Жануарлар генетикасы
Жануарлар генетикасы(грек. genesіs – шығу, пайда болу, тек) — жануарлардың тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттерін зерттейтін ғылым. Оның негізгі мақсаты – шаруашылыққа тиімді белгілердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігінің заңдылықтарын ашу, оларды басқару жолдарын анықтау, жануарлардың адамға қажетті жаңа тұқымдарын өсіріп шығару.
Қазақстанда жануарлар генетикасы саласындағы ғылыми-зертттеу жұмыстары, Эксперименттік биология ғылыми-зерттеу институты, Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығына қарасты бірқатар ғылыми-зертттеу институттары, Қазақ ұлттық аграрлық университетінде жүргізіледі. Республикада қой мен ірі қараның, жылқы мен шошқаның мол өнімді жаңа тұқымдары шығарылды. Малдың селекцияланатын белгілерінің тұқым қуалауы мен өзгергіштігіндегі заңдылықтар ашылып, олардың генетик.-селекциялық өрісі анықталды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұ�� — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
|