EL ARNA (телеарна)
EL ARNA | |
Ел | |
---|---|
Хабар тарату уақыты |
тәулік бойы |
Хабар тарату тілдері | |
Басқару орталығы |
Астана қаласы, Сарыарқа көшесі, 30/1 |
Арнаның тақырыптамалары |
ойын-сауық, фильмдер |
Хабар таратуын бастады |
22 наурыз 2000 (эфирлік хабар тарату) |
Хабар таратуын аяқтады | |
Алмасқан арна | |
Иесі | |
Директоры |
Нұрбол Алманов |
Бұрынғы атаулары |
Хабар-2 |
Туыстас арналар | |
Сайт |
«EL ARNA» — 2000 жылдан 2014 жылдың наурыз айына дейін жұмыс жасап, 2017 жылдың наурызынан бастап қайта ашылған қазақстандық ойын-сауық жастар телеарнасы.
Күн сайын тәулігіне 24 сағат хабар тарататын арна эфирінде әртүрлі жанр мен форматтағы фильмдер, телехикаялар көрсетіледі. Олардың қатарында қысқаметражды ленталар бар. Сондай-ақ, “Хабар" Агенттігінің публицистикалық, музыкалық, спорттық және өзге де бағдарламалары жақсы танымал болды. Арна ұсынған телевизиялық сериалдар, деректі және көркем фильмдер рейтинг бойынша ең жоғары орында тұрды. Агенттіктің техникалық базасы маңызды саяси және мәдени акцияларды оқиға орнынан тікелей таратуды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алғашқы кезеңі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстан Республикасының 75 % аума��ын қамтып, 10 миллионға жуық өз көрерменіне әртүрлі жанрдағы бағдарламалары мен фильмдерін тәулігіне 18 сағат бойы ұсынып отыр.
2000 жылы 22 наурызда жаңа арнаның ашылу салтанаты өтті. 5 жыл ішінде ақпараттың алып күшіне айналған «Хабар» арнасынан айқын мақсаттарын алдыға қойып «Хабар-2» бөлініп шықты. Арнаның жұмысы бірінші кезекте қазақ халқының тарихы мен мәдени жәдігерлерін ұлықтап, еліміздегі әлеуметтік мәселелерге көңіл бөліп, жастар саясатын дамытуды көздеді. 22 наурыз күні Дана Нұржігіт пен Ақылбек Сансызбайұлы аспалы жолмен алаңға түсіп «Хабар-2» арнасының салтанатты ашылу кешін жүргізді. Сол күні ең алғаш жаңа арнаның тікелей эфирінен «Тарих пен таным» бағдарламасы көрерменімен қауышты.
«Ел арнаның» ең алғашқы бағдарламалары әлі күнге дейін ел аузында. «Ошақтың отын өшірмей», «Қара өлең», «Заң мен заман» «Дін мен діл», «Мың бір мақал», «Қазақтар», «Ой көкпар», «Қарапайым қағидалар» сияқты хабарлар елді елең еткізер мәселелерді қозғады. Ал қазақ әнін, музыка өнерін насихаттаған «Саз сандық», «Кертолғау», «Ұлы дала сазы», «Ауылдың алты ауызы» сияқты бағдарламалар көрерменнің жүрегін бірден жаулап алды.
Қазақтар туралы ауқымды тележобалардың бірі – «Қазақтар». Халықтың тарихын парақтап, салт-дәстүрін сабақтастырып қазақты өзгеге де, өзіне де таныта білді. Тек Қазақстандағы қазақтарды ғана емес, сонымен қатар алыс-жақын шетелдегі қазақтардың өмірінен де сыр шертті.
Ал 2002 жылдың 22 наурызында «Хабар-2» «Ел Арна» деген атаумен алмастырылды. Арнаның жаңа атқа ие болуы оның «Хабардың» көлеңкесі ғана емес, өзіндік ерекшелігі бар жеке арна екенін тағы бір дәлелдей түсті.
Осы жылы «Ел Арнада» «Алтыбақан», «Біздің көшенің тұрғындары», «Бірінші байлық», «Таразы», «Шекара», «Жәдігер», «Әзілің жарасса», «Теңбіл доп», «Өлең сөздің патшасы» сияқты жаңа жобалардың тұсауы кесілді.
2008 жылы «Ел Арнаға» Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ерекше назар аударып, мәдениет, спорт және жастар арнасы етіп қайта құруды тапсырады.
Спорт әлеміндегі айтулы оқиғалар, Олимпиада ойындары, бокстан әлем чемпионаты, футбол жанкүйерлері үшін үздік матчтар арнамыздың тікелей эфирінен көрсетілді. Сонымен қатар апта сайын спорт әлеміндегі жаңалықтар жайлы журналдар дайындалды.
Әлемге әйгілі киностудиялар мен телекомпаниялардың ең үздік фильмдері көрерменге ұсынылды. Әсіресе «Би-би-Си» телекомпаниясының «Біз таңдаған жолдар», «Ақсүйектер», «Дэвид Копперфильд», «Суық үй» фильмдері киносүйер қауымның көңілінен шықты. Сонымен қатар деректі фильмдерден «Ақиқатқа көз жеткізу», «Жоғалған әлемдер», «Әйгілі композиторлар», «Археология жұмбақтары» да өз көрерменін тапты. Ал кішкентай бүлдіршіндерге арналып «Мерлин - сиқырлы күшік», «Галактика шабандозы», «Бүргенді қамалы» мультфильмдері көрсетілді. «Жөке ағашының саясында», «Шексіз махаббат», «Жігіттің сабаздары», «Дэрикпен өткен өмір», «Шетелдік күйеубала» сияқты кешкі телехикаялар да көрсетілді.[1]
Кейінгі кезеңі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2009 жылы Ел арнаның жаңа форматы қарқынды дами бастады, арна осы уақыттан бастап спорт және жастар жағына қарай басымдық берді. Жалпы айтқанда, арнаның негізгі міндеті – тұрақты жастар аудиториясын қалыптастыру және де отбасы аудиториясына да негізделген.
2009 жылы Ел арнаның спорттық және жастар арнасы ретінде атқарған басты жетістіктері:
- Тұрақты аудиторияның қалыптасуы.
- Әйгілі бренд ретінде танылу.
- Жастардың санасында патриоттық, салауатты өмірге құштарлық сезімін ұялату.
- Қазақстандық телекөрерменнің эстетикалық талғамын кеңейту мақсатында - мәдениеттілік, рухани-адамгершілік құндылықтарын интерактивті жанрда қалыптастыру.
- Жаңа да жеңіл жанр негізінде жастар аудиториясын кеңейту.
- Экранның жаңа, танымал Қазақстан болашағына зор еңбек атқаратын образдарын және қаһармандарын жасау.
- Жалпылама спортты дамыту.
Арнаның жаңа стандарттарына сай бағдарламалар шыға бастады, ол – отбасылық-танымдық «Формула семьи» бағдарламасы, «Спокойствие, только спокойствие» ток-шоуы, балалар-танымдық «Хочу быть» бағдарламасы. Танымал Қазақстандық КВН командасының қатысуымен «Қызықстан» жобасы, адамгершілік тақырыбында «Самопознание», «Өзін өзі тану» бағдарламалары. Деректі топтама «Линия судьбы», жас аналарға арналған Аружан Сайынның «Мамина школа» бағдарламасы және тағы басқалары.
Сонымен қатар Ел арнада көрермендер арасында танымал Корея, Түркия сериалдары көрсетіле бастады.
2010 жыл көп жаңа жобаларға толы жыл болды, олар – таңғы жастар бағдарламасы «Ашық пошта», танымал әнші Мақпал Исабекованың жүргізуімен музыкалы-сауықтық бағдарлама «Сүйінші», екі тілде жүргізілетін аспаздық бағдарлама «Берекелі дастарқан», толық циклдық бағдарлама «Что наша жизнь » - «Өмірде болған», арнайы жоба «Телевизиялық КВН Лигасы», «Бәрі есімде», «Шіркін, life!» реалити-шоуы.[1]
2014 жылы 18 наурызда рейтингі аз болғандықтан, «Ел Арна» хабар таратуын тоқтатты.[2]
2017 жылы 27 наурызда телеарна қайта ашылды. Арнадан отандық деректі фильмдер мен сериалдар көрсетіледі.[3] 2022 жылдан бастап форматы өзгеріп, телеқойылымдар мен кинодан басқа, жастар аудиториясына арналған танымдық жанрдағы жобалар шыға бастады.[4]
Басшылық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Нұрбол Мейрханұлы Алманов — «El Arna» телеарнасының директоры.
- Мөлдір Мырзакасымова — телеарнаның шеф-редакторы
- Нұржан Салимов — телеарнаның продюсері
- Баян Арыстанова — телеарнаның бас режиссері[5]
Бағдарламалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Түрлі дәм
- Солай ма?
- Миллион на стартапе
- Тағдыр жолы
- Өлкем-Qazaqstan-Welcome
- ҚаһарMen
- Өмір-Өлең
- Семейное рандеву
- «Сен жайлы» cover
- EL NEWS
- Кімнің есінде?
- Шоу like
- Тыңдай бергім келеді
- Ауыл кеші көңілді
- Бір туынды тарихы[6]
Мұрағат
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Балаларға арналған ғылым»
- «Топ-малыш»[7]
- «Өмірде болған...»
- «Мүмкін емес...»
- «Начистоту»
- «Бәрі есімде»
- «Азамат»
- «Линия судьбы»[7]
- «Туған өлке»
- «FreshmanЫ»
- «Берекелі дастарқан» Аспаздық теледидарлық жобасы
- "Побочный эффект"
- «Өзін-өзі тану»
- «Тапқыр достар»
- «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы
- «Мы – казахстанцы!»
- «Мамина Школа»
- «Жүз жасаңыз...»
- «Сенім. Білім. KZ»[7]
- «Шіркін, life Бурабайда!»
- «Жарайсың!»
- «Бағдаршам» ойын-сауық бағдарламасы
- «Женсовет»
- «Жаңа жыл кино думаны немесе Ирония любви»
- «Шоқ жұлдыздары»
- «Сүйінші»[7]
Басшылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Арман Нұрқалиев (2002-2003)
- Айгүл Мүкей (2009-2013)
- Серік Абас-Шах (2013-2014)
- Арман Сейітмамыт (2018-2021)
- Камила Камназарова (2021-2022)
- Нұрбол Алманов (2022 жылдан бері)
Жүргізушілер (2000-2014 жылдар)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Руслан Желдібай — «Ел арна» телеарнасының «Азамат» бағдарламасының жүргізушісі.
- Асхат Садырбай — «Ел арна» телеарнасының «Сүйінші» бағдарламасының жүргізушісі және «Шіркін, life» тележобасының авторы әрі жүргізушісі.
- Жан Байжанбаев — «Ел арна» телеарнасының «Что наша жизнь» бағдарламасының орыс тіліндегі жүргізушісі.
- Мақпал Исабекова — «Ел арна» телеарнасының «Сүйінші» бағдарламасының жүргізушісі.
- Ділмұрат Джамбакиев — «Ел арна» телеарнасының «Топ-малыш» бағдарламасының жүргізушісі.
- Толқын Садыкова — «Ел арна» телеарнасының «Шіркін, лайф» және «Өмірде болған» бағдарламаларының продюсері.
- Аружан Саин — «Ел арна» телеарнасының «Мамина школа» бағдарламасының жүргізушісі.
- Индира Зайнудинова — «Ел арна» телеарнасының « Побочный эффект» бағдарламасының жүргізушісі.
- Евгений Нүриұлы Жұманов — «Ел арна» телеарнасының «Такое вот кино» бағдарламасының жүргізушісі.
- Мусина Диляра — «Ел арна» телеарнасының "FreshmanЫ" бағдарламасының жүргізушісі.
- Сеилова Карина — «Ел арна» телеарнасының «FreshmenЫ» бағдарламасының рубрикасының жүргізушісі.
- Шолпан Джананова — «Ел арна» телеарнасының «Бәрі есімде» және «Начистоту» бағдарламаларының продюсері.
- Максим Лопатин — «Ел арна» телеарнасының «Начистоту» бағдарламасының жүргізушісі.
- Павел Коктышев — «Ел арна» телеарнасының «Лидер XXI века» бағдарламасының орыс тіліндегі жүргізушісі.
- Ғалия Бухал — «Ел арна» телеарнасының «Лидер ХХ1 века» және «Топ-малыш» бағдарламаларының продюсері.
- Рита Жұғұнұсова — «Ел арна» телеарнасының «Самопознание» бағдарламасының орыс тіліндегі жүргізушісі және продюсер, режиссер, бағдарлама авторы.
- Ринат Заитов — «Ел арна» телеарнасының «Бағдаршам» бағдарламасының жүргізушісі.
- Нұргүл Түсіпбекова — «Ел арна» телеарнасының «Такое вот кино» және «Линия судьбы» бағдарламаларының продюсері.[8]
Үздік болған бағдарламалары (2000-2014 жж.)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Туған өлке»
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өнегелі өлкелердің тұнып тұрған тарихы, елдің еркесіне айналған өнер жұлдыздарының туған жерге оралуы, ауылдардың бүгінгі тыныс-тіршілігі, хал-ахуалы, мемлекеттік бағдарлама бойынша атқарылып жатқан шаралар — жобаның басты кейіпкерлерінің көзімен суреттеледі. Ал, көрермен бағдарламаның бас қаһарманымен бірге өткен күндер қойнауына еніп, балғын балалық шақты еске түсіреді. Осы уақытқа дейін айтылмай келген тың деректерден хабардар бола алады.[9]
«Шіркін, life 3 Бурабайда!»
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Шіркін, life 3 Бурабайда!» тележобасы — Ақмола облысының Щучинск қаласындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында өткізілді.[10]
Бұл маусым алдыңғы екі бөлімге қарағанда түрлі жаңалықтарымен ерекшеленеді:
- Қатысушылар саны 12 адам — өнер жұлдыздары.
- Тапсырмалар саны 14. Олардың барлығы дерлік түрлі спорттық ойындар мен арнайы сайыстарға негізделген.
- Түсірілім Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Бурабай курорттық аймағында өтеді.
Мақсаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бағдарламаның басты мақсаты: қазақстанның спорт және туризм саласын жастар арасында кеңінен насихаттау.[10]
«Бағдаршам» бағдарламасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл бағдарламада арнайы шақырылған өнер жұлдыздары өз автокөлігінде келіп сұхбаттасады. Айтыскер-ақын — Ринат Заитов, тележүргізуші — Жұлдызбек Жұманбай, актер — Әсет Иманғалиұлы кез-келген әншінің өмірі мен шығармашылығын түрлі-түсті бағдаршам арқылы талқыға салады.[11]
Логотиптері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
2000-2002 жылдары қолданылған логотип
-
2003-2008 жылдары қолданылған логотип
-
2009-2014 жылдары қолданылған логотип
-
2017-2019 жылдары қолданылған логотип
-
2019 жылдан бері қолданылатын логотип
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b "Ел Арна" телеарнасы — Тарихы; Жаңа формат
- ↑ «Ел арна» ақыры жабылды
- ↑ «Ел Арна» эфирге шықты
- ↑ EL ARNA ТЕЛАРНАСЫ ЖАҢА ФОРМАТТА ШЫҒАДЫ
- ↑ Байланыс
- ↑ Бағдарлама
- ↑ a b c d "Ел Арна" телеарнасы — Бағдарламалдар
- ↑ http://elarna.kz/kaz/company/veduschie.html
- ↑ "Ел Арна" телеарнасы — Бағдарламалдар: «Туған өлке» бағдарламасы
- ↑ a b "Ел Арна" телеарнасы — Бағдарламалдар:«Шіркін, life Бурабайда!»
- ↑ "Ел Арна" телеарнасы — Бағдарламалдар: «Бағдаршам» бағдарламасы
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «El Arna» телеарнасыны�� ресми сайты
- «El Arna» телеарнасының онлайн көрсетілімі
- «El Arna» телеарнасы (YouTube)
- «El Arna» телеарнасы (TikTok)
- «El Arna» телеарнасы (Instagram)
- «El Arna» телеарнасы (Facebook)
|
|