Талас кекегі: Нұсқалар арасындағы айырмашылық
Өңдеу түйіні жоқ |
ш Kmoksy Талас кекіресі бетін Талас кекегі бетіне жылжытты |
(Айырмашылық жоқ)
|
11:05, 2016 ж. ақпанның 23 кезіндегі соңғы нұсқа
Талас кекегі | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||
Oxytropis talassica Gontsch. |
Талас кекіресі (лат. Oxytropis talassica) – бұршақ тұқымдасы, кекіре туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
Қазақстанда таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Талас Алатауында (Ақсу, Қайыңды өзендерінің арнасында) кездеседі. Қорымтасты беткейлерде, шөптер мен бұталардың арасында өседі. Ақсу-Жабағлы қорығында қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Ботаникалық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Күрделі жапырақтары түкті , тақ қауырсынды, өркенге кезектесе орналасады. Жеке гүлінің ұзындығы 8 мм-дей, бір-бірімен кіріккен 5 тостағанша, 5 күлте жапырақшасы бар. Күлгін түсті күлте жапырақшасының ең жоғарғысы жалпақ желкен тәрізді, оның жанындағы жеке тұрған екеуі ескекше, аталығының саны 10, оның тоғызы бір-бірімен тұтасып, жіпшесінен біріккен, бір аталығы жеке орналасады. Аналығы біреу. Тұқымнан көбейеді. Маусым/шілде айларында гүлдеп, шілде/тамызда жеміс салады. Жемісі – бұршаққап.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Б.Ө. Жақып "Қазақстан табиғаты"