Мазмұнға өту

Талас кекегі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Талас кекегі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Жабық тұқымдылар
Табы: Қос жарнақтылар
Тұқымдасы: бұршақ тұқымдасы
Тегі: кекек
Түрі: Талас кекіресі
Екі-есімді атауы
Oxytropis talassica
Gontsch.

Талас кекіресі (лат. Oxytropis talassica) – бұршақ тұқымдасы, кекіре туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Қазақстанда таралуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Талас Алатауында (Ақсу, Қайыңды өзендерінің арнасында) кездеседі. Қорымтасты беткейлерде, шөптер мен бұталардың арасында өседі. Ақсу-Жабағлы қорығында қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Ботаникалық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Күрделі жапырақтары түкті , тақ қауырсынды, өркенге кезектесе орналасады. Жеке гүлінің ұзындығы 8 мм-дей, бір-бірімен кіріккен 5 тостағанша, 5 күлте жапырақшасы бар. Күлгін түсті күлте жапырақшасының ең жоғарғысы жалпақ желкен тәрізді, оның жанындағы жеке тұрған екеуі ескекше, аталығының саны 10, оның тоғызы бір-бірімен тұтасып, жіпшесінен біріккен, бір аталығы жеке орналасады. Аналығы біреу. Тұқымнан көбейеді. Маусым/шілде айларында гүлдеп, шілде/тамызда жеміс салады. Жемісі – бұршаққап.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Б.Ө. Жақып "Қазақстан табиғаты"