Мазмұнға өту

Қырым Автономиялық Республикасы

Координаттар: 44°56′53″N 34°06′15″E / 44.94806°N 34.10417°E / 44.94806; 34.10417
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
22:26, 2023 ж. қаңтардың 5 кезіндегі Neformal66 (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа
 Басқа мағыналар үшін Қырым (айрық) деген бетті қараңыз.
Украина құрамындағы автономиялық республика
Қырым Автономиялық Республикасы
укр. Автономна Республіка Крим
қырымтат. Qırım Muhtar Cumhuriyeti
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Украина

Енеді

14 аудан, 16 қала, 56 әкімшілік бірлік, 950 ауыл

Әкімшілік орталығы

Симферополь

Украина президентінің Қырым Автономиялық Республикасындағы тұрақты өкілі

Тамила Ташева

Тарихы мен географиясы
Координаттары

44°56′53″N 34°06′15″E / 44.94806°N 34.10417°E / 44.94806; 34.10417

Құрылған уақыты

12 ақпан 1991 жыл

Жер аумағы

26 081 км² (13 орын)

Уақыт белдеуі

UTC+2 (жазда UTC+3)

Ірі қалалары

Симферополь, Керчь, Евпатория, Ялта, Феодосия

Тұрғындары
Тұрғыны

1 968 550 адам (2014)

Тығыздығы

75,42 адам/км²

Ұлттық құрамы

орыстар, украиндар, қырым татарлары

Конфессионалдық құрамы

православие, ислам

Ресми тілі

украин — мемлекеттік, орыс және қырымтатар — ресми

Сандық идентификаторлары
ISO 3166-2 коды

UA-43

Телефон коды

+380-65

Интернет-үйшігі

.crimea.ua; .cr.ua

Автомобиль коды

АК (бұрыңғысы КР, КО, РК, МЯ, 01)

rada.crimea.ua

Қырым Автономиялық Республикасы картада

Қырым Автономиялық Республикасы, карта

44°56′53″N 34°06′15″E / 44.94806°N 34.10417°E / 44.94806; 34.10417{{#coordinates:}}: cannot have more than one primary tag per page

Қырым Автономиялық Республикасы (укр. Автономна Республіка Крим, қырымтат. Qırım Muhtar Cumhuriyeti, Къырым Мухтар Джумхуриети), — Украина құрамындағы автономиялық республика. Үлкен бөлігі Қырым түбегінде орналасқан. Шығысында Ресеймен теңіз шекарасы бар. 2014 жылдан бері Ресей Федерациясымен уақытша басып алынған.

1921 жылдың 18 қазанында Қырым Кеңестік Социалисттік Республикасы құрылған еді. 1946 жылдың 25 маусымында Қырым облысы болып Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы құрамына енгізіледі. 1954 жылдан бастап, Украин Кеңестік Социалистік Республикасының құрамында.

1991 жылдың 12 ақпанында референдум нәтижесінде Қырым Автономиялық Кеңестік Социалисттік Республикасы (ҚАКСР) болып қайта құрылады, ал 4 айдан кейін бұл факт украиндық конституцияда бекітіледі.

1992 жылдың 26 ақпанында Жоғарғы Кеңес шешімі негізінде ҚАКСР Қырым Республикасы болып атауы өзгертіледі. Сол жылдың 6 мамырында Қырым конституциясы аталған атауды бекітіп, растайды.

1994 жылдың 21 қыркүйегінде Украина Жоғарғы Кеңесі Қырым Республикасы деген атауды Қырым Автономиялық Республикасы етіп өзгертеді.

Тұрғындары

Қырым Автономиялық Республикасының халқы, Украинаның Мемлекеттік статистика қызметінің мәліметі бойынша, 2014 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 1 966 556 адамды құрады, оның ішінде қалалық жерлерде 1 232 850 адам және ауылдық жерлерде 733 706 адам тұрды. Тұрақты халық саны 1 957 801 адам, оның ішінде қала халқы – 1 218 044 адам, ауыл халқы – 739 757 адамды құрады.

Этникалық құрамы

Соңғы бүкіл украиналық халық санағы кезінде (2001) Қырым Автономиялық Республикасының халқы 2 024 056 адамды құрады, оның 58,5% орыстар, 24,3% украиндар, 12,1% қырым татарлары, 1,4% беларустар, 1,1% армяндар, 0,6% татарлар, 0,2% жебірейлер, поляктар, молдовандар, әзірбайжандар, 0,1% өзбектер, кәрістер, гректер, немістер, мордвалар, чуваштар, сығандар, болгарлар, грузиндер және марилер болды[1]. Қырым Автономиялық Республикасында эстондар, қарайымдар, қырымшақтар, итальяндар және басқа ұлттар да өмір сүрді.

Тілдері

2001 жылғы халық санағы бойынша Қырым Автономиялық Республикасы халқының 10,1%-ы украин тілін, халықтың 77,0%-ы орыс тілін, 11,4%-ы қырым татар тілін ана тілі деп санаған[2].

2004 жылы Киев халықаралық әлеуметтану институты (КХӘИ) жүргізген сауалнамаға сәйкес, орыс тілін (соның ішінде басқа тілдермен бірге) Қырымның барлық тұрғындарының басым көпшілігі — 97% қарым-қатынас үшін пайдаланды.

Сыртқы сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Autonomous Republic of Crimea

Дереккөздер

  1. Украинаның халық санағы мәліметтері (2001) Мұрағатталған 17 қыркүйектің 2017 жылы. (сілтеме 2010 жылдың 17 қыркүйегінде тексерілді)
  2. Бүкіл украиналық халық санағының қорытындысы (2001) — Қырым Автономиялық Республикасы халқының тілдік құрамы Мұрағатталған 3 қаңтардың 2012 жылы. (сілтеме 2010 жылдың 17 қыркүйегінде тексерілді)