Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы
Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы | |
Бұрынғы атауы |
Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты |
---|---|
Құрылған жылы |
1959 |
Басшысы |
Бас директоры - Қуаныш Байболатұлы Исбеков |
Орналасқан жері |
Алматы қ., Сүйінбай даңғылы, 89 «А» |
Сайты |
Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы – Алматы қаласында орналасқан ғылыми мекеме.
1959 ж. Қ.И.Сәтбаевтың басшылығымен Қазақстанда балық ш-н дамыту мақсатында құрылған. Алғашқы кезде Атырау облысының Балықшы кентінде орналасты.
1963 ж. Балқаш қаласына, 1987 ж. Алматы қаласына көшірілді. Атырауда, Аралда, Балқашта, Өскеменде (Аблакетка кентінде) ин-ттың бөлімшелері ұйымдастырылды. Бастапқыда 1959–1997 ж. ин-т 179 жобаны іске асырды, 300-дей биол. негіздемелер жасады.
Зерттеу жұмыстары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бірінші кезең
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бастапқыда (1959 – 1964) негізінен Жайық өңірінде, Солтүстік Каспийде, Арал теңізінде, Алакөл, Балқаш көлдерінде, Бұқтырмада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Eкінші кезең
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Зерттеу жұмыстарының екінші кезеңі (1965 – 1970) бірнеше облыстың (Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай) шағын көлдерін қамтыды. Республикада тоған және көл шаруашылықтарын ұйымдастыру биологиялық және экономикалық жағынан негізделе бастады.
Үшінші кезең
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Зерттеу жұмыстарының үшінші кезеңінде (1970 – 1990) балық өнімділігін көтеруге байланысты жұмыстар қолға алынды. Тоғандарға балықтың жаңа түрлері жерсіндірілді. Тұқы және шөппен қоректенетін балық тұқымдарын зауыттық әдіспен өсіру жүзеге асырылды. Гидрологиясы мен гидрохимиясы өзгерген жағдайда су айдындарына жаңа балық тұқымдарын жіберу негізделді. Арал теңізіне тұзды суға төзімді камбала балығы жерсіндірілді.[1]
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- http://www.kaznau.kz/web_kz/index.php?option=com_content&view=category&layout=blog&id=34&Itemid=41 Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
- http://www.agun.kz/?id=726&lang=kz
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |