмысын симуляциялады. Бір жарым айдан соң, бағдарлама дайын болды. Аллен оны MITS-ке апарды. Сол кезде ол алғаш рет Altair-ді ұстап көрген еді. Таңғажайып керемет болды – достардың бағдарламасы іске қосылды! Келісім-шарт жасалды.
«Бағдарламалық құрал нарығы туындады!» – деп айқайлап жіберді Гейтс.
Қазір Билл Гейтс "Майкрософт" компаниясын басқармайды. Уақытының көп бөлігін қайырымдылыққа жұмсауда. Билл Гейтс алдына бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын алуды мақсат еткен. Ол 2012 жылы бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығына үміткерлер қатарында болды. Бірақ бұл сыйлық Еуропалық Одаққа берілді.
Қанатты сөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]* -Мен жұмысқа жалқау адамдарды аламын. Себебі олар кез келген қиын мәселені шешудің оңай жолын тез-ақ табады.
|
- Білім – ең маңызды аспап
- Кез келген жерде, заң пайда болады
- Егер хат ерекше үлкейтіп жазылған болса, ол спам.
- Жаңашылдық – шағын мемлекеттің үкіметін тығыз айқындайды.
- Электронды пошта көптеген мекемелер арасында иерархиялық құрылым жасады.
- Cенің ең бақытсыз тұтынушың, бұл сенің ең маңызды өмірдегі сынағың
- Алдағы 10 жыл бизнес үшін, келер 50 жылмен салыстырғанда өте үлкен өзгеріс әкеледі.
- Барлық жарнамалар сөзсіз үлкен дербестендірілген жүйеге ауысады.
- Қай уақытта да жұмысты жасағанда немесе жойып жібергенде, Гарвардқа оралудың кеш емес екенін ұмытпа.
- Бизнес – үлкен құмарлықпен азғана ережеден тұратын, өте қызық ойын.
-Мен жұмысқа жалқау адамдарды аламын. Себебі олар кез келген қиын мәселені шешудің оңай жолын тез-ақ табады.
-Өз жұмысыңыздан ләззат алыңыз. Сол кезде ғана сіз өмір бойы жұмыс істемегендей сезімді бастан өткересіз.
-Барлық арман орындалмайды. Мысалы мен аспаз болуды мақсат тұтқанмын. Бірақ олай болмады.
-Сіздің аты-жөніңіз ғаламторда жоқ болса, демек сіз бизнестен тым алшақсыз.
-Сондай-ақ 500 жыл өмір сүретіндей бейқам болмаңыз.
-Жаңа іс бастау ешқашан да кеш емес.
-Егер басыңызға жақсы идея топ ете қалса, оны дереу іске асыруға талпыныңыз.
-Кез келген жобада өз мақсатыңды нақты түсінбеу, табысты болуға кедергі келтіреді.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]http://citaty.info/man/bill-geits
- ↑ "William ‘Bill’ Gates", Forbes, http://www.forbes.com/profile/bill-gates/, retrieved наурыз 2013.
- ↑ Bill Gates. NNDb. Басты дереккөзінен мұрағатталған 24 мамыр 2012. Тексерілді, 11 мамыр 2011.
- ↑ Warren Buffett "Agnostic," Bill Gates Rejects Sermon On The Mount, Not "Huge Believer" In "Specific Elements" of Christianity. Archive. The American View (қаңтар 13, 1996). Басты дереккөзінен мұрағатталған 1 шілде 2012. Тексерілді, 24 қазан 2011.
- ↑ Manes, 1994, p. 11
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Bill Gates |
|