Мазмұнға өту

Тельман ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
16:14, 2023 ж. желтоқсанның 15 кезіндегі Casserium (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)
Аудан
Тельман ауданы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Кіреді

Ақмола округі, Қарағанды облысы

Енеді

13 ауылдық округ, 2 кент

Әкімшілік орталығы

Спасск зауыты, Токаревка

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

1928 жыл

Таратылған уақыты

23 мамыр 1997 жыл

Тұрғындары
Тұрғыны

31 611 адам (2009)

Тельман ауданы — 1928-1997 жылында Қарағанды облысы құрамындағы аудан (1931 жылға дейін Қарағанды ауданы).

Ауданда мамандандырылған шаруашылық бірлестігі, 1 құс фабрикасы, 1 областық а.ш. тәжірибе станциясы, 1 кеңшар-кешен, көкөніс, картоп өсіру, сауын мал, сойыстық-сауын мал, шошқа, құс, жылқы өсіру бағытындағы 10 кеңшар, 1 кент, 11 ауылдық кеңес болды. Орталық мекені — Токаревка кенті (қазір Ғабиден Мұстафин кенті).

1931 жылдан аудандық «Рассвет» газеті (1930-1935 жылдары «Колхоз даласы» деген атпен қазақ тілінде шықты) шығып тұрды.

Тельман ауданы — қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Ғ. Мұстафиннің, Кеңес Одағының Батыры П. П. Корниенконың туған жері[1].

Тельман ауданы 1928 жылы Ақмола округінің құрамында Қарағанды ауданы атауымен Қарағанды болысынан құрылды. 1931 жылы 20 наурызда неміс коммунистерінің лидері — Эрнст Тельманның құрметіне Тельман ауданы болып өзгертілді. 1931 жылы 14 мамырда Қарағанды кенттік кеңесіне ауданның 4 ауылдық кеңесі беріліп, 22 мамырда аудан орталығы Токаревка ауылына көшірілді.

1932 жылы 20 ақпанда Қарағанды облысының құрамына енді.

1934 жылы 14 мамырда Қарағанды кенттік кеңесіне ауданның 4 ауылдық кеңесі берілді. 1935 жылы 10 ақпанда Қарағанды кенттік кеңесіне 5 ауылдық кеңес, Вишнёв ауданына 4 ауылдық кеңес берілді.

1938 жылы 14 ақпанда Тельман ауданының 2 ауылдық кеңесі жаңадан құрылған Ворошилов ауданына берілді.

1940 жылы 28 желтоқсанда Тельман ауданының 3 ауылдық кеңесі жаңадан құрылған Осакаров ауданына берілді.

1941 жылы 23 мамырда Тельман ауданына Қарағанды кенттік кеңесінен 4 ауылдық кеңес, Ворошилов ауданынан 5 ауылдық кеңес берілді.

1963 жылы 2 қаңтарда бұрынғы Тельман және Ульянов аудандарының негізінде Тельман ауылдық ауданы құрылды.

1964 жылы 31 желтоқсанда Тельман ауданы бұрынғы шекарасында қайта құрылып, 11 ауылдық кеңес Ульянов ауданына қайтарылды.

1970 жылы 9 сәуірде Ульянов ауданының Ақбастау ауылдық кеңесі ауданына берілді.

1972 жылы 10 наурызда Қушоқы кенттік кеңесі мен Покорный ауылдық кеңесі жаңадан құрылған Молодёжный ауданына берілді. 15 наурызда Покорный ауылдық кеңесі Тельман ауданына қайтарылды.

1973 жылы 21 наурызда жаңадан құрылған Мичурин ауданына 8 ауылдық кеңес берілді.

1973 жылы 21 желтоқсанда орталығы Березняки ауылында Березняк, «Гагарин» кеңшарының орталығында Гагарин ауылдық кеңестері құрылды.

1974 жылы 23 тамызда орталығы Ақтөбе ауылында Ақтөбе ауылдық кеңесі құрылды.

1981 жылы 24 тамызда Молодёжный ауданының Тұзды ауылдық кеңесі Тельман ауданына берілді.

1986 жылы ауданда 11 ауылдық кеңес (Ақтөбе, Березняк, Гагарин, Дубов, Қаражар, Ленин, Новоузен, Покорный, Ростов, Самарқанд, Тұзды) пен Токаревка кенті болған.[2]

1990 жылы 23 мамырда Молодёжный ауданының Қушоқы кенті Тельман ауданына қайтарылды.

1991 жылы 12 маусымда Ростов ауылдық кеңесі ықшамдалып, орталығы Молодецкое ауылында Жаңаталап ауылдық кеңесі құрылды.

1997 жылы 23 мамырда аудан таратылып, аумағы Бұқар жырау ауданының құрамына енді[3]. Таратылған кезде ауданда Ақтөбе, Березняк, Гагарин, Дубов, Қаражар, Ленин, Молодецк, Новостройка, Новоузен, Покорный, Ростов, Самарқанд, Тұзды ауылдық округтері мен Токаревка, Қушоқы кенттері болды.

1939 1959 1970 1979 1989[4]
 57283 47969 60786 27854 32498

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. — Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
  2. Қазақ КСР. 1986 жылғы 1 қаңтарға әкімшілік-аумақтық бөлінісі
  3. Қарағанды облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының тарихы бойынша анықтама (29 шілде 1936 ж. — 1 қаңтар 2006 ж.)
  4. Ресей империясы, КСРО халық санақтары