Мазмұнға өту

Жамал Бектасова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жамал Бектасова (1 шілде 1923 жыл, Алматы облысы - 2003 жыл) — актриса, Қазақстанның халық артисі (1998).

  • Алматы театр студиясын 1940 ж. бітірген.
  • 1945 ж. Алматыдағы Республикалық жасөспірімдер мен балалар театрына ауысып, күні бүгінге дейін сонда шығармашылық қызметте. Алғаш театр сахнасына шығуы (1947 ж.). Балалар мен жасөспірімдер театрының ашылуына байланысты қойылған А.Толстойдың “Алтын кілтіндегі” Мальвина рөлінен басталды. Осы жылдан бастап Бектасова аталған театр сахнасында жарты ғасырдан астам уақыт бойы өнер көрсетті. Рөлдерінің барлығы дерлік психологиялық тереңдігімен, шынайылығымен қазақ сахна өнерінің тарихында қалды.

Сондай-ақ, Бектасова бірнеше кинофильмдерде ойнап, 250-ден астам фильмді дубляждауға қатысқан. Әуезовтің «Еңлік - Кебегіндегі» Еңлік. Мұнан кейінгі қойылымда «Айман - Шолпанда» Айманды ойнаған.

Әр жанрдағы пьесаларда көптеген образдар жасады. Солардың ішінде Ш.Айманов қойған «Жас Абайда» Ұлжанның бейнесін сомдады. 1986 ж. Р.Сейтметов қойған «Алуада» үнділік әйелдің рөлін ойнаған. Әуезовтің 100 жылдық мерейтойына байланысты жазушының әңгімесі негізінде қойылған «Қаралы сұлуда» күтуші кемпірдің бейнесін сомдады.

Сомдаған рөлдері:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Күнбала (М. Ақынжановтың “Алтын сақасында”)
  • Қорлан, Алтынай, Күлпаш, Айкен (Ш. Хұсайыновтың “Көктем желі”. “Рәбиға”, “Біздің Ғани” және “Есірткен ерке”)
  • Әсия (Қ. Бекхожиннің “Егер жүрек шын берілсе”)
  • Күлән, Әсия, Қатира (Қ. Мұхамеджановтың “Қуырдақ дайын”, “Өзіме де сол керек” және “Бөлтірік бөрік астында”)
  • Биғайша (Т. Ахтановтың “Күшік күйеу”)
  • Дәмелі (Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқты”)
  • Ақбөпе (А. Сатаевтың “Ақбөпе”)
  • Рахия (Б. Мұқайдың “Өмірзая”)
  • Луиза (Шиллердің “Зұлымдық пен махаббат”)
  • Софья Игнатовна (А. Островскийдің “Адам аласы ішінде”), т.б.[1][2][3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
  2. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8
  3. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8