Мазмұнға өту

Ақжайық ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан ауданы
Ақжайық ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Батыс Қазақстан облысы

Аудан орталығы

Чапаев

Ауылдық округтер саны

18

Ауыл саны

45

Әкімі

Мұрат Амангелдіұлы Сердалин

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, №70

Тарихы мен географиясы
Координаттары

49°42′50″ с. е. 51°39′43″ ш. б. / 49.71389° с. е. 51.66194° ш. б. / 49.71389; 51.66194 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°42′50″ с. е. 51°39′43″ ш. б. / 49.71389° с. е. 51.66194° ш. б. / 49.71389; 51.66194 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

25 716[1] км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

36 037 адам (2023)

Тығыздығы

1,8 адам/км²

Ұлттық құрамы

қазақтар (95,93%), орыстар (3,31%), татарлар (0,28%), басқалары (0,48%)[2]

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

090100- 090120[3]

Автомобиль коды

07

Ақжайық ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Ақжайық ауданы

Облыс картасындағы Ақжайық ауданы

Ақжайық ауданыБатыс Қазақстан облысының орталық бөлігіндегі әкімшілік бірлік. 1997 жылға дейін "Чапаев ауданы" деп аталып, Тайпақ ауданымен біріккен кезде қазіргі атауы берілді.[4] Жерінің аумағы 25,7 мың км2. Орталығы — Чапаев ауылы.

Географиялық орны, климаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан батысында облыстың Жаңақала, Казталов, солтүстігінде Тасқала, Бәйтерек, Теректі, шығысында Сырым, Қаратөбе және Атырау облысының Қызылқоға аудандарымен, оңтүстігінде Атырау облысының Индер ауданымен шектеседі.

Аудан Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігін алып жатыр. Климаты аса құбылмалы. Орташа ауа температурасы қаңтарда — 13-14°С, шілдеде 23-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250 мм. Ақжайық ауданының жерін Жайық өзені жарып ағады.

Ақжайық ауданы 1928 жылы Ілбішін ауданы болып құрылды. 1939 жылы Чапаев ауданы болып өзгертілді. 1997 жылы 7 мамырда таратылған Тайпақ ауданының аумағы қосылып, Ақжайық ауданы болып қайта аталды.

Ақжайық ауданы (1977-1997)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ақжайық ауданы 1977 жылы 15 ақпанда Чапаев, Тайпақ аудандарының бір бөлігінен құрылды. Орталығы Ақжайық ауылы болды. Халқы — 21868 адам (1979). 1986 жылғы мәлімет бойынша ауданның 9 ауылдық кеңесі болды (Ақжайық, Аңқаты, Восход, Еңбек, Есенсай, Қурайлысай, Октябрь, Фурманов, Шағатай).[5] 1988 жылы Ақжайық ауданы таратылып, ауылдық кеңестері Чапаев және Тайпақ аудандарына қосылды. 1992 жылы 6 шілдеде Чапаев ауданының шығыс бөлігінен қайтадан құрылды. 1997 жылы 7 мамырда қайта таратылып, аумағы түгелдей Теректі ауданына қосылды.[6]

Өсімдігі мен жануарлар дүниесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ақжайық ауданының жері шөлейтті белдемге жатады. Топырағы негізінен қызғылт қоңыр, сортаң болып келеді. Өсімдіктерден: селеу, бетеге, еркек шөп, көкпек, жусан т.б. өседі. Жануарлардан: негізінен қасқыр, шиебөрі, түлкі, суыр, бөкен, елік, жабайы шошқа, құстан: қаршыға, құр, үкі, қаз, үйрек, тырна т.б. мекендейді.

Шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауданда май және нан зауыттары, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, жол жөндеу учаскесі, астық қабылдау пункті, тамақ комбинаты, орман шаруашылық кәсіпорны жұмыс істейді. Ауыл шаруашылық жерінің ауданы 12,8 мың га (1997), оның ішінде егістік — 14%, шабындық — 11%, жайылым — 72%. Суармалы дәнді дақылдар, картоп, көкөніс және бақша дақылдарын өсіру дамыған. Аудан тұрғындары мүйізді ірі қара, қой, ешкі, шошқа, жылқы, түйе өсірумен айналысады. Аудан жері арқылы Орал — Атырау, Чапаев — Жаңақала, Чапаев — Фурманов автомобиль жолы өтеді. Музыка, спорт мектебі, кәсіптік-техника учильище, кітапханалар, мәдениет үйлері, кинотеатрлар, аурухана т.б. бар. 1931 жылдан қазақ, орыс тілдерінде аудандық “Еңбек”, “Труд” газеттері шығады.

1939 1959 1970 1979 1989[7] 1999 2009[8] 2021
33445 29464 39424 26079 43731 49364 41777 36199

Тұрғыны 40574 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (95,76%), орыстар (3,42%), басқалары (0,82%). Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км2-ге 1,8 адамнан келеді.[9]

2023 жылдың қаңтарында тұрғындар саны 36073 адамды (18390 ер адам және 17647 әйел адам) құрады.[10]

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудандағы 45 елді мекен 18 ауылдық округке біріктірілген:

Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021)
Ақжол ауылдық округі Ілбішін ауылы 4 2139
Ақсуат ауылдық округі Ақсуат ауылы 2 763
Алғабас ауылдық округі Алғабас ауылы 5 1756
Алмалы ауылдық округі Алмалы ауылы 2 1847
Базартөбе ауылдық округі Базартөбе ауылы 3 1303
Базаршолан ауылдық округі Базаршолан ауылы 3 1354
Бударин ауылдық округі Бударин ауылы 3 1545
Есенсай ауылдық округі Есенсай ауылы 3 1563
Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылы 3 744
Жаңабұлақ ауылдық округі Жаңабұлақ ауылы 1 1075
Көнеккеткен ауылдық округі Көнеккеткен ауылы 2 953
Қабыршақты ауылдық округі Қабыршақты ауылы 1 918
Қарауылтөбе ауылдық округі Қарауылтөбе ауылы 1 1376
Қурайлысай ауылдық округі Жұбан Молдағалиев ауылы 2 1366
Мерген ауылдық округі Мерген ауылы 3 1224
Сарытоғай ауылдық округі Жанама ауылы 2 941
Тайпақ ауылдық округі Тайпақ ауылы 3 5131
Чапаев ауылдық округі Чапаев ауылы 2 10201

Ірі елді мекендері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Атауы Статусы Халқы (2021)
Чапаев ауыл 9642
Тайпақ (Калмыково) ауыл 4243
Қарауылтөбе ауыл 1376
Ілбішін ауыл 1356
Алмалы (Котельниково) ауыл 1272
Бударин ауыл 1240
Базаршолан ауыл 1197
Жаңабұлақ (Кожехарово) ауыл 1075
Есенсай ауыл 1048
Алғабас (Верховологино) ауыл 1030
Қабыршақ��ы (Первомай) ауыл 918
Мерген ауыл 913
Базартөбе ауыл 885
Ж. Молдағалиев (Қурайлысай) ауыл 857
Жанама ауыл 760
Көнеккеткен ауыл 758
Ақсуат (Батурино) ауыл 639
Шабдаржап (Харькино) ауыл 623
Атамекен (Антоново) ауыл 575
Жайық (Феофаново) ауыл 559
Сайқұдық ауыл 509

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]