Мазмұнға өту

Қырым

Координаттар: 45°24′N 34°00′E / 45.400°N 34.000°E / 45.400; 34.000
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
00:43, 2022 ж. қарашаның 18 кезіндегі Neformal66 (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа

Қырым
укр. Крим, қырымтат. Qırım, Къырым, орыс. Крым
Ғарыштан көрінісі
Ғарыштан көрінісі
Сипаттамасы
Ауданы27 000 км²
Ең биік нүктесі1545 м
Орналасуы
45°24′N 34°00′E / 45.400°N 34.000°E / 45.400; 34.000 (T)
Түбекті шаятын акваторияларАзов теңізі, Қара теңіз
Ел Украина
Қырым (Еуропа)
Қырым
Қырым (Украина)
Қырым
Қырым Ортаққорда
 Басқа мағыналар үшін Қырым (айрық) деген бетті қараңыз.

Қырым түбегі, Қырым (қырымтат. Qırım yarımadası, Къырым ярымадасы; укр. Кримський півострів; орыс. Крымский полуостров; сондай-ақ тарихи атауы – Таврика түбегі) — Еуропаның оңтүстігіндегі түбек. Ауданы 25,5 мың км².

Қара теңіз, теңіздерімен Перекоп мойнағы арқылы Шығыс Еуропа жазығымен ұштасады. Солтүстік бөлігі — жазық дала, оңтүстік жағы — Қырым таулары, лакколит жыныстар шоғыры (Аюдаг), ежелгі жанартаулық массивтер (Карадаг) кездеседі. Кен байлықтарынан темір кентасы, тұз, әктас, мергель, тағы басқа кен өнімдері бар. Түбекте карсты үңгірлер көптеп кездеседі. Солтүстік бөлігінің климаты қоңыржай, жылы, оңтүстік жағалауында жерортатеңіздік. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 — 1200 мм. Өзендері шағын, көлдері (Қызыл, Саки, Акташ, т.б.) тұзды. Солтүстік жағы қызыл қоңыр, орталық және оңтүстік бөлігі қара топырақты. Емен, шамшат, қарағай, оңтүстік жағалауында мәңгі жасыл ағаштар өседі. Оңтүстік жағында Ялта, Мисхор, Алупка, Алушта, т.б. курорттар орналасқан. Басты қалалары — Симферополь, Севастополь, Керчь. Қырым түбегін адамзат палеолит дәуірінен бастап қоныстана бастаған. Мұнда ежелгі дәуірлер мен орта ғасырларда өткен ірі тарихи оқиғалар Еуразиядағы саяси, мәдени процестерге өз әсерін тигізді.[1]

Қырым Ұлы Мәскеу хандығы картасында 1593 жыл. Авторы Антони Дженкинсон мен Герард де Йоде

Дереккөздер