Мазмұнға өту

Геннадий Геннадьевич Головкин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
08:16, 2024 ж. қазанның 17 кезіндегі Nurtenge (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Akaan327 (т) өңдемелерінен 1nter pares соңғы нұсқасына қайтарды)
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)
Геннадий Головкин
Суреті
Жалпы мағлұмат
Толық есімі

Геннадий Геннадьевич Головкин

Лақап аты

GGG (Triple G)

Азаматтығы

 Қазақстан

Туған күні

8 сәуір 1982 (1982-04-08) (42 жас)

Туған жері

 Қазақстан, Қарағанды, Майқұдық

Тұрғылықты жері

 АҚШ, Лос-Анджелес

Салмағы

Орта салмақ

Тұрысы

оңқай

Бойы

179 см

Қолдың қарқыны

178 см

Стилі

ортодокс

Бапкері

Абел Санчес

Рейтингтері
BoxRec рейтинг бойынша позициясы

1 (1090 ұпай)

The Ring рейтинг бойынша позициясы

4

Кәсіби карьерасы
Алғашқы айқасы

6 мамыр 2006 жыл

Соңғы айқасы

9 сәуір 2022 жыл

Чемпион белдігі

WBA, IBF,IBO, WBC

Айқастар саны

44

Жеңгендер саны

42

Нокаутпен жеңгені

37

Жеңілгендер саны

1

Тең түскендері

1

Болмағандары

0

Әуесқой карьерасы
Айқастар саны

350

Жеңгені

345

Жеңілгені

5

gggboxing.com
Қызметтік тізімі (boxrec)
Марапаттар
Бокс
Олимпиада ойындары
Күміс Афина 2004 75 кг дейін
Әлем чемпионаты
Алтын Бангкок 2003 75 кг дейін
Әлем кубоктары
Күміс Астана 2002 71 кг дейін
Азия чемпионаттары
Алтын Филиппин 2004 75 кг дейін
Мемлекеттік марапаттары
Құрмет ордені
Құрмет ордені

Головкин Геннадий Геннадьевич (8 сәуір 1982 жыл Қарағанды, Қазақстан) — орта және екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы, әуесқой спортшылар арасында бокстан Әлем чемпионы (2003), Афинада өткен Олимпиаданың (2004) күміс жүлдегері.

Кәсіпқой бокста IBF, WBA, IBO бойынша екі дүркін Әлем чемпионы. Әлемдік бокстағы бірнеше тұжырымдар бойынша орта салмақтағы қазіргі уақыттағы Әлем чемпионы IBO (2011-2018, 2019 - қ.у);

WBA (2010–2018, 2022–2023); WBC (2016–2018), IBF (2015–2018, 2019–2023). The Ring журналына сәйкес P4P салмақ дәрежесіне қарамастан, үздік боксшылардың ондығына кіреді (2018).

Америкалық USA Today басылымының нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» атанды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Қазақстан 7 дүркін чемпионы, 2000 жылғы жастар арасында Әлем чемпионы, Қазақстанның тұңғыш өткен спартакиада ойындарының чемпионы (2001), 2001 жылы өткен мұнай өндіруші елдер арасындағы Кубок жеңімпазы, III Шығыс Азия ойындарының чемпионы (2001).

2024 жылғы 26 ақпаны Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінінің басшысы болып сайланды[1][2].

Отбасы

Генадий Головкин 1982 жылдың 8 сәуір күні Қазақстанның Қарағанды қаласында Майқұдық ауданында дүниеге келген.

Әкесі – Геннадий Иванович Головкин, мамандығы – шахтер, "Карагандинская шахтасында қызмет етті. 2014 жылы дүниеден өтті. Анасы – Елизавета Сергеевна, ұлты кәріс, химиялық зертханада көмекші қызметін атқарған[3].

Головкиндер отбасында 4 ұл дүниеге келген. Вадим, Сергей, Генадий және Максим. Максим мен Генадий егіздер, Максим Генадийден 15 минут кейін туған. Екі ағасы әскерде қызмет атқарып, белгісіз жағдайларда қаза болды (Вадим - 1990 жылы, Сергей – 1994 жылы).

Бокс секциясына 8 жастағы Максим мен Генадийді ағалары алып келеді.

Генадий Головкиннің алғашқы бапкері Виктор Дмитриев, ал кейін Галым Кенжебаев болды. Максим Генадийдің екінші бапкері ретінде қызмет етеді.

Ағайындылар бір сыныпта оқыды және бірдей салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен, бірақ бір-бірімен ешқашан бетпе-бет белдескен емес. Бір-бірімен белдесуге тура келгенде, екеуінің біреуін жарыстан алып тастайтын болған. 2004 жылғы Олимпиадаға іріктеу кезінде осы себеппен Максим спорттан кетті.

Геннадий Головкин үйленген. Жолдасының есімі – Алина. Қарағанды қаласында туған. Генадий мен Алина 2000 жылы танысып, 2007 жылы 7 шілдеде неке құрған. Обасында екі ұл (2009 және 2019) мен бір қыз (2017) өсіріп жатыр. Тұңғыш ұлдың есімі – Вадим. Алина жолдасының ойындарын қарауға бармайды. Генадий хоккейді жақсы көргендіктен, НХЛ ойындарына жанкүйер болып қатысады[4].

Әуесқой мансабы

Головкиннің әуесқой мансабы ұзаққа созылды әрі, қанық оқиғаға толы болды.Генадий бокспен 8 жасынан бастап айналыса бастады. 1993 жылы оны облыстық бокстан өткен жарысқа оның бапкері жіберген болатын. Соңында осы сайыстан 3 жеңіс әкелді. Бұдан кейін ол облыстық, мемлекеттік және халықаралық бокстан жарыстарға үміткер болып қатыса бастады. Осы уақытқа дейін Генадий Головкин өзінің қатысқан 350 жекпе-жегінде тек 5 рет қана жеңіліске ұшыраған болатын.19 жасында шығыс боксында бірінші орын алады да, 2002 жылы бұл жеңісін тағы бір мәрте қайталайды. 2003 жылы Таиландта өткен боксшылар жекпе-жегінде өзінің 4 қарсыласының екеуін нокаутқа жібергені үшін бірінші орынды алады.

Өзінің алғашқы ресми белдесуін Головкин 11 жасында облыстық деңгейдегі жарыста өткізді. Онда ол өзінен 2 – 4 жас үлкен қарсыластармен белдесті, сөйтіп сол жарыста жеңіске жетті.

2000 жылы Геннадий Головкин Будапештте жартылай орта салмақ дәрежесіндегі жастар арасында өткен Чемпионатта жеңіске жетті.

2001 жылы Шығыс Азиялық ойындардың финалында Дэниэль Гилді жеңді (15 – 3).

2002 жылы Астанада өткен командалық Әлем кубогында Қазақстан құрамасының құрамында күміс медальді жеңіп алды. Головкин жарыстағы барлық 4 белдесуінде жеңіске қол жеткізді. Топтық кезеңде Қазақстан – Әзірбайжан матчында Джавид Тагиевті жеңді (19 – 8), ал Қазақстан – Камерун матчында Фостер Нкодоны мерзімінен бұрын жеңді (RSCO 3). Жартылай финалдық Қазақстан - Ресей матчы кезінде Андрей Балановты жеңіп шықты (10 – 7). Ал жалпылай санағанда 7 – 5 есебімен кубалықтар жеңімпаз атанған Қазақстан – Куба финалдық матчында Дамиан Остинды жеңген болатын (6 – 4).

2002 жылы Пусанда (Оңтүстік Корея) алтын медальді жеңіп алды. Финалда Пхленчит Сурияны нокаутпен жеңді.

2003 жылы Бангкоктегі Әлем чемпионатында алдымен ресейлік Матвей Коробовты, кейін әйгілі ирландиялық Энди Лиді ірі есеппен жеңіп, содан соң болашақ әлем чемпионы – Лучиан Бутені нокаутпен жеңіп, жартылай финалда кубалық Йорданис Деспагноны жеңіп, финалда украиналық боксшы – Алексей Машкинді нокаутпен құлатып, алтын медальға ие болды.

2004 жылы Пуэрто–Принсесте (Филиппин) алтын медальді жеңіп алды. Ширек финалда оңтүстіккореялық Дук–Жин–Чоны, жартылай финалда қырғыз Қымбатбек Рысқұловты жеңіп, финалда жергілікті боксшы Кристофер Каматты 2 раундта тоқтатты.

Бокстан әлем чемпионаты (2003)

Орташа салмақ
Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/16 07.07.2003 Қазақстан Геннадий Головкин 19:10 Ресей Матвей Коробов
1/8 09.07.2003 Қазақстан Геннадий Головкин 29:9 Ирландия Энди Ли
1/4 10.07.2003 Қазақстан Геннадий Головкин KO 4 Румыния Lucian Bute
1/2 11.07.2003 Қазақстан Геннадий Головкин 29:26 Куба Yordanis Despaigne
Финал 12.07.2003 Қазақстан Геннадий Головкин RSCI 2 Украина Олег Машкин

Олимпиада ойындары

2004 жылғы Олимпиада ойындарында 75 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 2-орынға ие болды. Іріктеу кезеңінде Головкиннен жеңілген Артаев 72 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды. Финалдың 1/16 бөлігі – автоматты түрде өтті;

Финалдың 1/8 бөлігі – Ахмед Али Ханды жеңді (Пәкістан) 31 – 10;

Финалдың 1/4 бөлігі – Рамадан Яссирді жеңді (Мысыр) 31 – 20;

Финалдың 1/2 бөлігі – Андре Дирелланы жеңді (АҚШ) 23 – 18;

Финал – Гайдарбек Гайдарбековтен жеңілді (Ресей) 18 – 28

Орташа салмақ
Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/8 21.08.2004 Қазақстан Геннадий Головкин 31:10 Пәкістан Әли Ахмед Хан
1/4 25.08.2004 Қазақстан Геннадий Головкин 31:20 Мысыр Ramadan Yasser
1/2 27.08.2004 Қазақстан Геннадий Головкин 23:18 Америка Құрама Штаттары Andre Dirrell
Финал 28.08.2004 Қазақстан Геннадий Головкин 18:28 Ресей Гайдарбек Гайдарбеков

Бокстан әлем чемпионаты (2005)

Орташа салмақ
Кезең Күні Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/16 15.11.2005 Қазақстан Геннадий Головкин 15:12 Черногория Nikola Sjekloca
1/8 16.11.2005 Қазақстан Геннадий Головкин 21:27 Мысыр Mohamed Hikal

Кәсіпқой мансабы

Головкин кәсіпқой рингтегі дебютін 2006 жылы 24 мамырда Габор Балотқа қарсы ойында орта салмақ дәрежесінде жасады. Бірінші раунда ақ қарсыласын нокаутқа жіберіп жеңіске жетті. Осыдан кейін қатыранан 36 ойында жеңіске жетті, соның ішінде 32 ұрысты уақытынан бұрын аяқтады.

Кәсіпқой боксқа келгеннен кейін, Генадийдің тіркелген компаниясы 5 жыл бойы оған лайықты қарсылас тауып бере алмағандықтан, бұл боксшының жұлдызы жанбады.

2007 жылдың қыркүйегінде француз Мехди Боудламен 8 – раундтық ұрыста ұпай саны бойынша жеңіске жетті (11 – 1).

2008 жылдың сәуірінде ұпай саны бойынша Иан Гарднерді жеңді.

2008 жылдың қараша айында белорус Малик Дзиарр 2-раундта белдесуден бас тартып, Головкин жеңіске жетті. (29 – 3).

2009 жылдың 11 шілдесінде алғашқы 12 раундтық айқасқа шықты. WBO интерконтинеталды чем��ионы атағы үшін болған айқастың 2-раундында бразилиялық Джон Андерсон Карвальоны нокаутпен тізе бүктірді. Кейін жеңілмеген Михаил Макаровты нокаутпен жеңді. 2009 жылы Гена WBO-ның интерконтинентальды чемпионы белдігін алды.

2010 жылы Головкин ағайынды Кличколардың K2 Promotions промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды.

2010 жылдың тамыз айында колумбиялық Милтон Нуньесті (21-1-1) 1 раундта нокаутпен жеңді. Бұл жеңіс арқылы ол WBA-ның уақытша тізіміне кірсе, 3 айдан кейін тізімге толығымен орнықты.

2011 жылы IBO версиясы бойынша 2 белдік алды. Жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002 ж.); «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 8 рет қорғады), IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 5 рет қорғады).

2012 жылы Феликс Штурмды жеңген аустралиялық Дэвид Гил міндетті түрде осы жыл аяғына дейін өз белбеуін Геннадийге қарсы қорғауға шақырғанымен, Гил басқа өз отандасымен жекпе жекке шығуға шешкен. Осының нәтижесінде WBA Генаға Гилдің титулын тартып алып берді, яғни Гена - суперчемпион атанды.[5]

Кәсіби ойындардың статистикасы

42 жеңіс (37 нокаут), 1 жеңіліс, 1 тең [6]
Нәтиже Есеп Қарсылас Тип Раунд Күні Болған жер Ескерту
Жеңді 34-0 Канада Давид Лемье TKO 8 (12), 1:32 2015-10-18 Америка Құрама Штаттары Медисон Скуер Гарден, Нью-Йорк, АҚШ WBC және IBO, WBC титулдарын қорғау, IBF титулды алған
Жеңді 33-0 АҚШ Вилли Монро TKO 6 (12), 0:45 2015-05-17 Америка Құрама Штаттары The Forum, Инглвуд, Калифорния, АҚШ WBC және IBO титулдарын қорғау
Жеңді 32-0 Ұлыбритания Мартин Мюррей TKO 10 (12), 0:50 2015-02-21 Монако Salle des Étoiles, Монте-Карло, Монако WBA және IBO титулдарын қорғау
Жеңді 31-0 Мексика Марко Антонио Рубио KO 2 (12), 1:19 2014-10-18 Америка Құрама Штаттары Стабхаб Сентер, Карсон, АҚШ WBA және IBO титулдарын қорғау
Жеңді 30-0 Аустралия Дэниэл Гил TKO 3 (12), 2:47 2014-07-26 Америка Құрама Штаттары Медисон Скуер Гарден, Нью-Йорк, АҚШ WBA және IBO титулдарын қорғау
Жеңді 29-0 Гана Осуману Адама TKO 7 (12), 1:20 2014-02-01 Монако Chapiteau de Fontvieille, Монте-Карло WBA және IBO титулдарын қорғау
Жеңді 28-0 Америка Құрама Штаттары Кёртис Стивенс TKO 8 (12), 3:00 2013-11-02 Америка Құрама Штаттары Медисон Скуер Гарден, Нью-Йорк WBA және IBO титулдарын қорғау
Жеңді 27-0 Ирландия Мэтью Маклин TKO 3 (12), 1:22 2013-29-07 Америка Құрама Штаттары Машантакет, Коннектикут WBA және IBO титулдарын қорғау
Жеңді 26-0 Жапония Нобухиро Ишида TKO 3 (12), 2:46 2013-30-03 Монако Монте-Карло, Монако WBA және IBO титулдарын қорғау
Жеңді 25-0 Америка Құрама Штаттары Габриел Росадо TKO 7 (12), 2:46 2013-19-01 Америка Құрама Штаттары Медисон Скуер Гарден, Нью-Йорк, АҚШ WBA және IBO титулдарын қорғау
Жеңді 24-0 Польша Гжегож Прокса TKO 5 (12), 1:11 2012-09-01 Америка Құрама Штаттары Turning Stone Resort & Casino, Верона, АҚШ WBA және IBO титулдарын қорғау
Жеңді 23-0 Жапония Макото Фучигами TKO 3 (12), 1:17 2012-05-12 Украина «Терминал» сауда ойын-сауық орталығы, Бровары, Украина WBA және IBO титулдарын қорғау
Жеңді 22–0 Америка Құрама Штаттары Лахуан Саймон KO 1 (12), 2:17 2011-12-09 Германия Ballsaal Interconti-Hotel, Дюссельдорф, Германия WBA титулын қорғау
IBO бос титулын алу
Жеңді 21–0 Уганда Кассим Оума TKO 10 (12), 1:57 2011-06-17 Панама Arena Roberto Duran, Панама-сити WBA титулын қорғау
Жеңді 20–0 Колумбия Нилсон Хулио Тапиа KO 3 (12), 2:44 2010-12-16 Қазақстан "Дәулет" спорт кешені , Астана, Қазақстан WBA титулын қорғау
Жеңді 19–0 Колумбия Милтон Нунез KO 1 (12), 0:58 2010-08-14 Панама Arena Roberto Duran, Панама-сити WBA титулын алу
Жеңді 18–0 Ресей Михаил Макаров KO 2 (10), 1:24 2009-11-21 Германия Sparkassen-Arena, Киль, Германия
Жеңді 17–0 Бразилия Джон Андерсон Карвальо KO 1 (12), 1:24 2009-07-11 Германия Нюрбургринг, Нюрбург, Германия WBA бос құрлықаралық титулын алу
Жеңді 16–0 Америка Құрама Штаттары Энтони Гринидж KO 5 (10), 0:59 2009-04-25 Германия König Palast, Крефельд, Германия
Жеңді 15–0 Аргентина Хавьер Альберто Мамани TKO 1 (10), 2:52 2009-01-17 Германия Burg-Waechter Castello, Дюссельдорф, Германия
Жеңді 14–0 Беларусь Малик Дзиарра RTD 2 (10), 3:00 2008-11-22 Германия Stadthalle, Росток, Германия
Жеңді 13–0 Алжир Амар Амари UD 8 2008-06-21 Дания Brøndby Hall, Копенгаген, Дания
Жеңді 12–0 Франция Ибрагим Сид TKO 8 (8), 0:26 2008-05-10 Германия Brandberge Arena, Галле, Германия
Жеңді 11–0 Канада Ян Гарднер UD 8 2008-04-05 Германия Burg-Waechter Castello, Дюссельдорф, Германия
Жеңді 10–0 Оңтүстік Африка Республикасы Тшепо Машего KO 1 (8), 2:04 2008-02-29 Германия Alsterdorfer Sporthalle, Гамбург, Германия
Жеңді 9–0 Франция Мехди Буадла UD 8 2007-09-07 Германия Burg-Waechter Castello, Дюссельдорф, Германия
Жеңді 8–0 Беларусь Сергей Хомитский TKO 5 (8), 1:59 2007-05-25 Германия Fight Night Arena, Кёльн, Германия
Жеңді 7–0 Оңтүстік Африка Республикасы Саймон Мокоена RTD 6 (8) 2007-02-27 Германия Kugelbake-Halle, Куксхафен, Германия
Жеңді 6–0 Сенегал Сильвен Гомис KO 4 (6), 1:00 2006-12-02 Германия Estrel Convention Center, Берлин, Германия
Жеңді 5–0 Аргентина Хорхе Ариел Гарсия KO 2 (6), 2:28 2006-10-21 Германия Brandberge Arena, Галле, Германия
Жеңді 4–0 Латвия Мартинс Кукулис TKO 3 (4) 2006-09-19 Германия Kugelbake-Halle, Куксхафен, Германия
Жеңді 3–0 Польша Даниел Урбанский TKO 4 (4) 2006-08-22 Германия Universum Gym, Гамбург, Германия
Жеңді 2–0 Беларусь Сергей Наварка TKO 3 (4), 1:10 2006-07-29 Германия Koenig Pilsener Arena, Оберхаузен, Германия
Жеңді 1–0 Мажарстан Габор Балог KO 1 (4), 1:28 2006-05-06 Германия Burg-Waechter Castello, Дюссельдорф, Германия Кәсіби бокстағы дебюті

Головкин стилі

GGG белгісі

Жетістіктері

  1. 2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
  2. 7 дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы: жастар арасындағы әлем чемпионы (Мажарстан, Будапешт, 2000 ж.);
  3. ҚР I спартакиадасының чемпионы (2001 ж.);
  4. Шығыс Азия ойындарының чемпионы (Жапония, Осака, 2001 ж.);
  5. Азия ойындарының чемпионы - (Оңтүстік Корея, Пусан, 2002 ж.);
  6. Жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002 ж.);
  7. «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы.
  8. WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 8 рет қорғады)
  9. IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 5 рет қорғады).
  10. 89% нокауттық үлесімен Головкин кәсіпқой бокс тарихында орташа салмақ бойынша нокаут үлесімен бірінші орында тұр.
  11. 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты.

Мемлекеттік нагрдалары

  1. Құрмет ордені (2004)
  2. Парасат ордені (2011)
  3. Назарбаев ордені (2018)

Дереккөздер

  1. ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН ИЗБРАН НОВЫМ ПРЕЗИДЕНТОМ НАЦИОНАЛЬНОГО ОЛИМПИЙСКОГО КОМИТЕТА РК. Тексерілді, 2024 жылғы 28 ақпан.
  2. Головкин вместо Кулибаева. В Казахстане перед Олимпиадой сменился глава НОК.
  3. Шахтерская закладка. Тексерілді, 2024 жылғы 28 ақпан.
  4. Биография боксера Геннадия Головкина: история сына русского шахтера из Казахстана. Тексерілді, 2024 жылғы 28 ақпан.
  5. Геннадий Головкин WBA титулының иегері атанды(қолжетпейтін сілтеме)
  6. Gennady Golovkin's Professional Boxing Record – BoxRec.com Мұрағатталған 9 наурыздың 2015 жылы.