Мазмұнға өту

Арнаулы үзіліс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
14:47, 2011 ж. қазанның 7 кезіндегі Aizhok (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Жаңа бетте: '''Арнаулы үзіліс''' – жылдың суық мезгілінде ашық далада, жылу берілмейтін жабық үй-жайларда жұ...)
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)

Арнаулы үзіліс – жылдың суық мезгілінде ашық далада, жылу берілмейтін жабық үй-жайларда жұмыс істейтін қызметкерлерге жылыну және демалу үшін берілетін үзіліс. 1,5 жасқа толмаған баласы бар жұмыс істейтін әйелдерге баланы тамақтандыру үшін қосымша үзіліс беріледі. Бұл үзіліс 3 сағат сайын ұзақтығы 30 минуттан кем болмауы керек. Бір жарым жасқа толмаған екі немесе одан да көп баласы бар әйелдерге қосымша үзілістің ұзақтығы кемінде 1 сағат болып белгіленеді. Арнаулы үзілістер жұмыс уақытына қосылады және ақысы төленуі тиіс.