Кіші Қосқопа
Көрініс
КІШІ ҚОСҚОПА– Сарықопа көлінің алабындағы тұзды тұйық көл. Қостанай обл. Амангелді ауд. Қаламқарасу қонысында орналасқан. Теңіз деңгейінен 111 м биіктікте. Аум. 6,8 км2, ұз. 4 км, енді жері 3 км. Жағалау бойының ұз. 11,2 км. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысады. Жазда айдынының көп бөлігі тартылып, шалшықты көлге айналады. Жағалауында қалың қамыс, құрақ өскен. Көл түбі лайлы. Кейбір бөліктерінде тұз тұнбалары шөккен. Суы желтоқсанда қатып, сәуірде ериді. Кейбір жылдары айдынында суы тартылып, батпақты сорға айналады. Жағалауы – шабындық.