Аққулы ауданы
Қазақстан ауданы | |
Аққулы ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны |
10 |
Ауыл саны |
23 |
Әкімі |
Руслан Берекеленұлы Мұқанов |
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Аққулы ауылы, Иванов көшесі, №92а |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | |
Құрылған уақыты | |
Жер аумағы |
8,1 мың км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
12 493[1] адам (2023) |
Ұлттық құрамы |
қазақтар (82,13 %) |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі |
140700-140710 |
Автомобиль коды |
14 |
Аққулы ауданы — 1939 жылы құрылған, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында орналасқан аудан және оңтүстік-шығысында Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, солтүстікте Шарбақты ауданымен шектесіп жатыр, батыста аудан шекарасы Ертіс өзені арқылы өтеді. Ауданның аумағы 806,1 мың гектарды құрайды. Павлодар қаласына дейін ара қашықтық 120 км. Әкімшілік орталығы - Аққулы ауылы.
Физикалық-географиялық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Географиялық жағдайы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Солтүстігінде Павлодар және Шарбақты аудандарымен, шығысында — Ресейдің Алтай өлкесімен, оңтүстігінде — Абай облысы Бесқарағай ауданымен, батысында — Май ауданымен бөлетін кеме жүретін Ертіс өзенімен шектес. Аудан аумағымен Павлодар – Семей автомобиль жолы өтеді.
Климаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан климаты қатал континентальды. Қаңтардың орта температурасы −17º-18ºС, шілденікі - +20º+21ºС. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 250—300 мм құрайды.
Жер бедері және гидрография
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан аумағы бетегелі өсімдігі бар жай толқынды жазық жерлерден тұрады, тұзды көлдер саны өте көп. Топырақ қызғылт және қою қызғылт, механикалық құрамы бойынша — құмайт және құмды, жел эрозиясына тез шалдығады. Алқаптарда — ауыр суглинкалар бар. Жер қойнында келесі табиғи құрылыс материалдары зерттелінген: алебастр, сульфат, гипс, әк.
Флора және фауна
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Оңтүстік-шығыста жолақты қарағай ормандары бар. Жолақты қарағай ормандары мен Ертіс өзенінің алқабында ағаш және бұтақты түрлер: үйеңкі, боз тал, қандағаш, көктерек, қайың, терек, қарағай және басқалары кездеседі. Шөп түрлерінен — жусан, бетеге. Ертіс өзені алқабы — қоғалы жаға. Қасқыр, қоян, суыр, сарышұнақ, аламан секілді аң түрлері мен үйрек, қаз секілді құстар мекендейді.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңес Президиумының 1939 жылғы 16 қазандағы жарлығымен орталығы Лебяжі ауылы болып Бесқарағай, Каганович және Павлодар аудандарын шағындау есебінен құрылған. Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңес Президиумының 1963 жылғы 2 қаңтардағы жарлығымен Лебяжі ауданы жойылып, аумағы Павлодар ауылдық ауданының құрамына енді. Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңес Президиумының 1964 жылғы 31 желтоқсандағы жарлығымен Лебяжі ауданы қайта құрылды. Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық полигонындағы ядерлық сынақтан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес аудан радиациялық қауіпті аумаққа жатқызылды. 2018 жылғы 4 тамызда ҚР Президенті жарлығымен аудан атауы Аққулы болып өзгертілді.
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]23 елді мекен 10 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Аққулы ауылдық округі | 2940 | ▲3014 | 102,5 | 1395 | ▲1493 | 107 | 1545 | ▼1521 | 98,4 |
Баймолдин ауылдық округі | 821 | ▼672 | 81,9 | 402 | ▼352 | 87,6 | 419 | ▼320 | 76,4 |
Жамбыл ауылдық округі | 1492 | ▼1200 | 80,4 | 757 | ▼618 | 81,6 | 735 | ▼582 | 79,2 |
Қарақала ауылдық округі | 1637 | ▼1362 | 83,2 | 824 | ▼685 | 83,1 | 813 | ▼677 | 83,3 |
Қызылағаш ауылдық округі | 821 | ▼522 | 63,6 | 420 | ▼277 | 66 | 401 | ▼245 | 61,1 |
Майқарағай ауылдық округі | 931 | ▼749 | 80,5 | 480 | ▼394 | 82,1 | 451 | ▼355 | 78,7 |
Малыбай ауылдық округі | 1505 | ▼1175 | 78,1 | 755 | ▼626 | 82,9 | 750 | ▼549 | 73,2 |
Шақа ауылдық округі | 910 | ▼679 | 74,6 | 487 | ▼348 | 71,5 | 423 | ▼331 | 78,3 |
Шарбақты ауылдық округі | 1692 | ▼1517 | 89,7 | 834 | ▼772 | 92,6 | 858 | ▼745 | 86,8 |
Ямышев ауылдық округі | 1844 | ▼1747 | 94,7 | 952 | ▼916 | 96,2 | 892 | ▼831 | 93,2 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 14593 | ▼12637 | 86,6 | 7306 | ▼6481 | 88,7 | 7287 | ▼6156 | 84,5 |
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1959 | 1970 | 1979 | 1989[4] | 1999 | 2009[5] | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|
19846 | ▲28573 | ▼28057 | ▼26951 | ▼19653 | ▼14593 | ▼12637 |
Этникалық құрамы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұлттық құрамы (2012 жылдың 1 қаңтарына)
- қазақтар — 11 306 адам (80,9 %)
- орыстар — 1 582 адам (11,32 %)
- украиндер — 215 адам (1,54 %)
- немістер — 241 адам (1,72 %)
- татарлар — 200 адам (1,43 %)
- белорустар — 65 адам (0,46 %)
- басқалары — 421 адам (3 %)
- Барлығы— 14 030 адам (100,00 %)
Санның серпінділігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1999 жылы халық саны— 19,6 мың адамды, 2012 жылы — 13,97 мың адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы 2012 жылы 1 км² 1,72 адамнан келді.
Экономика
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауылшаруашылық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауданның ауылшаруашылық мамандандырылуы: қой шаруашылығы, табындық жылқы шаруашылығы, жүн өндіру, қарбыз өсіру. Бидай, тары, қарақұмық, күнбағыс өсіріледі, ет, сүт, ұсақ тері шикізаты. Шаруашылықтың негізгі бағыты — мал шаруашылығы. Аудан жібек жүнді қой шаруашылығымен айналысқан, бұл шаруашылықпен колхоздардан басқа— «Бесқарағай» племсовхозы, № 23 совхоз секілді мамандандырылған қой шаруашылықтары да айналысқан. Қазақ ғылыми-зерттеу мал шаруашылығы институты, ал соғыс жылдарынан кейін мал шаруашылығы институтының Шығыс-Қазақстан тәжірибе станциясы қызметкерлерінің көп жылдық, мақсатты селекциялық-асыл тұқымды жұмыс түрінің нәтижесінде, жаңа түр – үлкен салмаққа ие ірі конституциясы бар қазақ мериносы енгізілді. Ауданның ауылшаруашылық өнімін өндірумен 10 ауылшаруашылық, 172 шаруа қожалықтары айналысады, 4332 жеке қоныстар бар. Ауданда 2 наубайхана, 1 жел диірмені, 1 сүтті қайта өндеу цехы жұмыс істейді.
Әлеуметтік сала
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Білім беру мен ғылым
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан аумағында 27 білім беру мекемелері бар, оның ішінде 1 арнайы орта, 18 орта, 4 негізгі, 1 бастауыш, 3 мектеп жасына дейінгі. Сонымен қатар 6 бөлімшесі бар 305 адам айналысатын балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бар.
Денсаулық сақтау
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Денсаулық сақтау объектілері 24, оның 1 орталық аудандық аурухана, 1 туберкулезге қарсы аурухана, 8 дәрігерлік амбулатория, 14 медициналық пункт.
Мәдениет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан бойынша 18 мәдениет объектілері, 24 кітапхана және 1 жылжымалы «Бұлақ» кешені қызмет атқарады. «Аққу күйі» аудандық газеті шығарылады (1940 жылдан).
Әйгілі адамдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Социалистік Еңбек Ерлері:
- Б.Айдарханов,
- Ж.Жанғожин,
- Б. Оспанов,Уақап Сыздықов, Қ. Шарбақбаев
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- ↑ Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ↑ ҚР халық санақтары
|
|
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |