Мазмұнға өту

Пасквиль

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
16:15, 2014 ж. қыркүйектің 27 кезіндегі Zhaksilik (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Жаңа бетте: '''Пасквиль''' (нем. ''Pasquill'') — жеке адамды, партияны, топты, қоғамдық қозғалысты т. б. масқаралау үш...)
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)

Пасквиль (нем. Pasquill) — жеке адамды, партияны, топты, қоғамдық қозғалысты т. б. масқаралау үшін жазылған мазмұны жалған жала шығарма. «Пасквиль» терминнің тегі 15 ғ-да Римде өмір сүріп, дәрежелі адамдарға зілді эпиграммалар жазған Пасквиноның атына байланысты. Пасквильды саяси қарсыластар бір-біріне басқаның сенімсіздігін тудыру үшін қолданады. Кекті анонимдік Пасквиль ұлы жазушы А. С. Пушкиннің дуэльге шығуына себепші болған. Пасквиль роман, памфлет түрінде де жазылады. Пасквильдың қандай түріне болса да советтік қоғам мен баспа орындары қарсылық білдіріп отырады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

[1]

  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том