Мазмұнға өту

Шаржау облысы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Шаржау облысыТүрікменстан құрамындағы әкімшілік бөлік. 1970 жылы 14 желтоқсанда құрылған. Жері 93,8 мың квадрат км. Халқы 565 мың (1977). 11 ауданға бөлінеді. 2 қаласы, 22 қала типтес поселкесі бар. Орталығы – Чаржау қаласы.

Чарджоу облысы Амудария өзенінің орта ағысы бойында орналасқан. Облыстың көпшілігін бөлігін Қарақұм шөлі, Гиссар жотасының сілемдері алып жатыр. Пайдалы қазындылары – табиғи газ, полиметалл рудалары, күкірт, калий тұздары. Қаңтардың орташа температурасы – 4 градустан – 2 градусқа дейін, шілдеде 28 – 32 градус. жылдық жауын-шашынның мөлшері 200 мм, тау етегінде 100 мм. Ірі өзені Амудария. Жері сұр, өзен аңғарлары шөгінді топырақты келеді. Негізінен қуаңшылыққа бейімделген өсімдік жамылғысы қалыптасқан, Амудария бойында тоғай өседі.

Тұрғындарының басым көпшілігі (68,8%, 1970) – түрікмендер. Олардан басқа орыстар, өзбектер тұрады. Орташа тығыздығы 1 шаршы км-ге 5,4 адамнан. Қала халқы 45%. Ірі қалалары – тоғай өседі.

Шаруашылығы.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Чарджоу облысында тау-кен, химия, машина жасау, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу өнеркәсіп салалары дамыған. Табиғи газ, күкірт (Гаурдак), қорғасын өндіріледі. Машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындарынан автомобиль, кеме жөндеу (Чарджоу), жөндеу-механикалық (Керки) заводтары, химиялық саласынан ірі суперфосфат заводы (Чарджоу), ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуге негізделген мақта тазалау, қаракөл елтірісін өңдеу заводтары, ет комбинаты, сүт, шарап заводтары (Чарджоу) бар. Жібек комбинаты, трикотаж, мақта, аяқ киім фабрикалары (Чарджоу) шоғырланған. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары мақта егу, қаракөл қойын өсіру, жібек және бақша (қауын) шаруашылықтары. Облыста 79 колхоз және 7 совхоз бар (1973). Суармалы егіншіліктің үлесі басым. Егісі (мың га, 1972) 139,2 бұның ішінде технологиялық дақылдары 87,4, дәнді дақылдары 13,6, көкөніс-бақшасы 6,9. Басым егілетін технологиялық дақылы – мақта (86,2 мың га). Дәнді дақылдардан бидай, күріш, арпа егіледі. 1973 жылғы мал саны (мың): мүйізді ірі қара 154,4 (бұның ішінде сиыр 62,0), қой мен ешкі 925,3, шошқа 28,1, жылқы 4,3. Темір жолының ұзындығы 487 км (1973). Негізгі темір жол магистралы Үргеніш – Чарджоу. Автомобиль жолы 2406км, бұның ішіндегі асфальтталғаны 1039,4 км. Чарджоу – Красноводск мұнай құбыры салынуда (1974). Амудария өзенінде кеме жүзеді. Педогогикалық институт, 6 арнаулы орта оқу орны бар. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Туркменистан, М., 1969 (серия «Советский Союз»

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]