Мазмұнға өту

Кенжебай Мәденов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кенжебай Мәденов
Туған күні

19 ақпан 1925 (1925-02-19)

Туған жері

Ақтай-Сай, БҚО, Қазақ АКСР

Қайтыс болған күні

26 желтоқсан 1974 (1974-12-26) (49 жас)

Қайтыс болған жері

Атырау, Қазақ КСР

Мемлекет

 КСРО

Әскер түрі

Жаяу әскер

Атағы

Әскери бөлімі

266-шы атқыштар дивизиясы

Шайқасы

Ұлы Отан соғысы

Марапаттары

Қызыл жұлдыз ордені Қызыл жұлдыз ордені Қызыл Ту ордені II дәрежелі Отан соғысы ордені 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медалі

Кенжебай Мәденов (19 ақпан 1925 жыл, Ақтай-Сай, БҚО — 26 желтоқсан 1974 жылы) — Ұлы Отан соғысы барысында «Берлин» операциясына қатысқан, фашизмнің ұясы, Берлиндегі Рейхстагтан кейінгі ордасы Ратушаға бірінші болып өз взводын бастап кіріп, оны жаудан тазартудағы ерен ерлігімен ел есінде қалған қас батыр. Ол жөнінде қолбасшы Г.К. Жуковтың, әскери тарихшы П.Беланның, орыс жазушылары М.Мержановтың, Ф.Боковтың, неміс жазушылары К.Похе мен Г.Олиганның, қазақ жазушысы Ғ.Слановтың шығармаларында айтылған. Екі Қызыл жұлдыз орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.

Соғысқа дейінгі өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1942 жылы Орал облысының Қаратөбе кентінде Заготживсырья кеңсесіне бухгалтер ретінде жұмысқа орнаған.

Қызыл әскердегі өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1943 жылдың қаңтарында Қызыл Армияға шақырылды. 1943 жылдың қарашасынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін пулеметшілер бөлімінің командирі ретінде шепте, кейінірек офицерлер курстарын бітіріп атқыштар бөлімінің командирі ретінде үшінші Украина және бірінші Беларусь шептерінде соғысқан. Екі рет жарақатталған.

Әскери іс-әрекеттер барысында өзін ержүрек әрі батыл командир ретінде көрсеткен. 1944 — 1945 жылдары Мәденов Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатысты. Берлин операциасында және Одер өзенінің сол жағалауындағы плацдармды кеңейту және нығайту үшін жүрген ұрыстарда атқыштар бөлімінің командирі ретінде ерекше танылған. 29 сәуірде Мәденовтың взводы бірінші болып немістердің Рейхстагтан кейінгі негізгі ұясы Ратуша үйіне басып кірді.

Г. К. Жуковтың «Естеліктер мен ойтолғаулар» шығармасында (орысша «Воспоминания и размышления») Маденов басқарған бөлімнің Берлин ратушасын шабуылдап жаулап алғаны былай суреттелген: «Ұрыста танктер мен ауыр техникалық қарулар қолданылған. Берлин ратушасының қақпасы бірнеше ��ет атқаннан кейін қирады да, артынша лейтенант Маденов ратушаға басып кірді. Н. П. Кондрашев және К. В. Коротченко сияқты басқада қаһармандар лейтенантпен бірге күресті. Олар кіреберісті қол гранаталары арқылы атқылады, әрбір бөлме үшін күресті.»

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұлы Отан Соғысындағы ерліктері үшін бірнеше ордендермен марапатталған:

  • Екі рет «Қызыл жұлдыз»
  • Ұлы Отан Соғысының 2 дәрежелі ордені
  • Бірнеше медальдар

Соғыстан кейінгі жылдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1946 жылдан бастап Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінде жұмыс атқарады. 26 жыл ішінде оперативті-ізденіс жұмыстарының қызметкерінен Гурьев облысының Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің басқармасының төрағасына дейін көтерілген. Қызметте жүргенімен қатар Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінде оқып жүріп, оқуын сәтті аяқтаған.

Жастармен Ұлы Отан Соғысының батыры және Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің қызметкері ретінде жинаған өмірлік тәжірибесімен бөлісті, басқарманың қоғамдық өміріне белсенді қатысқан.

Қызметтегі жағымды жетістіктері үшін Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің басшылығы тарапынан көптеген мадақтамаларға ие болған. Жеңістің 30 жылдығына жетпей, соғыс барсында алған ауыржарақаттарының әсерінен 1974 жылы 26 желтоқсанда қайтыс болған.

Ол отбасылық адам болған. Жұбайы Ғазизамен бірге өмірге үш бала әкелген. Қазір Ғазиза өзінің тұғғышы Махамбетпен бірге Атырау қаласында өмір сүріп жатыр.

Естеліктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұлы Отан Соғысындағы ерліктері және Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетіндегі белсенді қызметі үшін Атырау облысында Кенжебай Маденовке мемориалды тақта орнатылған. Кенжебай Маденовтың естелігі үшін жыл сайын Атырау облысында спорт жарыстары өткізіледі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]