Мазмұнға өту

Бек

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
01:28, 2023 ж. ақпанның 19 кезіндегі Argunn (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)
Қарабақ бегі, Г.Гагарин суреті.

Бек - ежелгі түркі қауымдастығында қолбасшылық дәрежесін білдірген әскери шен, атақ, жоғары басымдыққа ие тұлға.

Түрік қағанаты заманынан бері қолданылған. Бектердің бір бөлігі түркі қоғамында сот билігін атқарушы, салық жинаушы, т.б. саяси-әкімшілік істерді басқарды. Сөйтіп Бек лауазымы кейде "аймақ басшысы" лауазымын білдірсе, енді бірде ру мен тайпа көсемдері ретінде қолданылған. Ж.Баласағұнның "Құтты білік" еңбегінде Бектер билігіне баса көңіл бөлінген. Бектер билігінің міндеті мен мақсаты кедейлерді орташаларға, оларды байларға бағындырудан және жалпы халықты басқарудан тұрады.[1]

Бектің міндеті үш категория

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бектің міндеті - адамдардың үш категориясын басқарып, билік жүргізу: алғашқылары - мықты әрі батыл; екіншілері - данышпан әрі қадірлі; үшіншілері - атқарушылар. Бек адамдардың өз мінез-құлықтарын білдіруде ұстанатын қажеттіліктер, мүдделер себептерін анық білуі керек. Сондай-ақ ол әр топтың өзіне тән ерекшеліктерін, өнегелілігін анықтап, әлеуметтік және мүліктік жағдайына көңіл бөлуі тиіс.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
  2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3