Пьезокварц
Пьезокварц немесе пьезо-оптикалық кварц — кварцтың пьезоэлектрлік қасиеті бар түрі.
Қасиеттері
Ең маңызды физикалық қасиеті тура және кері пьезоэлектрлік құбылыстар тудыруы. Кварц кристалын немесе одан кесіп алынған кішкене тақташаларды қысқанда басқа жақтарынан электр зарядтары пайда болады. Ал оған керісінше электр тоғымен әсер етсе, кристалл немесе тақташа мөлшеріне байланысты әр түрлі жылдамдықта тербеледі. Пьезокварц спектрдің көрінетін (инфрақызыл) және көрінбейтін (ультракүлгін сәулесі) сәулелерінде мөлдір болып көрінеді.
Пайдалануы
Радиотехникада, радиоэлектроникада, гидроакустикада, ақаукөрсеткіштерінде, күш және тербеліс үдеулерінің қарқынын, қысым мөлшерін өлшеуде, радионавигацияда, т.б. қолданыла��ы. Одан стабилизатор, телефон, телеграф сүзгілері, дыбыс алғыш, дыбыс күшейткіштер, т.б. жасалады. Пьезокварц гидротермалдық процестерден қалыптасады. Түрді желілер құрамында және олардың үгілуінен жаралған қорымдарда жинақталады. Қазақстанда Сібір платформасы мен Сарыарқаның кейбір пегматит желілерінде табылды. Пьезокварцты жасанды жолмен алу игерілген[1].
Дереккөздер
- ↑ Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 7 том.(н-с) Алматы, 2005 жыл