Мазмұнға өту

Тулун әулеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
15:12, 2016 ж. қаңтардың 21 кезіндегі Batyrbek.kz (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (clean up, replaced: энцклопедия → энциклопедия using AWB)

Тулун әулетіМысырды 868 – 905 жылы билеген түркі текті әулеттің негізін қалаушы Бағдад халифатын билеген Аббас әулетінің Египетке жіберген өкілі – Ахмед ибн Тулун болды. Ол 868 – 84 жылы Мысырды билеп, елді Бағдад халифатынан бөліп алды. Тулун әулеті тұсында Мысыр тәуелсіз мемлекетке айналып, өзіне Сирияны бағындырды. Тулун әулетінен шыққан билеушілер салықты жеңілдету арқылы Мысыр халқының қолдауына ие болды әрі ел экономикасының көтерілуіне ықпал етті. Астанасы қазіргі Каир қаласына таяу жерде орналасқан Катай қаласы болды. Дегенмен, 903 жылы Арабия түбегінен келген карматтардан күйрей жеңілген Тулун әулеті 905 жылы Аббас әулетіне қайтадан бағынуға мәжбүр болды.[1]

Ибн Тулун мешітінің күмбезі сол Тулун дәуірінің ең үлкен ескерткіші.

Сілтеме

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том