Мазмұнға өту

Ақтөбе облысының Орталық мемлекеттік мұрағаты

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
16:25, 2012 ж. ақпанның 9 кезіндегі Mariya (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Жаңа бетте: '''Ақтөбе облысының Орталық мемлекеттік мұрағаты''' - Алғашында Ақтөбе губерниялық мұрағат бю...)
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)

Ақтөбе облысының Орталық мемлекеттік мұрағаты - Алғашында Ақтөбе губерниялық мұрағат бюросы болып аталған Ақтөбе облысының мемлекеттік мұрағаты 1923 жылы 15 қыркүйекте құрылды. Мұнда негізінен сол кездегі алғашқы қор ретінде губерниялық—кеңестік халық шаруашылығының Ақтөбе уездік атқару комитетінің құжаттары сақталады.

Тарихы

1928-1935 жылдар аралығында әкімшілік-территориялық бөліністің өзгеруіне байланысты мұрағат мекемелерінің жұмысына түзетулер мен ұйымдық құрылымдар енгізілді. 1935-1938 жылдар аудан аралық мемлекеттік мұрағаттар құрылды. 1964 жылы облыстық мемлекеттік мұрағат жалпы көлемі 545,0 шаршы метрді құрайтын тұрпатты ғимаратты (Лачугин көшесі, 2) Қазақстан Компартиясы қызметін тоқтатуға байланысты 1991 жылдың қазан айында Ақтөбе облыстық мұрағат мекемесіне беріліп, көлемі 2167,4 шаршы метрлік басты ғимаратты (Ағайынды Жұбановтар көшесі 255) иемденуде.

Ақтөбе облысының мемлекеттік мұрағатында әр кезеңдегі облыс тарихына қатысты құжаттар сақталуда. Атап айтқанда 1917-1918 жылдардағы кеңес өкіметін орнатудағы Ақтөбе уезі атқару комитетінің хаттамалары, губерниялық округтық облыстық ауыл шаруашылығын түпкілікті қайта құру, артельдер мен серіктестіктердің құрылуы, дүниежүзілік екінші қанды соғыс кезіндегі ақтөбеліктердің тылдағы ерлігі, халыққа білім беру ісі, денсаулық сақтау туралы құжаттардан көптеп мәлімет алуға болады. Ірі ірі өндіріс орындары Ақтөбе қаласында 30-50 жылдары пайдалануға берілген ферро-қорытпа, хром қоспа, ауылшаруашылық машина жасау, рентген сәуле аппараты зауыттары, С.М. Киров атындағы химия комбинаты, мұнай барлау, геологиялық, геофизикалық экспедицияларының құжаттары орын алған. Сонымен облысқа танымалы, еңбегі сіңген жеке адамдардың қорыда қалыптасуда. Олар атақты тарихшы Ш. Берсиев, Кеңес Одағының Батырлары С.В. Вавилов, М.Бөкенбаев, өлкетанушы Еламанов тағы басқалар.

Пайдаланылған әдебиет

  • Қазақ Совет Энциклопедиясы