Тапанша
Тапанша (франц. pistolet, нем. pistole, чех. pist ala ) — жеке оқатар қару.
Тапанша арналуы бойынша ұрыстық, спорттық және дабылдық түрлерге, ал құрылысы бойынша автоматтық емес пен автоматтық (атыстың жекеленген және үздіксіздігі) түрлерге бөлінеді. Ұрыстық (әскери) тапанша жеке қару болып келеді және қысқа қашыктықтағы (50-70 м-ге дейін) қарсыласты ойсыратуға немесе тоқтатуға арналған; атыста дүрбімен жабдықталатын жеке үлгілердің атыстық нысана қашықтығы 200 м.
Тапанша өздігінен оқталатын қару. Кейбір Тапанша жекеленген атыспен бірге, атыста қап пен дүмбінің жанасуымен кезектелген қысқа автоматты атысты жүргізу де қарастырылады. Тапанша автоматталуы бекітпенің кері соғуын немесе ұңғының қысқа жүрісінің кері соғуының қолдануына негізделеді.
Тапанша атысы үшін қимылды жылдам тоқтататын, қаруды игеру мен жылжу мүмкіндіктерін тез айыруды камтамасыз ететін мұқал басты тапанша оқтары қолданылады. Оқ Тапанша тұткасындағы қорап тәріздес жалпақ оқжатарда және оқтізердің көмегімен жұмсалған оқтардың алмастырылатын орындарында орналасады.
Өздігінен қайырылатын соққыш-ағыткыш тетік шүріппені қосалкы қайырмай-ақ атыс жүргізуді камтамасыз етеді.
Кең тараған Тапанша ұрыстық калибрі: 7,62-11,43 мм, оқсыз салмағы: 0,73-1,1 кг, ұрыстық атыс жылдамдығы: минутына 14-40 атыс, оқжатар сыйымдылығы: 7-20 оқ, оқтың бастапқы жылдамдығы: 250-420 м/сек., оқ салмағы: 5,52-15,2 г, нысана кашықтығы: 50-70 м болады.
Спорттық Тапанша мерген атып үйрену үшін және спорттық мақсаттарға арналған
Нысана сызықтарының алыстығымен (қарауыл мен көздеуіш араларының қашықтары), ұрыстың жоғары шоғырлануымен, ыңғайлы тұтқасымен өзгешеленеді.
Әдетте, кіші калибрлі қорғасын оқты кіші қуатты оқтар үшін құрастырылады. Дабылды Тапанша тегіс ұңғылы, автоматты емес болып келеді, олар дабылды және жарық бергіш оқтармен атуға арналған. Қазіргі уақытта, ҚР ҚК-нде Н.Ф.Макаровтың өздігінен зарядталатын конструкциясы мен И.Я.Стечкиннің автоматтық конструкдиялы 9 мм-лік Тапаншасы қолданады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |