Мазмұнға өту

Есептеу математикасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A.

Есептеу математикасы (ағылш. numerical analysis) — математиканың есептеулер жүргізу мен ЭЕМ-дерді пайдалануға байланысты мәселелерді қамтитын саласы. Шағын мағынасында, есептеу математикасы — типтік математикалық есептерді шешудің сандық әдістерінің теориясы.

Негізгі бағыттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстанда есептеу математикасының дамуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстан Республикасында сандық әдістер жөніндегі алғашқы ғылыми еңбектер ХХ ғ-дың 30-жылдары пайда болды. Есептеу математикасы мен қолданбалы математика саласындағы ғылыми зерттеулер 50-жылдардың бас кезінде басталды. 1954 ж. Қазақстандағы есептеу техникасын пайдалану жөніндегі тұңғыш ғылыми орталық — Қазақстан ҰА-ның машина және есептеу математикасы лабораторясы ұйымдастырылды. 1954 — 59 ж. лабораторияда аналитикалық есептеуіш машиналармен шешуге лайықталған есептеу әдістері жетілдірілді. 1959 жылдан ҚазМУ-дің (қазіргі ҚазӨУ-дің) есептеу математикасы кафедрасында есептеу математикасы бойынша мамандар даярланды. ҚазҰУ-дің есептеу математикасы кафедрасында есептеу математикасы саласынан жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары: математика физиканың көп өлшемді есептерін (тасымалдау теориясы, серпімділік пен гидродинамика теориясының есептері) шешудің сандық тәсілдері; математика физиканың корректілі емес есептерін шешу; инженер-технологиялық және экономикалық есептерді шешу (Ө.Сұлтанғазин, С.Атанбаев, С.Темірболатов, Қ.Сарбасов, С.Оспанова, А.Ақышев). Тұтқыр сұйықтың динамикасы және шешудің айырымдық әдісі зерттелуде (К.Жақыпов). Статикалық электр интеграторларының көмегімен дифференциалдық теңдеулерді шешудің әдістерін жетілдіру жөнінде зерттеулер жүргізілуде (А.Т. Лукьянов). В.М. Әмірбаев Карл Фридрих Гаусс арифметика әдісін зерттеді.[1]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау