Ақмола облысының Орталық мемлекеттік мұрағаты
Ақмола облысының Орталық мемлекеттік мұрағаты 1939 жылы 14 қазанда Ақмола облысы құрылуына байланысты Қазақ КСР ІІХҚ-ң 1939 жылы 22 желтоқсандағы №1875 бұйрығымен Ақмола облысының мемлекеттік мұрағаты құрылды. Қазақ КСР-ның құрамында 1960 жылы Тың өлкесінің құрылған кезінен бастап сонымен қатар облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымдарының кезек-кезек өзгеруімен мемлекеттік мұрағаттың атауыда ауысып отырды:
- Тың өлкелік мемлекеттік мұрағат,
- Целиноград облысының мемлекеттік мұрағаты,
- 1992 жылдың шілде айынан бастап Ақмола облысының мемлекеттік мұрағаты.
Ең соңғы толық ресми атауы –Ақмола облысының мемлекеттік мұрағаты болды. облыстың мемлекеттік мұрағатында тек одақтық кезеңнен (1919-1990 жылдардағы негізгі жиымдар) және Егемен Қазақстан Республикасының алғашқы жылдарының (1991-2011 жылдарғы) құжаттар сақталады. Революцияға дейінгі құжаттар жеке іс құрайды. Тың өлкесінің (1961-1965 жылдар) аймақтарының мекемелері және ұйымдарының қорлары жеке топтастырылады. Тың өлкесінің құжаттары облыс орталығы Көкшетауға көшуіне байланысты Астана қаласының мемлекеттік мұрағатына тапсырылды.
Пайдаланылған әдебиет
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |