Мазмұнға өту

Ішкі аудит департаменті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ішкі аудит департаменті дербес басқару құқығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Ішкі аудит департаменті
Жалпы мағлұмат
Құрылған уақыты 2018 жыл
Жоғарыда тұрған мекеме Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Штаб-пәтері Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 13 кіреберіс
Басшысы Курманов Досжан Атирбекович
Ресми сайты
gov.kz/memleket/entities/adilet?lang=kk

Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына, қолданыстағы заңнама талаптарына және мемлекеттік органның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.[1]

Ішкі аудит қызметі басқа құрылымдық бөлімшелерден тәуелсіз, орталық мемлекеттік органның бірінші басшысына есеп береді және бағынады, мемлекеттік органның ішкі бақылау жүйесінің тұрақты мониторингінің бөлігі ретінде болады.

Мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік органның, мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік органды тиімді басқаруды және бюджет қаражатын, мемлекеттің активтерін және тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген квазимемлекеттік сектордың субъектілерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпаратты ұсыну ІАҚ-ң негізгі мақсаты болып табылады.[2]

Функциялары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

ІАҚ-ң функциялары:

1) қаржылық есептілік аудитін жүргізуге қатысады;

2) Министрлікте, оның аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары, оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасы бойынша тиімділік аудитін жүргізеді;

3) Министрлікте, оның аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында сәйкестік аудитін жүргізеді;

4) мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерінің және шарт талаптарын орындаудың, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мерзімдері, көлемі, бағасы, саны мен сапасы бойынша сәйкестік аудитін жүргізеді;

5) Министрлікте, оның аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында мемлекеттік органның ішкі процестерінің (бизнес- процестерінің) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады;

6) бюджеттік шығыстармен өзара байланыста, оның ішінде нысаналы даму трансферттерін іске асыруды қоса алғанда, бюджеттік инвестициялар шеңберінде Министрліктің стратегиялық жоспарының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді талдайды;

7) Министрлікте, оның аумақтық бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында тауарлық-материалдық қорлардың және өзге де активтердің сақталуына тексеруді жүзеге асырады;

8) ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды адамдарының тиісті ақпаратын тыңдайды;

9) Министрге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджет қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларға жол бермеу жөніндегі, анықталған кемшіліктерді жою, Министрліктің, оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдармен ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есеп береді;       

10) Министр үшін жылдық жұмыс жоспарларының орындалуына мониторингті жүзеге асырады.

Ішкі аудит қызметі жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша аудиторлық қорытынды ресімделеді, ол тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтитын, аудиторлық іс-шараны жүргізуге жауапты тұлғаның қолы қойылатын бекітілетін құжат болып табылады.

Аудиторлық іс-шараны жүргізуге жауапты лауазымды тұлға тұрақты және жүйелі негізде аудиторлық қорытынды мен ішкі аудит нәтижелері туралы есепте берілген ұсынымдарды қарау нәтижелері туралы ақпараттың және мемлекеттік аудит объектісі және өзге мүдделі мемлекеттік органдар жіберетін растаушы құжаттардың толықтығына және уақтылығына мониторингті жүзеге асырады.

Ішкі аудит қызметі аудиторлық іс-шаралардың материалдарын есепке алуды, сақтауды, аудиторлық іс-шараның аяқталғаны туралы анықтама әзірлейді және құжаттарды мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, ішкі аудит қызметтері мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында құқық қолдану практикасын, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтау мәселелерін қарау үшін құрылған Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті болып саналады.[3]

Дереккөздер:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000392/links
  2. https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/about/structure/departments/position/559/1?lang=ru
  3. https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/about/structure/departments/position/559/1?lang=ru