Мазмұнға өту

Ұлт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Ұлттар бетінен бағытталды)

Ұлт (ағылш. Nation) — тіл, тарих, қандастық, мәдениет, мінез секілді ортақтықтар негізінде қалыптасқан адамдар қауымдастығы. Ол ұжымдық идентитиге ие адамдар тобы болып, аталған белгілерді ортақ ерекшелік етеді. Кей ұлттар этникалық топтармен (мысалы, немістер, қазақтар) тең мағынада болса (қараңыз: этникалық ұлтшылдық); ал кейі әлеуметтік және саяси конституцияға тән болуымен (мысалы, американдар) ерекшеленеді (қараңыз: Азаматтық ұлтшылдық және мультикультурализм).[1] Ұлт, әдетте, этникалық топтарға қарағанда саяси істерге әшкере араласады, әсіресе ол ұлттық мемлекеттің құрылуын басты белгі етіп қалыптасады.[2][3] Сондай-ақ ұлт өз автономиясы, бірлігі және ерекше мүддесі бар саяси-мәдени қауымдастық ретінде де анықталады.[4]

Ғылыми консенсус бойынша, ұлт мәлім тарихи алғышартқа негізделіп, қоғам ретінде құрылады.[5] Тарихтар бойы адамдар өз туыс-қандастарына, салт-дәстүрлеріне, жергілікті билігіне және туғанжер-атамекеніне табиғи сүйіспеншілікте болады, бірақ ұлтшылдық (национализм) - мемлекет пен ұлт сәйкесіп, ұлттық мемлекет ретінде бірігуі керек деген сенім - 18-ші ғасырдың соңына дейін онша танымал идеология емес болатын.[6]

Ұлттың дамуы туалы үш маңызды перспектива бар.

  • Біріншісі, примордиализм (перенниализм деп те аталады) - әрқашан ұлт болған, ұлтшылдық табиғи болуға тиіс құбылыс, әркім мәлім бір ұлттың мүшесі ретінде өмірге келеді деп есептейтін ілім, бұл ілімді ұлтшылдықтың танымал концепциялары жақтайды, бірақ академиктер үшін бұл идея көбіне ұнамсыз мағынаға ие.[7]
  • Этносимволизм бойынша, ұлтшылдық динамикалы, дамитын феномен ретінде түсіндіреді, әрі ұлт және ұлтшылдық дамуындағы рәміздердің (символ), мифтер мен дәстүрлердің маңыздылығына сәуле түсіреді.
  • Модернизация теориясы, ол конструктивисті әдісті қоланып, ұлтшылдық ұлттық сананы мүмкін еткен өнеркәсіптендіру, урбанизация және жаппай білім беру секілді модернизация процестеріне сай пайда болған деп есептейді. Бұл түсіндірме ұлтшылдықтың доминантты түсіндірмесі ретінде[8], примордиализмнің орнын басқан түсіндіру болды.[5][9]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Eller, 1997
  2. nation // Black's Law Dictionary — 10th.. — P. 1183. — ISBN 978-0-314-61300-4.
  3. James Paul Nation Formation: Towards a Theory of Abstract Community — London: Sage Publications, 1996.
  4. Anthony D. Smith The Ethnic Origins of Nations — Wiley. — P. 17. — ISBN 978-0-631-16169-1.
  5. a b Mylonas, Harris; Tudor, Maya (2021). "Nationalism: What We Know and What We Still Need to Know". Annual Review of Political Science 24 (1): 109–132. doi:10.1146/annurev-polisci-041719-101841. ISSN 1094-2939. 
  6. Nationalism — Encyclopedia Britannica.
  7. Coakley, J (2017). ""Primordialism" in nationalism studies: theory or ideology?". Nations and Nationalism 24 (2): 327–347. doi:10.1111/nana.12349. https://pureadmin.qub.ac.uk/ws/portalfiles/portal/136558806/coakley_primordialism_nn_2017_upload.pdf. 
  8. Woods, Eric Taylor; Schertzer, Robert; Kaufmann, Eric (April 2011). "Ethno-national conflict and its management". Commonwealth & Comparative Politics 49 (2): 154. doi:10.1080/14662043.2011.564469. 
  9. Nationalism — 2nd. — Cambridge: polity, 2007. — ISBN 978-0-7456-5128-6.