Мазмұнға өту

Құрамыс Ермеков

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
01:03, 2024 ж. қазанның 2 кезіндегі Casserium (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)
Құрамыс Ермеков
Туған күні

7 қ��раша 1936 (1936-11-07)

Туған жері

Забурын ауылы, Исатай ауданы, Атырау облысы

Қайтыс болған күні

2011 (2011)

Қайтыс болған жері

Атырау,

Азаматтығы

 КСРО
 Қазақстан

Ғылыми аясы

Философия

Жұмыс орны

Атырау мемлекеттік университеті

Ғылыми дәрежесі

Философия ғылымдарының докторы

Ғылыми атағы

Философия ғылымдарының профессоры

Альма-матер

Алматы шет тілдер институты, Гурьев педагогикалық институты

Марапаттары


Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл мерекелік медалі

Құрамыс Ермеков (7 қараша 1936 жыл, Забурын ауылы, Новобогат ауданы Гурьев облысы2011 жыл, Атырау) — философия ғылымдарының докторы (1992), профессор (1994), әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі.

Құрамыс Ермеков 7 қараша 1936 жылы Забурын ауылында дүниеге келген Новобогат ауданы Гурьев облысы. Руы Адай Тоқтамыс бөлемі, Кіші жүз.

1957 жылы Алматы шет тілдер институтының герман филологиясы факультетін бітірді.

1957–1967. Гурьев облысы Дамба кентінің ауылдық мектебінде мұғалім.

1967–1992. Балықшы ауданының халыққа білім беру органдарында жұмыс істеді. Қазақстан Компартиясы Балықшы аудандық комитетінің идеологиялық жұмыстар жөніндегі хатшысы. Гурьев педагогикалық училищесінің директоры.

1971 жылы Гурьев педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген.

1975 жылы кандидаттық диссертация қорғады.

Мәскеудегі қоғамдық ғылымдар академиясының философия бойынша аспирантурасын бітірді.

1992. Ресей Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік басқару академиясының докторантурасын бітіріп, сол жылы ��окторлық диссертация қорғап, Қазақстанның батыс өңіріндегі философия ғылымдарының алғашқы докторы болды.

1992 жылы Гурьев педагогикалық институтында жұмыс істей жүріп, философия кафедрасын құрды және оны басқарды, Гурьевте алғаш рет күндізгі және сырттай аспирантураны ашты.

1994–1997. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің проректоры.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Батыс Қазақстан бөлімшесінің бірінші вице-президенті болып тағайындалды. Кейін Атырау "Академия" қоғамдық бірлестігі болып қайта құрылды.

Атырау мұнай және газ институты жанындағы Қазақстандағы тұ��ғыш мұнай-газ саласындағы әлеуметтік зерттеулер ғылыми орталығының негізін қалаушы және жетекшісі.

Қоғамдық қызметі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Знание" Бүкілодақтық қоғамының Гурьев облыстық ұйымы басқармасының төрағасы.

Қалалық және облыстық халық депутаттары Кеңестерінің депутаты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің XIII шақырылымының депутаты болып сайланды. [1]

2004. Атырау облысы ономастикалық комиссиясының мүшесі.[2]

Жұбайы-Қалимаш. Балалары-Роман, Жанна, Гамель.

Ғылымі еңбектері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Профессор Қ.Ермеков Қожа Ахмет Яссауи, Қорқыт, Махаш Бекмұхамбетов туралы зерттеу мақалаларын жазды. Оның ғылыми мұрасы ауқымды – 150 ғылыми еңбек, оның ішінде 9 ғылыми монография, студенттерге, аспиранттарға, магистранттарға арналған 4 оқулық.[3]

Қ. Ермеков. Карл Корштың әлеуметтік философиясы және қазіргі заман (әдіснамалық аспект)./ Философия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация/ Ресей басқару академиясы. Мәскеу, 1992

Қ. Ермеков. Философия Карла Корша и современность./ Алма-Ата: Гылым, 1992. ISBN 5-628-01251-3

Қ. Ермеков. Философия, социология и теория истории./ Алматы: 1997.

Қ. Ермеков. История и философия (научное издание)./ Алматы: Акыл кітабы, 2000

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өзінің қоғамдық қызметтегі, ғылым мен білім саласындағы қажырлы еңбегі үшін "Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер" атағын алды, "Бүкілодақтық "Білім" қоғамындағы белсенді жұмысы үшін", "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін", "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл", "Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл" медальдарын және "Парасат" орденін иеленді.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]