Мазмұнға өту

Павильон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
13:37, 2011 ж. тамыздың 9 кезіндегі G55 (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Жаңа бетте: thumb|250px '''Павильон''' ({{lang-fr|pavillon}} -шатыр) * 1) архитектураның шағын түрлеріне ж...)
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)

Павильон (фр. pavillon -шатыр)

  • 1) архитектураның шағын түрлеріне жататын оқшау тұрған ғимарат. Ежелгі Шығыс елдеріндегі ғиба��атханалар мен сарайлардың дені павильон үлгісінде тұрғызылды. Павильон Англия мен Франңия (17 - 18 ғ.), Ресейде (18 ғ. мен 19 ғасырдың 1-ширегі) сарай ансамблі, сондай-ақ, парк құрылысының құрамды бөлігіне айналды;
  • 2) ірі ғимараттың бір бөлігі. Көбіне жеке шатырмен жабылды;
  • 3) көрме экспозициясына, кино түсіруге, кейде сауда-саттыққа арналған тұрақты, уақытша құрылыс;
  • 4) ғимарат интерьерін бейнелейтін театр декорациясы. Сахнада тұңғыш рет 1974 ж. неміс актері әрі режиссері Ф.Л. Шредер қолданды. Декорация павильонын қолдану әсіресе түр-мыстық және психол. драмаларды қоюмен байланысты кең өріс алды. [1]

Пайдаланған әдебиет

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8