ERTIS (телеарна)
ERTIS | |
«Қазақстан» РТРК» АҚ Павлодар облыстық филиалы | |
Ел | |
---|---|
Хабар тарату аумағы | |
Хабар тарату уақыты |
14 сағат |
Хабар тарату тілдері |
қазақша, орысша |
Басқару орталығы |
Павлодар, Қ.Сұрағанов көшесі, 21 |
Арнаның тақырыптамалары |
әмбебап |
Хабар таратуын бастады | |
Иесі | |
Директоры |
Гүлнәш Әбішева |
Бұрынғы атаулары |
Қазақстан-Павлодар |
Сайт |
ERTIS — Павлодар облысының жергілікті телеарнасы. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі 1961 жылғы 28 ақпанда Павлодарда телеорталық құрылысын салу туралы шешім қабылдады. Осы жылдың көктем айында ғимараттың құрылысы басталып, мұнараны монтаждау басталды. 1965 жылы 7 қарашада Павлодар телестудиясы тұңғыш рет бірінші бағдарламасын эфирге шығара бастады.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1961 жылы 28 ақпанда Павлодар қаласында телеарна өз жұмысын бастады.
1966 жылға дейін студия аптасына екі мәрте хабар берсе, 66 -жылдың 1-қаңтарынан хабар көлемі ұлғая түсті. 1970 жылы Павлодар телестудиясында бірінші жылжымалы телестанция пайда болды. Тәулігіне 5 сағат хабар таратылды. Фильмотека мен жеке мұрағат жасалды.
1971 жылы Павлодар радиотелеорталығы Қазақстан КСР-де бірінші болып бейнежазу аппаратурасын пайдалануға енгізді. 1975 жылдың қаңтарынан бастап Тереңкөл ауданының “Октябрь” және “Лебяжі” кеңшарларында ретрансляторлар іске қосылды. Ал маусым айында республикалық телевидение хабарлары техникалық сынақтан өткізілді. 70-жылдары Мәскеу, одан сәл кейін Алматы хабарлары экранға шықты. Басты бейнелеу құралдары-ақ және қара түсті кино мен фотосуреттер болды.
1979 жылы Қазақ КСР-де бірінші рет Павлодарда біртіндеп түрлі-түсті телехабарлар беруге көшу жүзеге асты. 1983 жылы қажетті жабдықтар толық жеткізілді. Түсті телевидениені бүкіл Павлодар облысы көре бастады. 80-жылдың бас кезінен-ақ студияның өндірістік алаңдары кеңейтілді. Егер бұрын тікелей трансляциялар аумағы небәрі 100 шаршы метрлік кіші студиядан беріліп келсе, 1980 жылы алаңының көлемі бұрынғыдан үш есе үлкен жаңа павилион салынды. Елге белгілі (үлкен) шығармашылық ұжымдарды жазуға мүмкіндік туды. Тіпті сол жылдары студияның өзінде балалар хоры болды. Павлодар студиясы республикада ең мықтылар қатарында аталды, онда еңбек ететін журналистерге республикалық маңызы зор жауапты хабарлар жүктелді.
1983 жылы студия толығымен түрлі-түске көшті. Ал 1987 жылы телеорталық «Перспектива» түрлі-түсті жабдығының жаңа түріне ие болды.
1990 жылы студия өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтті. 90-жылдардың бас кезінде студияны техникалық қайта жарақтау жүзеге асырылды. Сапалы бейнетүсірілім жасау, эфирге материалды жедел беру үшін портативті аппаратура пайда болды. 90-жылдардың аяғы мен 2000 жылдың басында телевидение компьютерленді, оның техникалық мүмкіндігі кеңейтілді, шығарылған өнім сапасы артты.
2002 жылы Павлодар телестудиясында цифрлық (сандық) телевидениеге көшті.
Студия павильонын жарақтандырып, қайта безендіру жүргізілді. 2008 жылғы қыркүйектен бастап жалпы алаңы 300 шаршы метрлік телевидениенің үлкен студиясындағы арнайы жарықтандыру құралдары өзгертілді.[1]
Бағдарламалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Туған тіл - байлығым»
- «Айтарым бар...»
- «Ауыл және адамдар»
- «Өндірісті өлке» [2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ http://pavlodartv.kz/kz/category/channel Мұрағатталған 28 шілденің 2014 жылы.
- ↑ http://pavlodartv.kz/kz/programs/index/programs Мұрағатталған 28 шілденің 2014 жылы.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- http://pavlodartv.kz
- http://pavlodartv.kz/kz/category/channel Мұрағатталған 28 шілденің 2014 жылы.
- http://pavlodartv.kz/kz/news
- http://pavlodartv.kz/kz/programs/index/programs Мұрағатталған 28 шілденің 2014 жылы.
- http://pavlodartv.kz/kz/programs/live Мұрағатталған 28 шілденің 2014 жылы.
|