Мазмұнға өту

Бұраубас

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
10:03, 2014 ж. мамырдың 25 кезіндегі ArystanbekBot (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (clean up, replaced: Пайдаланған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)
Бұраубас
Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Кеміргіштер
Тұқымдасы: Spalacidae
Тегі: Myospalax
Түрі: M. myospalax
Екі-есімді атауы
Myospalax myospalax
(Laxmann, 1773)

Бұраубас (лат. Myospalax myospalax) — аламан тәрізділер тұқымдасына жататын тышқан. Қазақстанның солтүстік аймақтарында (Оңтүстік Алтайда, Тарбағатайда, Шыңғыстауда) кездеседі. Дене тұрқы 20 — 25 см-дей, көзі кішкентай, құлақ қалқаны жоқ, құйрығы қысқа (52 мм-дей). Алдыңғы аяқтары жер қазуға бейімделген, тырнақтары икемді келеді. Топырақ арасында ін қазып тіршілік етеді, жер бетіне сирек шығады. Қысқа қор жинап алады. Өсімдіктің тамырын, тамыр сабағын, баданасын жейді. Жылына 1 рет (2 — 5-тен) балалайды. Терісі үшін ауланады, бірақ кәсіптік маңызы жоқ. Кей жағдайда жерді қазып тастап, зиян да келтіреді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы II том