Киікбаев Нығметулла
КИІКБАЕВ Нығметулла (5.5.1910, Жамбыл обл. Байзақ ауд. – 6.11.1982, Алматы қ.) – тарих ғыл. докт. (1970), проф. (1972), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1977). Әулиеата (Тараз) қ-ндағы пед. техникумды бітірген (1933). Жамбыл обл. қазіргі Байзақ ауд-нда мұғалім, балалар үйінің директоры, ауд. оқу бөлімінің инспекторы (1933–35) болды. ҚазПИ-дің тарих ф-тін (1939, қазіргі ҚазҰПУ) бітіргеннен кейін, Алматы қ-ндағы орыс-қазақ пед. уч-щесінің директоры (1941), Жамбыл обл. оқу бөлімінің меңгерушісі (1941–43), БК(б)П ОК-нің жанындағы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы (1943–45), Қазақстан Компартиясы ОК-нің лекторы (1945–48), ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі (1948–51), доцент (1951–61), ҚазПИ-де доцент (1961–63), декан, кафедра меңгерушісі (1968–72) қызметтерін атқарған. 1969 ж. «Исторический опыт КПСС в разрешении национального вопроса в Казахстане (на материале казахского народа)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. К. 100-ден астам ғыл. жарияланымның, кітаптардың авторы.