Мазмұнға өту

Фёдоров ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
22:31, 2024 ж. сәуірдің 2 кезіндегі Тұран (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (clean up, replaced: әзірбайжандар → әзербайжандар (2) using AWB)
Қазақстан ауданы
Фёдоров ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Қостанай облысы

Аудан орталығы

Фёдоровка

Ауылдық округтер саны

12

Ауыл саны

44

Әкімі

Исабаев Тәуба Қайыржанұлы[1]

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Фёдоров ауылы, Жастар көшесі, №53

Тарихы мен географиясы
Координаттары

53°37′53″ с. е. 62°42′28″ ш. б. / 53.63139° с. е. 62.70778° ш. б. / 53.63139; 62.70778 (G) (O) (Я)Координаттар: 53°37′53″ с. е. 62°42′28″ ш. б. / 53.63139° с. е. 62.70778° ш. б. / 53.63139; 62.70778 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928 жыл

Жер аумағы

7,2 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

24 007[2] адам (2023)

Ұлттық құрамы

орыстар (39,73%)
украиндар (24,78%)
қазақтар (17,46%)
немістер (8,43%)
беларустар (2,27%)
татарлар (1,6%)
әзербайжандар (1,01%)
башқұрттар (0,9%)
молдовандар (0,76%)
басқалары (3,06%)[3]

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

10

Фёдоров ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Фёдоров ауданы

Фёдоров ауданыҚостанай облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. Аудан 1928 жылғы 17 қаңтарда құрылды. Орталығы — Фёдоров ауылы (1900 жылы құрылған). Аудан аумағы 7,2 мың шаршы километрді құрайды.

Географиялық орны

Шығысында Қостанай, Меңдіқара, батысында Қарабалық, оңтүстігінде Бейімбет Майлин аудандарымен, солтүстігінде Ресей Федерациясымен шектеседі.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989[4] 1999 2009[5] 2021
 40614 55363 54770 49635 48364 37973 28348 24744

Тұрғындар саны – 25 543 адам (2019). Ұлттық құрамы: орыстар – 39,18%, украиндар – 25,56%, қазақтар – 17,34%, немістер – 8,27%, беларустар – 2,33%, татарлар – 1,62%, әзербайжандар – 0,97%, башқұрттар – 0,92%, молдовандар – 0,69%, ингуштар – 0,44%, поляктар – 0,35%, мордвалар – 0,32%, ұдмұрттар – 0,28%, басқа ұлт өкілдері – 1,73%.

Әкімшілік бөлінісі

44 елді мекен 1 ауылдық әкімдік пен 11 ауылдық округке біріктірілген:

Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2009)
Баннов ауылдық округі Банновка ауылы 4 2445
Вишнёвый ауылдық округі Вишнёвое ауылы 4 1279
Воронеж ауылдық округі Придорожное ауылы 3 1718
Камышин ауылдық округі Таза Шаңдақ ауылы 5 2028
Костряков ауылдық округі Костряковка ауылы 4 1704
Қоржынкөл ауылдық округі Лесное ауылы 4 1401
Қосарал ауылдық округі Кеңарал ауылы 2 1140
Ленин ауылдық округі Ленин ауылы 3 1448
Новошумный ауылдық әкімдігі Новошумное ауылы 1 1086
Первомай ауылдық округі Первомайское ауылы 2 1133
Пешков ауылдық округі Пешковка ауылы 5 3687
Фёдоров ауылдық округі Фёдоровка ауылы 7 8798

Аудан бойынша тұрғындар тығыздығы — шамамен 1 шаршы метрге 3,74 адам. Экономикалық белсенді тұрғындар — 16,8 мың адам, олардың ішінде: жұмыспен қамтылған тұрғындар — 15,93 мың адам, оның ішінде, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар — 8,6 мың адам. Жұмыссыздар саны — 970, олардың ішінде ресми тіркеуден өткен — 128 адам. Жұмыссыздықтың ресми деңгейі — экономикалық белсенді тұрғындар санынан 0,8%. Жалпы жұмыссыздық деңгейі — 5,7%. Зейнеткерлер саны — 3941. ҰОС қатысушылары — 42, оның ішінде 8 — ҰОС мүгедектер. Мүгедекетер — 977, олардың ішінде балалар — 80.

Ауылшаруашылық алқаптар алаңы — 656,3 мың га. Оның ішінде:

  • егістік — 416,1 мың га,
  • жайылым — 227,5 мың га.

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер: Саяси партиялар: «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының аудандық филиалы — 1763 адам, бастапқы ұйымдар — 23. «Ауыл» партия облыстық өкілеттігінің аудандық филиалы — 628 адам. Ұлттық-мәдени орталықтар — 5: қазақ — 2, славян — 2, татар-башқұрт — 1. Қоғамдық бірлестіктер — 23. Аудандық ардагерлер кеңесі — 1. «Жүргізушілер одағы» ҚБ — 1. «Аңшылар мен балық аулаушылар одағы» ҚБ — 1. Аудандық кәсіптік одақтар — 3. Қоғамдық қорлар — 15. «Фёдоров ауданының жастар орталығы» ҚБ — 1. «Мұрагер» облыстық балалар ұйымының аудандық филиалы — 1.

Әлеуметтік сала

Әлеуметтік саладағы барлығы мекемелер — 135. Білім беру мекемелер — 45 (4526 оқушы). Жалпы білім беретін мектептер — 39 (3552): орта мектептер — 17 (3131 оқушы), негізгі мектептер — 5 (246 оқушы), бастауыш мектептер — 17 (175 оқушы), мектепалды даярлау сыныптар — 41 (341 тәрбиеші), шағын орталықтар — 35 (615 тәрбиеші), мектепке дейінгі мекемелер — 2 (165 орын). Мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамтылу — 91,4%. Ауданда жұмыс істейтін барлығы педагогтар саны — 495 адам. Жоғары білімді — 354 (71,5%). Орта кәсіптік білімді — 141 (28,5%). Жоғары санатты — 43 (8,6%). 1 санатты — 127 (25,7%). 2 санатты — 177 (35,8%). Санатсыз — 148 (29,9%). ҰБТ — 78,53. Сапа — 27,88%. Мектептердің 100% телефондандырылған. Мектептердің 100% Интернетке қосыла алады. 1 компьютерге келетін оқушылар саны — 7,8. Тамақтандыру — 100%. Ыстық тамақ — 93%. Буфеттік тамақ — 7%. Логопунктер — 3. Түзеу сыныптар — 11 (85 оқушы). Жазғы демалыспен сауықтырылған — балалардың 73% (4054,0 мың теңге). «Жан-Ана» акциясы — 320 бала (2769,0 мың теңге). «Мектепке жол» — 257 оқушы (1309,5 мың теңге). Ағымдағы жөндеуге 53371,2 теңге, оның ішінде бюджеттік қаражаттардан 85243,8 мың теңге және тартылған қаржаттардан 63720,0 мың теңге бөлінді. Материалдық техникалық жабдықтандыру — 44707,5 мың теңге. Педагогтардың орташа айлық жалақы — 45,2 мың теңге. Өнер мектебі — 1: оқушылар саны — 260, оқытушылар саны — 1. БЖСП — 1: оқушылар саны — 574, оқытушылар саны — 18. Қосымша біліммен қамтылу — 23,1%. №14 кәсіптік лицей — 1: оқушылар саны — 140, оқытушылар саны — 22. Балалар үйі — 1: тұратын тәрбиешілер саны — 37. Жыл ішінде ұстауға бөлінетін қаражаттар көлемі — 28259 мың теңге (облыстық бюджет), оның ішінде ағымдағы жөндеу мен ауласын абаттандыруға — 1093 мың теңге. Қызметкерлер саны — 24. Денсаулық сақтау мекемелер — 47: аудандық орталық ауруханасы (120 төсек-орын) — 1, емхана (ауысымда 250 келіп-кетулер үшін) — 1, аудандық орталық ауруханасы жанындағы дәріхана — 1, ауданаралық туберкулезге қарсы аурханасы (30 төсек-орын) — 1, дәрігерлік амбулаториялар — 12, медициналық пунктер — 31, жеке меншікті гинекологиялық кабинеті — 1, дәріханалық пунктер — 22, адандық емхана мен дәрігерлік амбулаториялар жанындағы күндізгі стационарлар — 9, ауданаралық орталықтар — 2, оның ішінде: ауданаралық жоспарлы және жедел хирургиясы орталығы (жылына 1200 операция) — 1, ауданаралық перинатальдық орталығы — 1; жұмыс істейтін барлығы медицина қызметкерлері — 389 адам, олардың ішінде: Дәрігерлер саны — 40. Орта медициналық қызметкерлер саны — 182. Медицина қызметкерлерінің орташа жалақының мөлшері:

  • дәрігерлер — 95128 теңге,
  • орта медқызметкерлер — 46130 теңге.

2009 жылға арналған қаржыландыру жоспары — 310 млн. теңге. 2009 жылы меджабдықтарға қаржы бөлінген жоқ. Амбулаториялық ауруларды тегін және жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге бөлінген трансферттердің 16 млн теңгеден 8,5 млн теңге пайдаланылды Мәдениет мекемелері — 41. Клубтық мекемелер — 20, олардың ішінде: аудандық Мәдениет үйі — 1, селолық клубтар — 19, олардың ішінде: ведомстволық клубтар — 4, кітапханалар — 21, олардың ішінде: орталық — 1, балалар кітапханасы — 1, селолық — 19. Клубтық мекемелерде жұмыс істейтін қызмтекерлер саны — 71 адам. Оның ішінде мамандар саны — 29 адам. Жұмыс істейтін барлығы кітапхана қызметкерлері — 29 адам. Спорт мекемелері — 2, оның ішінде: Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі — 1, оның: оқушылар саны — 574 қызметкерлер саны — 41, жаттықтырушылар саны — 16, спорт түрлері бойынша — 7. Спорт объектілері — 131: спорт кешендері — 2, «Атлет» стадионы — 1, жабық хоккей алаңдары — 2, ашық хоккей алаңдары — 2. жалпақ құрылыстар — 82, спорт залдар — 32, ішінде салынған спорт залдар — 4, атыс тирлер — 6. Спортпен шұғылданатындар саны — 3597 адам. Спорт мекемелерінде жұмыс істейтін қызметкерлер саны — 46 адам . Мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдер саны — 30 адам. Әлеуметтік қорғау мекемелер — 2. Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі үй-интернаты — 1. Тұратындар саны — 46 адам; жыл ішінде ұстауға бөлінетін қаражаттар көлемі — 74,913 млн теңге (облыстық бюджет). Жұмыс істейтін қызметкерлер саны — 37. Пешков психоневрологиялық үй-интернаты — 1. Тұратындар саны — 179 адам, жыл ішінде ұстауға бөлінетін қаражаттар көлемі — 127,676 млн теңге (облыстық бюджет), оның ішінде аымдағы жөндеуге – 15,0 млн теңге. Жұмыс істейтін қызметкерлер саны — 93. Адандағы әлеуметтік қызметкерлер саны — 35. 132 адамға, олардың ішінде 30 мүгедек балаға қызмет көрсетіледі.

Ауыл шаруашылығы

ЖШС — 26. Шаруа қожалықтар — 877. «Капитал» ауыл несие серіктестігі жұмыс істейді — 1. Өңдеуде болған барлығы жер алаңы — 484 мың га. Оның ішінде: шаруа қожалығының өңдеудегі — 205 мың га. ЖШС өңдеудегі — 252,8 мың га. 2009 жылғы сүрі жерлер алаңы — 88,7 мың га. 2009 жылы аудан бойынша жазғы егістер алаңы — 368,7 мың га. Олардың ішінде: ЖШС — 202,2 мың га, ШҚ — 166,5 мың га. 2009 жылғы 1 шілде жағдайына мал мен құс саны (басы):

  • ірі қара мал — 32441, оның ішінде сиыр басы — 16930,
  • шошқа — 12873,
  • қой, ешкі — 9321,
  • жылқы — 1698,
  • құс — 88291.

Мал шаруашылығының жалпы өнімі:

  • ет — 1254,9 тонна,
  • сүт — 2246,4 тонна,
  • жұмыртқа — 715 мың дана.

ЖШС бойынша жалақы орташа алғанда 38530 мың теңге құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 17%-ға артық.

Өнеркәсіп

Өнекәсіп 10 кәсіпорынмен, оның ішінде 2 ірі кәсіпорынмен ұсынылған:

  • «Пешков НӨК» ЖШС,
  • «Шын» ЖШС.

Қолданыстағы бағаларда 840,6 млн теңге сомасында өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Физикалық көлемінің индексі 91,9% құрады.

Инженерлік инфрақұрылым

  • «Теплоцентр» МКК

Барлық қазандық саны — Қазандық шаруашылықты ағымдағы жөндеуден өткізуге бөлінетін қаржы — 15 млн теңге. Жылу трассасын жөндеу (жылыту) — 1 млн теңге.

  • «Фёдоров су құбырлар басқармасы» МКК

Су құбырының жалпы ұзындығы — 53,7 км. Оның ішінде: магистральдық желілер — 19,2 км, тарату желілер — 34,5 км. Фёдоров ауылындағы су құбырының тарату желіліерін қайта жаңарту: 2008 жылында 102 млн 461 мың теңге сомасына желілердің 10 км жөндеуден өткізілді. 2009 жылғы 1 шілде жағдайына Федоров ауылындағы су құбырының тарату желіліерін қайта жаңартудың (2-кезек) ЖСҚ әзірлеу жөніндегі 18 млн теңгені құратын көлемінің 9,0 млн теңге сомасына іс-шаралар өткізілді. «ФСҚБ» МКК үшін облыстық бюджеттен 16,6 млн теңге қаражат бөлінді, экскаваторды сатып алу жөнінде 15,77 млн теңгені құратын конкурсы өткізілді. Экскаватор сатып алынды.

Шағын бизнес

Ауданда қызмет атқарады: Шағын кәсіпкерлік сбъектілер саны — 1267, оларда 2705 адам жұмыс істейді, оның ішінде шағын кәсіпорындар саны 44, оларда 315 адам жұмыс істейді. Кәсіпкерлік белсенділігі 1 мың тұрғындарға 43 субъектісін құрады. Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу цехтер бар. Оның ішінде:

  • жартылай дайындалған ет өнімдерді шығару цехі — 5,
  • шұжық цехі — 2,
  • өсімдік май шығару цехі — 2,
  • диірмен — 2,
  • наубайхана — 12 (шағын наубайханасын ашылу жоспарланып жатыр), оның ішінде шағын наубайханалар — 8,
  • кондитерлік цехі — 1,
  • сүт қабылдау пунктері — 7,
  • ІҚМ терін қабылдау пунктер — 2.

2009 жылғы 1 шілде жағдайына инвестициялар көлемі 321,9 млн теңгені құрады, бұл 2008 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 27,8%-ды құрады (754,4 млн теңгеге төмендеу).

Дереккөздер