Мазмұнға өту

Оспан Мыңбаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
17:13, 2018 ж. наурыздың 25 кезіндегі Kasymov (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (+Санат:1957 жылы туғандар; +Санат:Созақ ауданында туғандар; +Санат:Медицина ғылымдарының докторлары (HotCat құралының көмегімен))
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)

Оспан Мыңбаев (1957 жылы туған, Созақ ауданы Аққолтық ауылы) – ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1997). С.Аспандияров атындағы Алматы медициналық институтын бітірген (1982). Еңбек жолын Кентау қаласында және Сайрам ауданының орталығы – Ақсуда дәрігер болып бастаған. Одан кейін Алматы және Мәскеу қалаларындағы медициналық институттардың ғылыми лабораторияларында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты. Медицина саласына енгізген жаңалықтары көптеген институттарда қолданылып жүр. Қазір шетелде (Бельгияда) ғылыми-зерттеу жұмысымен шұғылдануда. 10 ғылым кандидатын, 5 ғылым докторын даярлаған.