Мазмұнға өту

Артқы сілекей бөлу орталығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
12:23, 2014 ж. маусымның 6 кезіндегі ArystanbekBot (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (clean up, replaced: сөздігі/ → сөздігі /, - Алматы: → — Алматы:, "Сөздік-Словарь" → «Сөздік-Словарь», 2009. ISBN → 2009 жыл. ISBN using AWB)
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)

Артқы сілекей бөлу орталығы (көне грекше: nucleus salvatorius caudalis) - сопақша мидың сұр затында, ми жүйкелерінің IX жұбы - тілжұтқыншақ жүйкесінің ядросы маңында орналасады. Орталықтың нейроциттері аксондарынан түзілген түйінадцы (преганглионды) жүйке талшықтары тілжұтқыншақ жүйкесі құрамында мидан шығып, жырымдалған тесік маңындағы құлақтық ганглий (көне грекше: ganglion oticum) нейроциттерінің дендриттерінде аяқталады. Қүлақтық ганглий нейроциттерінің аксондарынан түзілген түйінсоңы (постганглионды) жүйке талшықтары — құлақтүбі (шықшыт), ұрт және ерін сілекей бездерін жүйкелендіреді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9