Мазмұнға өту

2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
08:58, 2024 ж. желтоқсанның 23 кезіндегі Malik Nursultan B (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Атлеттер саны бойынша сұрыптау)
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)
XXX жазғы Олимпиада ойындары

Бұл ресми логотиптің ашық түстегі нұсқасы.
Төрт түспен қамтылған және
2012 жылғы Жазғы Паралимпиадалық ойындарға арналған логотип бар.
Толыққанды мәлімет төменгі «Логотип» бөлімінде жазылған.
Ұйымдастырушы қала

Лондон, Англия, Ұлыбритания

Ұраны

Inspire a Generation
Жаңа ұрпақтарды шабыттандыру

Қатысушы елдер

204

Атлеттер саны

10,500 (сарап бойынша)

Медальдар саны

26 спорт түрінен 302 комплект

Ашылу салтанаты

27 шілде 2012 жыл

Ресми түрде ашқан

Патшайым Елизавета II

Жабылу салтанаты

12 тамыз 2012 жыл

Ант берген атлет

Сара Стивенсон

Ант берген төреші

Мик Бейси

Ант берген бапкер

Эрик Фаррелл

Олимпиада оты

Каллум Айрлай
Джордан Даккит
Дезире Генри
Кэти Кирк
Кэмерон MaкРичи
Айдан Рейнолдса
Адил Трейси[1]

Стадион

Олимпиада стадионы

Ортаққордың логотипі Ортаққордағы медиафайлдар

XXX жазғы Олимпиада ойындары (ағылш. 2012 Summer Olympics, фр. Jeux Olympiques d'été de 2012) — отызыншы Жазғы Олимпиада oйындары. 2012 жылдың ойындары 27 шілде мен 12 тамыз аралығында Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында өтті.[2] Лондон Олимпиада ойындарын үш рет қабылдаған алғашқы қала болды. Оған дейін Лондон 1908 жылы және 1948 жылы қабылдаған болатын.[3]

Олимпиада қаласын таңдау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Лондондағы 2012 жылдың жазғы Олимпиада ойындарының баннері.

Үміткер қалалардың ұсынысын қабылдау рәсімі 2003 жылдың 15 шілдесінде тоқтатылды.[4][5] Осы уақытта бәйгеге қатысуна 9 қала ниет білдірген болатын:[6] Гавана, Стамбұл, Лейпциг, Лондон, Мадрид, Мәскеу, Нью-Йорк, Париж және Рио-де-Жанейро.[7]

2004 жылдың 18 мамырында Халықаралық олимпиада комитеті барлық ұсыныстарды саралап болған соң 5 қаланы ғана қалдырды.[8][9] Осы қалалардың ішінен 2005 жылдың шілдесінде Сингапурда өтетін ХОК-нің 117 сессиясында жеңімпаз қаланың аты аталуы керек болатын. Аталған бес қаланың қатарында Мадрид, Мәскеу, Нью-Йорк, Париж және Лондон қалды.[10]

Лондон қаласы 2012 жылдың жазғы Олимпиада ойындарының астанасы ретінде 2005 жылдың 5 шілдесінде таңдалды. Өз елінің ұсынысын қолдаған үкімет басшыларының ішінен Сингапурға арнайы келген жалғыз Ұлыбританияның премьер-министрі Тони Блэр ғана болатын.[11]

Олимпиада ойындарының астанасы белгілі болғаннан кейін, келесі күні Лондон қаласында террористік акт болды.[12]

2012 жылғы Олимпиада астанасына дауыс беру
Қаланың аты Мемлекеттің аты 1 Раунд 2 Раунд 3 Раунд 4 Раунд
Лондон  Ұлыбритания 22 27 39 54
Париж  Франция 21 25 33 50
Мадрид  Испания 20 32 31
Нью-Йорк  АҚШ 19 16
Мәскеу  Ресей 15

Әзірлену және дайындалу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лондонның Олимпиадалық ойындарды Ұйымдастыру комитеті (LOCOG) ұсыныстың сәтті қабылдануынан кейінгі ойындарды ұйымдастыру шарасын бақылайтын мекеме ретінде құрылды және өзінің алғашқы отырысын 2005 жылы 3 қазанда өткізді[13]. Лорд Коудың төрағалығымен комитет ойындардың жүзеге асырылуы мен өткізілуіне жауап береді, сонымен бірге Олимпиадалық Тасымал ұйымы (ODA) нысандар мен инфрақұрылымның құрылысына жауапты[13]. 2006 жылы сәуір айында Олимпиадалық Тасымал ұйымы құрылған болатын[14].

Нысандар және инфрақұрылым

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Олимпиада стадионы (Лондон)
O2 аренасы
Уэмбли стадионы
Желкенді спорт түрінен сайысуға арналған айлақ

2012 жылы Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындар жаңа орындарда, әлдеқашан бар және тарихи нысандардарда, сонымен қатар заманауи құрылыстарда өткізілетін болады, соның ішіндегі ең танымалы — Гайд Парк пен Атты Гвардия[15].

Үлкен Лондонның маңында үш аймаққа бөлінген алып спорттық нысандар орналасады[16]:

  1. Олимпиадалық аймақ — Олимпиадалық қалашық орналасқан жер;
  2. Өзендік аймақ — қала шығысындағы Темза өзінінің айналасы;
  3. Орталық аймақ — қаланың орталығы мен батыс аймағы.[17]

Олимпиадалық аймақ

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өзендік аймақ

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Орталық аймақ

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лондоннан тыс аймақтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қаладан тыс аймақтарда бірнеше спорттық стадиондар орналасады. Ұлыбританияның бес қаласында футбол бойынша іріктеу сындары өткізіледі:

Сонымен қатар Лондонның сыртында мынадай нысандар орналасады:

Қоғамдық тасымал құралдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Олимпиадалық Javelin тасымал көлігі[22]
Олимпиада алауы Кардиффте

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) өзінің алғашқы сынындағы Лондонның қоғамдық тасымал құралдарына қойған бағасына қарағанда, оның қазіргі ойындарға арналып түзетулер мен жетілдірулер жасалғанын атап кетті[23]. Лондонға арналған транспорт жүйесіне (TfL) 2012 жылға дайындалу барысында бірнеше жаңартулар мен өзгерістер енгізілді. Және де Docklands Light темір жолы мен Лондонның солтүстік бөлігінде темір жолының модернизациялануы ерекше болды[24]. Network Rail мәліметтері бойынша, 4000-нан астам темір жолдар Ойындар кезінде жұмыс жасап тұрады, және теміржол операторлары күні-түнімен жұмыс кезегінде қалмақ[25].

Қаржыландыру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ойындарды бөлектеп қондыруға, нысандар мен инфрақұрылымдарды салуға, және де Олимпиада қалашығының жер редевелопментімен жұмыс жасау үшін қаржының мол бөлігі кетті. Ойын ұйымдастырылуын жеке қаржы көздері қаржылардыруына қарамастан, көптеген демалыс орындары мен саябақтарға байланысты шығындарды мемлекет өзі көтереді.

Алғашында бөлінген бюджет £ 2,4 млрдты құраған, бірақ бұл қаржы жетіспеуіне байланысты 2007 жылы шамамен төрт есеге, £ 9300000000 ($ 14460000000) дейін өсірілген. Тесса Джоуэлл қайта қаралған құжаттарды 2007 жылы 15 наурызда Бірлестік Палатасында жарияланған болатын.[26]

  • Олимпиададағы нысандар мен инфрақұрылымдардың құрылысы — £5.3 миллиард;
  • Топтық спорт және паралимпиадалық қаржыландыру — £400 миллион;
  • Қауіпсіздік және полиция — £600 миллион;
  • Төменгі Леа алқабын регенерациялау — £1.7 миллиард;
  • Резервтегі фонд — £2.7 миллиард;
  • Қосылған құн салығы (ҚҚС) — £800 миллион.

Еш ақша төленбейтін еріктілер үшін алдағы ойындарда үлкен жұмыс күтіп тұр[27]. 2004 жылы 70000 еріктілердің басты мақсаттары анықталды[28]. 2010 жылы еріктілерді қабылдауға 240000-нан астам өтініштер келген[29]. 2012 жылғы ақпан айында Себастьян Коу өз сөзінде: «Біздің еріктілер ойындар кезінде сегіз миллионнан астам сағат үздіксіз жұмыс жасау қажет және оларсыз еш ойындар өтпес»[30]. Еріктілер Олимпиадалық стильдегі киімдер киетін болады. Оның ішіне қарақошқыл және қызыл жейде, күртешелер мен жабағылар енеді. Және олар сарғыш шұлық пен қоңыр-сарғыш туфлилер киеді. Сонымен қатар олар тіркеуден өткен суреті бар бейдждермен жүреді.

Қауіпсіздік

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Олимпиадалық ойындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін теңдесі жоқ шаралар қабылданған[31]. Бұл шараға шамамен 40 мыңнан астам адамдар тартылмақ, соның ішінде 13 мың полиция өкілдері мен 17 мың әскери қызметкерлер. Ұлыбритания үкіметі қауіпсіздікті сақтау мақсатында зенитті-ракеталық комплекс «Рапираны» кірістіру мүмкіндігін қарастырған. 2012 жылғы Олимпиаданың қауіпсіздігі үшін бөлінетін бюджет құны 585 миллион фунт стерлингті құраған.[32][33]

Демеушілер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2011 жылдың күз мезгілінде Лондонда Кока-коланың ұйымдастыруы бойынша «Move to the beat» компаниясы өз жұмыссын бастады[34]. Сонымен қатар әлемдік демеушілер: Acer, Atos, Coca-Cola, Dow Chemical Company, General Electric, McDonald's, Omega SA, Panasonic, Procter & Gamble (P&G), Samsung, Visa.[34] Дүркіреген шоуға танымал спортшылар шақырылған, сонымен қатар ХХХ Олимпиада әнұрандарының бірі «Anywhere In The World» әні шырқалды. Әннің авторы Марк Ронсон әннің дыбысын басуда әр түрлі спортшылардың қозғалыс кезіндегі шыққан дыбыстарды пайдаланған. Ал әннің өзін атақты әнші Katy B орындайды.[35]

Ашылу салтанаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жазғы XXX Олимпиада Ойындары 27-шілдеде 2012 жылы Ұлыбритания уақыты бойынша кешкі BST (UTC+1) 21:00 Лондондағы «Стратфорд» стадионында салтанатты түрде ашылды. Көрініс «Ғажайып аралдары» (Isles of Wonder) деп аталды.[36] Олимпиада стадионына жиналған 80 мың көрермен «Олимпиада ашылуын» тамашалады.

Жабылу салтанаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лондондағы 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты 2012 жылдың 12 тамызында өтеді. Жабылу салтанатында Борис Джонсонның олимпиадалық туын Лондон мэрі 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарын өзіне қабылдайтын Рио-де-Жанейро қаласының мэріне табыстауы көрініс табады.[37]

Олимпиада рәміздері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Логотиптер және графика

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Логотип 4 дұрыс бұрышталмаған көпбұрыштардан тұрады, олар Олимпиаданың сандарын білдіреді, яғни — «2», «0», «1», «2». Бір бөлігінде «London» сөзі қосылған, ал басқа бір бөлігінде — олимпиадалық сақиналар орын алған. Логотип төрт түспен берілген нұсқалармен белгілі: көк, сарғылт, жасыл және қызғылт; арасында қара түсті нұсқалары да кездеседі.[38]

Логотиптің Паралимпиадалық және түрлі-түсте берілген нұсқалары

Логотипті Wolff Olins компаниясы бір жыл шамасында жасады және оның құны 400 мың фунт стрелингке бағаланды[39]. 2012 жылдың наурыз айының басында Иран Республикасы 2012 Олимпиада ойындарына байкот жариялауы мүмкін екенін білдірді[40]. Оның себебі Олимпиада логотипіндегі «Zion» сөзінің астында — Сион сөзі жасырылған, яғни сионизм мағынасын білдіреді[41]. Иран мемлекеттік Олимпиадалық комитетінің басшысы Бахрам Афшарзадех логотипті «нәсілшілдік» деп атады. Сонымен қатар логотипті свастикалық белгіге ұқсас деп жариялаған.[42][43]

Ойындар тұмары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Уенлок пен Мандевил

Ойындар бойтұмарын 2010 жылдың 19 мамырында жариялаған болатын[44][45]. Автордың мәлімдемесі бойынша, Болтон құрышының екі тамшысынан шыққан Уенлок пен Мандевил болған[44]. Тұмар есімдерін Ұлыбританияда алғашқы Олимпиадалық сайыс болып өткен Мач-Уенлок қаласы[44] мен алғашқы Паралимпиадалық ойындар болып өткен Сток-Мандевил қалашығының құрметіне арнап атаған екен[46]. Екі тұмардың көздері біреу, олар велошабандоздың бас киімін киеді, және онда Ойындардың логотиптері бейнеленген.[47]

2012 Жазғы Олимпиада ойындарының алтын медалі (екі жағынан көрсетілген)

БІр медальдың диаметрі шамамен 85 миллиметр болады, ал қалыңдығы 7 миллиметр[48]. Жалғыз бір жүлденің салмағы 375-400 грамм аралығында болады[49]. Sky Sports мәліметтері бойынша, бұл Ойындар тарихындағы ең үлкен медальдар болып саналады екен. Олимпиадаға барлығы 2100 медаль жасалынып шығады.

Әр түрлі мәртебедегі жүлделерде сәулелермен көмкерілген сол Ойынның логотипі болады. Медальдың арғы жағында жеңіс құдайы Ника мен Темза өзенінің суреті орналасады[50]. Бұл жобаның авторы ретінде дизайнер Дэвид Уоткинс болды[51].

Лондондағы Олимпиаданың ресим түрдегі әнұраны ретінде «Muse» тобының «Survival» (қаз. «Өміршеңдік») әні таңдалды[52]. Әнұран Олимпиаданың ашылу салтанатында және жеңімпаздарды марапаттау сәттерінде ойнатылады. Ән алғашқы тақырыптардың бірі болды.[53]

Ювяскюля университетіндегі денешынықтыру социологиясының фин профессоры Ханну Итконенге олимпиадалық әнұранның мәтіні бойынша бірнеше сын айтты. Оның айтуы бойынша, онда ешқандай спорттық рухқа қатысты ешнәрсе айтылмағаны, және ән мәтінінде бірігуге шақыратын, өмір деген — күрес екенін түсіндерітіндігі баяндалады.[54]

Жарыстар барысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қатысушы құрамалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Атлеттер саны бойынша құрамалардың бөлінуі
  300+   100+   30+   10+   4+   1+

204 Ұлттық Олимпиада комитеттерінен (ҰОК) 10 500-ден астам атлеттер қатысты.[55] Бұл Ұлыбритания тарихында болған 1948 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпида ойындары мен 2002 жылғы Манчестердегі Достастық ойындарынан асып түсті.[56]

2011 жылдың маусым айындағы Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) кезекті отырысында ХОК мүшелігінен айырылып қалған Нидерланд Антиль аралдары Олимпиада комитетінің үш спортшысы мен ҰОК мойындалмаған Оңтүстік Суданның бір спортшысы Олимпиада туының астында жарысқа қатысатын болады.[57]

Атлеттер саны бойынша сұрыптау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жарыс түрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының барлық сайыстары спорттың 26 түрінен және 39 спорттық түр бөліктерінен өтеді:

2005 жылы 8 шілдеде, Лондонды Олимпиада ойындарының астанасы ретінде қабылдағаннан кейін екі күн өткен соң, Халықаралық Олимпиада комитеті ойындар тізімінен бейсбол мен софтболды алып тастады.[58] Олардың орнына гольф, карате, регби-7, дөңгелекті спорт пен скошты қосу ұсынылды, бірақ бұл спорт түрлері жеткілікті дауыс жинай алмады.[58]

Алдыңғы Ойындарға қарағанда бағдарламаға біршама өзгерістер енгізілді. 2009 жылы 13 тамызда ХОК-нің атқарушы комитеті тұңғыш рет әйелдерге бокстан қолғап түйістіруге рұқсат берді.[59][60] Олар 12 атлет болып салмақтың үш түрінен (51-ге дейін, 60 және 75 кг) бақ сынасады. Соның әсерінен еркектер жағындағы бір салмақ дәрежесі алынып тасталатын болады. Сонымен әйелдер жазғы ойындардың барлық түрінен сайысқа түсе алады.[61]

Сонымен қатар гандболда да ептеген өзгерістер болды: ширек финалда жеңіліп қалған құрамалар үшін 5-8 орындарға арналған турнир болмайды. Ал қазіргі бессайыстың форматы өзгерді: жүгіру мен нысана көздеу бір сайысқа біріктіріледі.[62]

Ойындардың толық кестесі 2011 жылдың 15 ақпанында жарияланды[63].

 ●  Ашылу салтанаты  ●  Квалификациялық жарыстар  ●  Жарыстар финалдары  ●  Жабылу салтанаты
Шілде / тамыз 25 26 27 28 29 30 31 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Медальдар
Рәсімдер
Академиялық есу 3 3 4 4 14
Бадминтон 1 2 2 5
Баскетбол 1 1 2
Бокс 3 5 5 13
Күрес 2 3 2 2 2 2 3 2 18
Велоспорт 1 1 2 2 2 1 1 1 3 2 1 1 18
Су добы 1 1 2
Волейбол 1 1 1 1 4
Қол добы 1 1 2
Байдаркада және каноэде есу 1 1 2 4 4 4 16
Дзюдо 2 2 2 2 2 2 2 14
Ат спорты 2 1 1 2 6
Жеңіл атлетика 3 5 7 5 4 4 5 6 8 1 47
Үстел теннисі 1 1 1 1 4
Желкенді спорт 2 2 2 1 1 1 1 10
Жүзу 4 4 4 4 4 4 4 4 1 1 34
Суға секіру 1 1 1 1 1 1 1 1 8
Батутта секіру 1 1 2
Синхронды жүзу 1 1 2
Қазіргі бессайыс 1 1 2
Спорттық гимнастика 1 1 1 1 3 3 4 14
Нысана көздеу 2 2 1 1 1 1 2 2 1 2 15
Садақ ату 1 1 1 1 4
Теннис 2 3 5
Триатлон 1 1 2
Таэквондо 2 2 2 2 8
Ауыр атлетика 1 2 2 2 2 2 1 1 1 1 15
Семсерлесу 1 1 1 1 2 1 1 1 1 10
Футбол 1 1 2
Көгалдағы хоккей 1 1 2
Көркем гимнастика 1 1 2
Медальдар 12 14 12 15 20 18 22 24 24 18 21 17 22 16 32 15 302
шілде/тамыз 25 26 27 28 29 30 31  1  2  3  4  5  6  7  8  9 10 11 12

Әлем рекордтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Уақыт Оқиға Атлет Мемлекет Рекорд: сипаты
27 Шілде Академиялық есу – Еркектер, жеке сайыс Им Донг-Хьюн  Корея Республикасы Санақ бойынша әлемдік рекорд: 699, айналым рейтингі [64]
27 Шілде Академиялық есу – Еркектер, құрамалар сайысы Им Донг-Хьюн
Ким Буб-Мин
О Джин Хиек
 Корея Республикасы Санақ бойынша әлемдік рекорд: 2087, айналым рейтингі [64]
28 Шілде Байдаркада және каноэде есу – Еркектер,
жұптасып сайысу
Эрик Мюррей
Хэмиш Бонда
 Жаңа Зеландия Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 6:08.50, бір жарыста [65]
28 Шілде Жүзу – Әйелдер, 400 метр аралас жеке сайыс Ие Шиуен  Қытай Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 4:28.43, финалда [66]
29 Шілде Ауыр атлетика – Әйелдер, 53 кг Зүлфия Чиншанло  Қазақстан Жұлқи көтеру бойынша әлемдік рекорд: 131 кг [67]
29 Шілде Жүзу – Әйелдер, 100 метр баттерфляй Дана Воллмер  АҚШ Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 55.98 [68]
29 Шілде Жүзу – Еркектер, 100 метр брасс Кэмерон ван дер Бург  ОАР Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 58.46 [69]
30 Шілде Ауыр атлетика – Еркектер, 62 кг Ким Ун-Гук  КХДР Барлық уақыт бойынша әлемдік рекорд: 327 кг [70]
1 Тамыз Жүзу – Еркектер, 200 метр брасс Даниэль Гиурта  Мажарстан Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 2:07.28 [71]
1 Тамыз Ауыр атлетика – Еркектер, 77 кг Люй Хиаоджун  Қытай Жұлқи көтеру бойынша әлемдік рекорд: 175 кг
Жалпы санақ бойынша әлемдік рекорд: 379 кг
[72]
1 Тамыз Жүзу – Әйелдер, 200 метр брасс Ребекка Сони  АҚШ Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 2:20.00, жартылай финалда [71]
2 Тамыз Велоспорт – Әйелдер, құрамалар сайысы, спринт Виктория Пендлтон
Джессика Варниш
 Ұлыбритания Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 32.526, іріктеуде
2 Тамыз Велоспорт – Әйелдер, құрамалар сайысы, спринт Гонг Джинджие
Го Шуан
 Қытай Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 32.447, іріктеуде
Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 32.422, алғашқы турда
[73]
2 Тамыз Велоспорт – Еркектер, құрамалар сайысы, қуалау Эд Клэнси
Герайнт Томас
Стивен Берк
Петр Кеннаудж
 Ұлыбритания Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 3:52.499, іріктеуде
Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 3:51.659, финалда
[74]
2 Тамыз Велоспорт – Еркектер, құрамалар сайысы, спринт Филипп Хиндес
Крис Хой
Джейсон Кенни
 Ұлыбритания Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 42.747, алғашқы турда.
Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 42.600, финалда
[75]
2 Тамыз Жүзу – Әйелдер, 200 метр брасс Ребекка Сони  АҚШ Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 2:19.59, финалда [76]
3 Тамыз Велоспорт – Әйелдер, құрамалар сайысы, қуалау Даниэль Кинг
Лаура Тротт
Джоанна Роузелл
 Ұлыбритания Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 3:15.669, іріктеуде
3 Тамыз Нысана көздеу – Еркектер, 50 метр, бейімделген мылтық Сергей Мартынов  Беларусь Нәтиже бойынша әлемдік рекорд: 705.5, финалда
3 Тамыз Жүзу – Әйелдер, 200 метр, шалқалап жүзу Мисси Франклин  АҚШ Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 2:04.06, финалда
4 Тамыз Нысана көздеу – Әйелдер, қақпан Джессика Росси  Италия Санақ бойынша әлемдік рекорд: 75, іріктеуде
Санақ бойынша әлемдік рекорд: 99, финалда
4 Тамыз Велоспорт – Әйелдер, құрамалар сайысы, қуалау Даниэль Кинг
Лаура Тротт
Джоанна Роузелл
 Ұлыбритания Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 3:14.682, алғашқы турда
Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 3:14.051, финалда
4 Тамыз Жүзу – Еркектер, 1500 метр, фристайл Сун Ян  Қытай Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 14:31.02, финалда [77]
4 Тамыз Жүзу – Әйелдер, 4×100 метр, эстафета, қайталау Мисси Франклин
Ребекка Сони
Дана Воллмер
Эллисон Шмитт
 АҚШ Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 3:52.05, финалда
4 Тамыз Ауыр атлетика – Еркектер, 94 кг Илья Ильин  Қазақстан Жұлқи көтеру бойынша әлемдік рекорд: 233 кг.
Жалпы санақ бойынша әлемдік рекорд: 418 кг.
[78]
5 Тамыз Ауыр атлетика – Әйелдер, +75 кг Татьяна Каширина  Ресей Жұлқи көтеру бойынша әлемдік рекорд: 151 кг.
5 Тамыз Ауыр атлетика – Әйелдер, +75 кг Чжоу Лулу  Қытай Жалпы санақ бойынша әлемдік рекорд: 333 кг.
9 Тамыз Жеңіл атлетика – Еркектер, 800 метр Дэвид Рудиша  Кения Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 1:40.91, финалда
10 Тамыз Жеңіл атлетика – Әйелдер, 4×100 метр Тиана Мэдисон
Аллисон Феликс
Биянка Найт
Кармелита Джетер
 АҚШ Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 40.82, финалда
11 Тамыз Жеңіл атлетика – Әйелдер, 20 километр Елена Лашманова  Ресей Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 1:25:02.
11 Тамыз Жеңіл атлетика – Еркектер, 4×100 метр Неста Картер
Майкл Фратер
Йохан Блэйк
Усейн Болт
 Ямайка Уақыт бойынша әлемдік рекорд: 36.84, финалда

Медалдар санағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарындағы медал санағы бойынша алғашқы ондық

Орын Ел Алтын Күміс Қола Барлығы
1  АҚШ 48 26 30 104
2  Қытай 39 31 22 92
3  Ұлыбритания 29 18 18 65
4  Ресей 18 20 26 64
5  Корея Республикасы 13 9 9 31
6  Германия 11 20 13 44
7  Франция 11 11 13 35
8  Аустралия 8 15 12 35
9  Италия 8 9 11 28
10  Мажарстан 8 4 6 18
Барлығы (85 ҰОК) 303 304 352 959
  •    Қабылдаушы ел — Ұлыбритания;
  •    Алтын медалдар саны бойынша: АҚШ — 46;
  •    Күміс медалдар саны бойынша: АҚШ — 29;
  •    Қола медалдар саны бойынша: Ресей — 32;
  •    Барлық санаттағы медалдар саны бойынша: АҚШ — 104.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Cauldron moved into position in Olympic Stadium. London 2012 Olympic and Paralympic Organizing Committee. Басты дереккөзінен мұрағатталған 11 желтоқсан 2012.
  2. International Olympic Committee – London 2012. IOC. Тексерілді, 3 тамыз 2008.
  3. Coe promises Olympics to remember, BBC Sport (6 шілде 2005). Тексерілді 3 тамыз 2008.
  4. Barden, Mark. London's first Olympics, BBC Sport (26 сәуір 2008). Тексерілді 3 тамыз 2008.
  5. The 1948 London Olympics Gallery. BBC History. Тексерілді, 3 тамыз 2008.
  6. London 2012: Election. International Olympic Committee. Тексерілді, 2 қазан 2009.
  7. Building a sustainable Games. London 2012. Басты дереккөзінен мұрағатталған 25 мамыр 2012. Тексерілді, 2 қазан 2009.
  8. London plan at-a-glance, BBC News (5 маусым 2005). Тексерілді 2 қазан 2009.
  9. What is the London 2012 Olympics?. politics.co.uk (24 сәуір 2008). Тексерілді, 2 қазан 2009.
  10. Olympic bids: The rivals, BBC Sport (15 шілде 2003). Тексерілді 3 тамыз 2008.
  11. London bid team delighted, BBC Sport (18 мамыр 2004). Тексерілді 3 тамыз 2008.
  12. Day One Of Paris 2012 Inspection By IOC, GamesBids. Тексерілді 9 наурыздың 2005.
  13. a b London Development Agency. LOCOG formally established at first meeting of London 2012 Transition Board. Пресс-релиз. Тексерілген 15 қазан 2011.
  14. London 2012. Lemley chairs first ODA board meeting. Пресс-релиз. Тексерілген 15 қазан 2011.
  15. London 2012. Excel London (6 шілде 2005). Тексерілді, 15 қазан 2011.
  16. a b Olympics 2012 venue guide, BBC News (3 желтоқсан 2008). Тексерілді 15 қазан 2011.
  17. London reveals Olympic Park plans, BBC Sport (8 қараша 2004). Тексерілді 15 қазан 2011.
  18. Bingham, Keith. Lord Coe selects Hadleigh in Essex as 2012 Olympic mtb venue, Cycling Weekly (15 тамыз 2008). Тексерілді 15 қазан 2011.
  19. Road cycling. London2012. Басты дереккөзінен мұрағатталған 26 мамыр 2012. Тексерілді, 15 қазан 2011.
  20. Essex venue to host 2012 biking, BBC Sport (11 тамыз 2008). Тексерілді 15 қазан 2011.
  21. Mountain bike course 'too easy', BBC Sport (1 ақпан 2008). Тексерілді 15 қазан 2011.
  22. High-speed rail links confirmed, BBC News (27 қазан 2004).
  23. Report of the IOC Evaluation Commission for the Games of the XXX Olympiad in 2012. Olympic.org. Тексерілді, 23 маусым 2012.
  24. London Olympics Transport Upgrade, Railway Technology (15 маусым 2011). Тексерілді 15 қазан 2011.
  25. Extra trains planned for visitors to London 2012 venues, BBC News (25 мамыр 2011).
  26. Pearman, Hugh. These Knock-Down, Shrinkable Games (25 шілде 2012), бет  D6. Тексерілді 25 шілде 2012.
  27. Volunteering – Making the Games happen. London 2012. Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 қыркүйек 2012. Тексерілді, 15 сәуір 2012.
  28. 10 Games Maker facts. London 2012. Басты дереккөзінен мұрағатталған 8 желтоқсан 2012. Тексерілді, 15 сәуір 2012.
  29. Shifrin, Tash. Olympic appeal as volunteer target hit (10 ақпан 2004). Тексерілді 15 сәуір 2012.
  30. Volunteers training day at Wembley Stadium as they prepare for Games (4 ақпан 2012). Тексерілді 15 сәуір 2012.
  31. London 2012: 13,500 troops to provide Olympic security, BBC News (15 желтоқсан 2011).
  32. Booth, Robert. London rooftops to carry missiles during Olympic Games (29 сәуір 2012). Тексерілді 29 сәуір 2012.
  33. London Olympics 2012: MoD rooftop missile base plan alarms local residents (29 сәуір 2012). Тексерілді 29 сәуір 2012.
  34. a b Olympic Games partners | The people delivering the Games. London 2012. Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 қаңтар 2013. Тексерілді, 15 қазан 2011.
  35. Rogers, Simon. London 2012 Olympic sponsors list: who are they and what have they paid?, The Guardian (19 шілде 2012). Тексерілді 24 шілде 2012.
  36. Opening Ceremony — 2012 Olympics
  37. Closing Ceremony. London 2012. Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 желтоқсан 2012. Тексерілді, 20 шілде 2012.
  38. The new London 2012 brand. London 2012 (4 маусым 2007). Басты дереккөзінен мұрағатталған 6 маусым 2007. Тексерілді, 4 маусым 2007.
  39. BBC poll measuring public reaction to the new London Olympics logo. BBC Sport.
  40. Cowell, Alan. British turn up their noses at London Olympics logo (6 маусым 2007).
  41. Stocks, Claire Why we should give London 2012 logo a chance. BBC Sport Editors' blog (5 маусым 2007). Тексерілді, 20 мамыр 2010.
  42. «Олимпиада 2012» жылғы ойындарының логотипінен свастика бар екенін анықтаған
  43. Олимпиада-2012 логотипі свастикаға ұқсас Мұрағатталған 29 маусымның 2012 жылы.
  44. a b c Farquhar, Gordon. London 2012 unveils Games mascots Wenlock & Mandeville, BBC News (19 мамыр 2010). Тексерілді 19 мамыр 2010.
  45. BBC Sport — London 2012 unveils Games mascots Wenlock & Mandeville  (ағыл.)
  46. The London 2012 mascots. London 2012 (19 мамыр 2010). Басты дереккөзінен мұрағатталған 21 мамыр 2010. Тексерілді, 20 мамыр 2010.
  47. Home – London 2012 Mascots. Mylondon2012.com. Тексерілді, 15 қазан 2011.
  48. London 2012 Olympic Games victory medals to be made by the Royal Mint. Royalmint.com. Тексерілді, 15 қазан 2011.
  49. London 2012: Olympic medals locked in Tower, BBC News (2 шілде 2012). Тексерілді 4 шілде 2012.
  50. London 2012: Olympic medals timeline, BBC News (26 шілде 2011).
  51. London 2012: Olympic medals go into production in Wales, BBC News (27 қазан 2011). Тексерілді 4 шілде 2012.
  52. Muse unveil official Olympic song. BBC (28 маусым 2012). Тексерілді, 28 маусым 2012.
  53. Welcome to Royal Mail Group. .royalmailgroup.com (24 тамыз 2009). Тексерілді, 15 қазан 2011.
  54. Kennedy, Maev. Olympic one kilo coins to mark London 2012 Games unveiled (23 қараша 2011). Тексерілді 21 шілде 2012.
  55. Olympics – Countries, BBC Sport. Тексерілді 19 шілде 2012. «From the 27th of шілде 2012 – 204 countries will send more than 10,000 athletes to compete in 300 events».
  56. Hubbard, Alan. City of Manchester Stadium: The Wembley rescuers (12 желтоқсан 1999). Тексерілді 13 шілде 2012.
  57. Curtain comes down on 123rd IOC Session. IOC. Тексерілді, 11 шілде 2011.
  58. a b Michaelis, Vicki. Baseball, softball bumped from Olympics, USA Today (8 шілде 2005). Тексерілді 17 тамыз 2008.
  59. Fraser, Andrew. Shooters seek handgun law change, BBC News (19 тамыз 2005). Тексерілді 30 шілде 2012.
  60. Associated Press. British government relaxes gun laws on sport ahead of 2012 Olympics, ESPN (8 шілде 2008). Тексерілді 30 шілде 2012.
  61. International Olympic Committee – Olympic Games. Olympic.org. Басты дереккөзінен мұрағатталған 12 қыркүйек 2008. Тексерілді, 12 қазан 2008.
  62. Gordon Brown backs Olympic netball. Daily Express (20 ақпан 2008). Басты дереккөзінен мұрағатталған 28 қыркүйек 2008. Тексерілді, 10 қыркүйек 2008.
  63. 2012 жылдың Олимпиада ойындары күнтізбесі жарияланды
  64. a b Im Dong Hyun posts first world record of London 2012 Olympics. Olympics Metal Tally (27 Шілде 2012). Тексерілді, 27 Шілде 2012.
  65. New Zealand pair Hamish Bond, Eric Murray set world best time at Olympic rowing regatta, The Washington Post (28 Шілде 2012). Тексерілді 28 Шілде 2012.
  66. Ye Shiwen of China sets world record to win Olympic gold in Әйелдер, 400 IM, Newsday (28 Шілде 2012). Тексерілді 28 Шілде 2012.
  67. Әйелдер, 53kg Results, London 2012 (29 Шілде 2012). Тексерілді 29 Шілде 2012.
  68. Dana Vollmer sets world record in 100 fly. Newsday (29 Шілде 2012). Тексерілді, 29 Шілде 2012.
  69. Sascoc hails van der Burgh on Olympic win, SABC (30 Шілде 2012). Тексерілді 30 Шілде 2012.
  70. Records tumble as Kim takes gold, London 2012 (30 Шілде 2012). Тексерілді 30 Шілде 2012.
  71. a b Day 5 Review: Adrian, Gyurta celebrate gold success, London 2012 (1 Тамыз 2012). Тексерілді 2 Тамыз 2012.
  72. Lu lifts into record books, London 2012 (1 Тамыз 2012). Тексерілді 2 Тамыз 2012.
  73. Pretot, Julien. Olympics-Cycling-China set world record, Britain out, Reuters (2 Тамыз 2012). Тексерілді 2 Тамыз 2012.
  74. Coach backs GB quartet to go faster, Yahoo! Eurosport (2 Тамыз 2012). Тексерілді 2 Тамыз 2012.
  75. Hoy claims fifth gold, London 2012 (2 Тамыз 2012). Тексерілді 2 Тамыз 2012.
  76. Soni smashes world record to claim gold, London 2012 (2 Тамыз 2012). Тексерілді 2 Тамыз 2012.
  77. Sun shatters 1500m WR at Olympics, Fogg eighth, Yahoo! Eurosport (4 Тамыз 2012). Тексерілді 4 Тамыз 2012.
  78. https://archive.is/20121204163336/www.london2012.com/weightlifting/event/men-94kg/index.html?v=20120804-203849822

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: 2012 Summer Olympics
Ресми
Жаңалықтар