Мазмұнға өту

Эклектизм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
04:07, 2016 ж. желтоқсанның 23 кезіндегі Chaoborus (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (+ 4305 Istanbul - Topkapi - Quarta corte - Mecidiye Köşkü - Foto G. Dall'Orto 27-5-2006.jpg)
Istanbul - Topkapi - Mecidiye Köşkü

Эклектизмархитектура мен бейнелеу өнеріне алуан үлгідегі көркем өнер элементтерін тұтастай талғамсыз қолдану. Эклектизм өнеріндегі басты бағыт тоқырап, немесе құлдыраған кезде белең алады. Мысалы, Ежелгі Римнің бертіндегі өнерінде Грекия, Мысыр, Алдыңғы Азия өнері үлгілері эклектикалық жолмен пайдаланылды. 16 ғасырда Болонья мектебі академизмі алуан бағыттағы шеберлер тәжірибесін бір канонға түсіру керек дегенді уағыздады. Әр түрлі тарихи стильдерге талғамсыз еліктеу, әр алуан үлгідегі өнер ырғақтарын орынсыз қосақтау 19 ғасырдың 2-жартысындағы сәулет өнері (“жалған ренессанс”, “жалған готика”, т.б.) мен салондық өнерден елеулі орын алды.[1][2]

Дереккөздер

  1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8