Көлтоған (Жуалы ауданы)
Көрініс
Үлгі:Қорық аймақ Көлтоған – Жамбыл обл., Жуалы ауд-ндағы ауыл, Боралдай ауылдық әкімш. округінің орталығы. Аудан орт. – Бауыржан Момышұлы а-нан батысқа қарай 42 км жерде, бұта аралас бетеге, сұлыбас, селеу өскен қоңыр топырақты тау аралық қоңыржай агроклиматтық белдемде орналасқан. Тұрғыны 1,4 мың адам (2001). 1992 жылға дейін Алексеевка деп аталып келген. 1960 – 97 жылдары сүт өндіретін “Коммунизм жолы” ұжымшарының орт. болды. Оның негізінде 1997 жылдан К-да және округке қарасты Кеңес, Рысбек батыр, Ақтасты, Қошқарата, Қызтоған а-дарында ӨК-тер және 7 шаруа қожалығы құрылды. Ауылдарда 3 орта, 2 орталау, 1 бастауыш мектеп, 4 кітапхана, 3 мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, фельдш.-акушерлік пункт, 4 фельдш. пункт бар.