Мазмұнға өту

Мырзабек Байжанұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Қызыл жырау бетінен бағытталды)

Мырзабек Байжанұлы (1870–1945) — қазіргі Отырар ауданында дүниеге келген ақын, жырау. Ташкент, Шымкент, Бұхара, Ақтөбе, Қызылорда қалаларында болып, Мәделі, Молда Мұса, Майлықожа, Нұралы, Нартай, т.б. ақын, жыраулармен кездескен, біразымен өнер жарысына түскен. Шығыстың аңыз-хикаяларын жатқа білген. Ауылдағы бай-манаптардың әділетсіздігін бетіне басып, уытты жырымен әжуалаған («Батан байға», «Әкімгереймен айтыс», т.б.). Қызыл жыраудың «Насихат жыр», «Әмзе қисса», «Аудан басшыларына хат», «Құмырсқа мен шегіртке», «Ешкі сауда», т.б. шығармалары ҚР ҰҒА Орталық ғылыми кітапханасы мен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақтаулы.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том
  2. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы