Мазмұнға өту

Жауынгерлік epлiгi үшін медалі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
12:20, 2024 ж. маусымның 22 кезіндегі TalgatSnow (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі
Мемлекет  Қазақстан
Түрі Медаль
Жағдайы беріледі
Негізделді 12 желтоқсан 1995 жыл
Жоғары марапаты «Астана» медалі
Төменгі марапаты «Ерлігі үшін» медалі

«Жауынгерлік epлiгi үшін» медалі — «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік марапаттары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңының негізінде белгіленген Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты.

Медаль туралы ереже

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Медальмен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері, сондай-ақ прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер және қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлері:

  • әскери бөлімнің, бөлімшенің жауынгерлік тапсырмаларды ойдағыдай орындауына, сондай-ақ қылмысқа қарсы күресте ықпал еткен ұрыста шебер, белсенді және батыл әрекеттері үшін;
  • мемлекеттік шекараны қорғауда көрсеткен ержүректігі үшін;
  • қызметін өтеу барысында сіңірген еңбегі үшін беріледі.

Медаль дөңгелек пішінді, диаметрі 34 мм.

Шеңбердің ортасында сегіз қырлы жұлдыз, жұлдыздың ішінде қару-жарақ таңбалары бейнеленген қалқан орналасқан. Медаль атауы шеңбер бойында жазылған, әріптердің көлемі 3,5х3 мм.

Жұлдыздың сәулелері, қалқан және қару белгілері жалпы шеңберден 1,5 мм жоғары орналасқан.

Медаль жезден жасалған. Медаль жезден жасалған бесбұрышты қалыппен ілмек және сақина арқылы жалғанған. Қалыптың биіктігі — 30,5 мм, ені — 34 мм, жоғарғы және төменгі бөліктерде жақтауы бар.

Қалып қызыл түсті муар таспасымен жабылған және ортасында жасыл түсті жолақ орналасқан.

Екінші түрі біріншіден қалыптың түрі мен таспаның түсі бойынша ерекшеленеді:

Медаль жезден жасалған ені 34 мм және биіктігі 50 мм алтыбұрышты қалыппен ілмек және сақина арқылы жалғанған. Қалып квас түсті муар таспасымен қапталған, оның ортасында ені 4 мм екі көк жолақ орналасқан. Муар таспасының ені 34 мм. Қалыптың артқы жағында медалдің киімге бекітілуіне арналған түйреуіш бар.

Медаль Өскемендегі Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]