Мазмұнға өту

Сары қараған

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
00:36, 2015 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (-Санат:Ботаника; -Санат:Биология; ±Санат:ӨсімдіктерСанат:Бұршақтар тұқымдасы (HotCat құралының көмегімен))
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)

Сары қараған (ағылш. Caragana arborescens) - бұршақ тұқымдасына жататын биіктігі 0,5-2 м бұта не 5-7 м ағаш.

Биологиялық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жапырағы қауырсын салалы, шоқтанып орналасқан, қосалқы жапырақшасы тікенді. Гүлі қос жынысты, сары гүлі 1-5 тен топтанған. Жемісі 5-8 тұқымды бұршақ. Мамыр-маусымда гүлдеп, шілде-тамызда жемісі піседі. Сары Қараған тез өседі, суыққа төзімді, тұқымынан және жас шыбығынан көбейтіледі. Сары қараған қалың бұталы орманды және орманды далалы аймақтарда, жыра, ай, тау бөлітерінде өседі.

Сары қараған Шығыс және Батыс Сі��ірде, Монғолияда, Қазақстанда: Көкшетау, Семей, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында таралған.

Қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сары қарағаны топырақты құнарландырады, жас бұтақтарынан себет тоқылады. Әсемдік үшін қолдан өсіріледі, гүлінен ара бал жинайды. Тұқымы майлы, құсқа жем.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы, 10 том, 43-44 бет