Мазмұнға өту

Хан Ордасы (ауыл)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ауыл
Хан Ордасы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Ауылдық округ орталығы

Облысы

Батыс Қазақстан

Ауданы

Бөкей ордасы

Ауылдық округі

Орда

Тарихы мен географиясы
Координаттары

48°46′04″ с. е. 47°25′45″ ш. б. / 48.76778° с. е. 47.42917° ш. б. / 48.76778; 47.42917 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°46′04″ с. е. 47°25′45″ ш. б. / 48.76778° с. е. 47.42917° ш. б. / 48.76778; 47.42917 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1826

Бұрынғы атаулары

Орда

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

2168 адам (2021)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

07

Хан Ордасы картада
Хан Ордасы
Хан Ордасы
Хан Ордасы картада
Хан Ордасы
Хан Ордасы

Хан Ордасы (2006 ж. дейін — Орда)[1]Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданындағы ауыл, Орда ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан орталығы - Сайқын ауылынан шығысқа қарай 47 км-дей жерде.

Іргесі 1826 жылы Жәңгір-Керей ханның ұйғарымымен және тікелей басшылығымен қаланған. Бастапқы кезде ол “Хан ордасы”, 1918 жылы “Орда қаласы" деп аталған. 1928 жылдан "Орда" деп аталды. 19171920 жылдары ауыл Бөкей облысының, 1920–1925 жылдары Бөкей губерниясының, 1925–1928 жылдары уезінің, 1928–1952 жылдары ауданның орталығы, 19641997 жылдар аралығында “Орда” кеңшарының орталығы болды. Осы кеңшар негізінде 1997 жылы Орда және округке қарасты Қарасай, Қарасу, Сейітқали, Үштерек аудандарында ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.[2]

1999 жылы тұрғындар саны 1922 адам (957 ер адам және 965 әйел адам) болса, 2009 жылы 2168 адамды (1085 ер адам және 1083 әйел адам) құрады.[3]

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2168 адамды (1110 ер адам және 1058 әйел адам) құрады.[4]

Мұражай-қорық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Хан ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық мұражай-қорығының нысандары:

  • Хан сарайы ғимараты, 1828 жыл;
  • Хан мешіті, қазіргі – Тәуелсіздік музейі, 1835 жыл;
  • Дәрігер А.А.Сергачев үйі, қазіргі – музейдің әкімшілік ғимараты, 1830 жыл;
  • Қазынашылық ғимараты, қазіргі – "Бөкей Ордасы тарихы музейі", 1867 жыл;
  • Әйелдер гимназиясы, қазіргі – "Халыққа білім беру музейі", 1883 жыл;
  • Аурухана ғимараты, 1872 жыл;
  • Халық училищелері инспекторы Данилевскийдің үйі, қазіргі – "Тұңғыш қазақ баспаханасы" музейі, 1841 жыл;
  • Жәңгір училищесі мұғалімі Ольдекоптың үйі, қазіргі – А.Тажетдиновтың мемориалдық музейі, 1841 жыл;
  • Халық училищелері инспекторы А.Е.Алекторовтың үйі, қазіргі – С.Меңдешевтің мемориалдық музейі, 1842 жыл;
  • А.Оразбаева тұрған Халық училищелері инспекторы И.И.Проскуряковтың үйі, 1842 жыл;
  • Аурухана ғимараты, қазіргі – Денсаулық сақтау мемориалдық музейі, 1852 жыл;
  • Халық училищелері инспекторы А.А.Воскресенскийдің үйі, қазіргі – Табиғат музейі, 1890 жыл;
  • Хан Жәңгір кесенесі, 1997 жыл;
  • Күйші Дәулеткерей кесенесі, 2000 жыл;
  • Ғалым М.Бабажанов кесенесі, 2001 жыл;
  • Тарғын мектебі ғимараты, қазіргі – Педтехникум, 1868 жыл

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]