Мазмұнға өту

КОЗЛОВСКИЙ Михаил Тихонович

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
08:24, 2011 ж. наурыздың 16 кезіндегі Лейла Серикбаева (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Жаңа бетте: '''КОЗЛОВСКИЙ Михаил Тихонович''' (9.2.1903, Беларусь, Могилев губ. Малятичи с. – 13.1.1972, Алматы ...)
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)

КОЗЛОВСКИЙ Михаил Тихонович (9.2.1903, Беларусь, Могилев губ. Малятичи с. – 13.1.1972, Алматы қ.) – хим. ғыл. докт. (1952) проф. (1953), Қазақстан ҒА-ның акад. (1962), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1953). Одесса хим.-технол. ин-тын бітірген (1926). Одесса сот сараптамасы ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер (1926–39), ҚазМУ-де (қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі, декан, ғыл. жұмыстар бойынша проректор (1939–71) болып қызмет істеді. Сонымен бірге 1964 жылдан Қазақстан ҒА Төралқасының мүшесі және хим.-технол. ғылымдары бөлімшесінің акад.-хатшысы болды. Негізгі ғыл.-зерт. жұмыстары сынап катодын электролизде пайдалануға, күшәла (мышьяк) қосылыстарын сынап катодында тотықсыздандыруға арналған. К. сынап және амальгама электродтарын қоспадағы металдарды бір-бірінен ажыратуға пайдаланды. 1950 жылдан амальгама химиясы мен амальгамалық металлургия деген жаңа ғыл. бағыттарды зерттеп, оның негізін қалады. Кейін амальгамалық металлургия әдісі тазалығы жоғары металдар (мыс., висмутты) алуға қолданылды. Бұл жұмыстар өндірістік сынақтан өтіп, Шымкент қорғасын з-тына енгізілді. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.