Артур Игорьевич Артемьев
Артур Игорьевич Артемьев | |
---|---|
Мансабы: | философия ғылымдарының докторы, профессор |
Артур Игорьевич Артемьев (29.8.1935 жылы туған, Алматы қаласы) – философия ғылымдарының докторы (1994), профессор (1996).
ҚазПИ-дің (1959, қазіргі ҚазҰПУ) тарих-филология факультетін бітірген. Қазақстан КП ОК-нде нұсқаушы (сондай-ақ лекторлар тобының жетекшісі, 1974–78), Алматы қалалық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан ЛКЖО ОК-нде бөлім меңгерушісінің орынбасары (1963–74), «Партийная жизнь» журналының редакторы (1983–84), Қазақ бейбітшілік қоры төрағасының орынбасары (1984–91), 1988 жылдан пед. қызметпен (ҚазҰПУ, Алматы автожол институты мен Қазақ көлік және коммуникация академиясы, соңғысында кафедра меңгерушісі, 1996) айналысады. «Формирование личности в обновляющейся религиозной и секулфризированной среде (теоретико-методологический анализ)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Ғылым қызметінің бағыты – дін тарихы мен философиясы, діни орта мен жеке тұлға, әлеуметтік философия мәселелері.
Артемьев 100-ге жуық мақаланың, оның ішінде 7 монографияның («Атеизм, религия, личность», 1991; «Религиозная среда и личность: философско-религиоведческий анализ», 1994; «Свидетели Иеговы Казахстана и Средней Азии: историко-религиоведческий анализ», 2002; «Социология личности» оқулығы, 2001) авторы.
«Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Артемьев, Артур Игоревич(қолжетпейтін сілтеме)
- Артемьев, Артур Игоревич(қолжетпейтін сілтеме)
- Артур Артемьев: посол мира или посол Муна?
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |