Мазмұнға өту

Хмельницкое (Павлодар облысы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
02:00, 2011 ж. маусымның 20 кезіндегі Zhuka iitu (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Жаңа бетте: '''Хмельницкое''' — Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Аудан ...)
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)

ХмельницкоеПавлодар облысы Шарбақты ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Аудан орталығы Шарбақты ауылынан батысқа қарай 26 км жерде орналасқан. Тұрғыны 1,0 мың (2006). Іргесі 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде құрылған сүтті ірі қара мал өсірумен айналысатын кеңшардың орталығы ретінде қаланған. 1990 жылдың орта кезінен кейін кеңшар таратылып, оның негізінде Хмельницкоеде және округтегі Көлбұлақ, Маралды ауылдарында шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл маңында Маралды темир жол станциясы орналасқан. [1]

Сілтемелер

  1. "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том