Мәрия Нұрғалиқызы Омарова
Мәрия Нұрғалиқызы Омарова (1.3.1951 жылы туған, Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылы) – медицина ғылымының докторы (1994).
Албан тайпасы Қыстық руынан шыққан.[1]
Оқу жолы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алматы мемлекеттік медицина институтын (1974, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген
Жұмыс жолы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Oсы институтта стажер-ізденуші, аспирант, ассистент, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1974–1995), ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде басқарма бастығының орынбасары (1995–1997), ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау коммитетінде медицина ғылымдары бөлімінің бастығы (1997–1999), төрағасының орынбасары (1999), ҚР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің төрайымы (1999–2000) болды. 2000 жылдан Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының директоры қызметін атқарады.
Ғылыми еңбектер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1994 жылы «Алматы қаласындағы қоршаған ортаның негізгі объектілерінің гигиеналық
мәселелері және оның халық денсаулығына пайда-залалының сандық және сапалық көрсеткіштері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
- 70-тен астам ғылыми жарияланымның авторы.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Сағыныш Еспергенұлы Бәйдібек баба - Алып бәйтерек ұрпақтар шежіресі, Қыстық руы кітабы — Алматы: Исламнұр, 2020. — 460 б. — ISBN 9978-601-7295-14-1.
- ↑ "Қазақ энциклопедиясы"
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |