Мазмұнға өту

Сақина жасыру

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
14:56, 2014 ж. маусымның 10 кезіндегі ArystanbekBot (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (clean up, replaced: ==Дереккөздері== → == Дереккөздер == using AWB)
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)

Сақина жасыру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене отырады. Ойыншылар тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен: «сақинам кімде?» - деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсетеді де, өз қызметін қайтадан атқарады.

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Жеті қазына, жиған - терген" Сейіт Кенжеахметұлы, Алматы -2007.